Оқи отырыңыз
Жетісу жұрты үшін биыл жемісті жыл болды. Әсіресе егіншілікпен айналысқан ағайынның көңілі тоқ. Ерте көктемде, жаздың алғашқы айларында жауын-шашын мол болды. Өнім жайқалып шығып, қамбалар астыққа, базарлар көкөніске толып, шаруалардың нәсібі еселенді. Дәл осындай кәсібін дөңгелеткен шаруашылықтың бірі – Сарқан ауданындағы Черкаск ауылдық округіне қарасты «Өндірхан» шаруа қожалығы.
18 Қыркүйек, 2022
Медициналық сақтандыру тәртібі қандай?
Биылғы қыркүйек айынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтитындар үшін медициналық сақтандырудың тәртібі өзгергенінен ел құлағдар. Ендігі жерде МӘМС-ке өздігінше ақша салып отырғандар төлемдерін алдағы бір жылға сақтандыра алатыны да айтылды. Яғни заңға енген өзгерістерге сәйкес бұдан былай сақтандыру жүйесіне қосылу үшін алдағы 12 айға жарна төлеуге болады.
18 Қыркүйек, 2022
Қарағайдың қарсы бұтағындай қаламгер Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығы Қызылжар өңірінде тойланды
Жазушы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойы туған жерінде шат-шадыман той болып аталып өтті. Күздің ашық күніндегі дүбірлі той облыс орталығында пердесін түрді. Оның ресми бөлігі қаладағы ең үлкен сахна – «Оқушылар сарайында» Астана мен Алматыдан жеткен құрметті делегацияны бастап келген Мемлекет басшысының кеңесшісі Бауыржан Омаровтың Президент Қ.Тоқаевтың арнайы құттықтауын оқып беруімен басталды.
18 Қыркүйек, 2022
Үшінші мегаполистің өндіріс ауқымы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азамат, мемлекет және бизнестің арасында қарым-қатынас өзгеретінін айтты. Осыған орай Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша ауқымды жұмыс қолға алынбақ. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков айтып берді.
18 Қыркүйек, 2022
Қазақ халқының дарабоз перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы Меркі жерінде сән-салтанатымен аталып өтті. Елдік деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі, қаламгер Мәлік Отарбаев арнайы қатысып, Президенттің құттықтауын жеткізді.
18 Қыркүйек, 2022
Әуелгі әңгімені ақсақалдар айтқан, әлі айтып та келеді. Жетісу өзі киелі жер екені әмбеге аян, ендеше бұл мекеннің әулиелерден кенде болмауы заңдылық. Кешегі елге еге болған Балпық, Ескелді билердің замандасы сөзі уәлі Қоғыл әулиені бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Ұрпақ ұмытқаннан ауыр жаза жоқ шығар. Әйтпесе бабатаным «өлі риза болмай, тірі байымайды» деп даналыққа жықпап па еді. Бірақ Талдықорған қаласының іргесіндегі жатқан баба кесенесін көргенде біздің ұйысқан ұлт тамырынан ажырап кеткендей күйге түскеніміз несі!?
18 Қыркүйек, 2022
Жүзден астам ауылда сапалы интернет жоқ
Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау ақпараты нәтижелері бойынша 642 елді мекендегі 1 753 012 тұрғын сапалы интернетпен қамтылған, бұл – жалпы облыc халқының 73,7 пайызы. Сондай-ақ өңірдегі 441 129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен, 123 ауылдық елді мекенде 63 мыңға жуық оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген.
18 Қыркүйек, 2022
Abai IT-Valley технопаркі білікті IT-мамандармен толығады
Абай облысында адами капиталдың әлеуеті зор. Мәселен, өңірде IT-технологияны жетік меңгерген, бірақ бойындағы қабілетті толық аша алмай жүрген дарынды азамат көп. Өкініштісі, осы күнге дейін олардың басын біріктіретін орталық өңірде болмаған. Міне, осы олқылықтың орнын биыл Семейден ашылған Abai IT-Valley технопаркі толтырады деген сенім мол.
18 Қыркүйек, 2022
Белградта да бас жүлде бұйырмады
Сербияның астанасы – Белградта әйелдер күресінен аяқталған әлем чемпионатында төрт мемлекеттің өкілдеріне ғана бас жүлде бұйырды. Осы орайда Жапония құрамасының қарқыны өте күшті болғанын айта кетейік. Күншығыс елінің өкілдері 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжалады. Жалпы, олардың осы жарысқа келген тоғыз спортшысының барлығы да жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни жапондар 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
18 Қыркүйек, 2022
Құлпынай өсіруді қолға алған Нұржігіт Рақымжановтың мамандығы – мұнайшы. Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз» кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейді.
18 Қыркүйек, 2022
Намысқа тырысқан жас балуандардың ерлігін көргенде әлемдік додаларда жауырыны жер иіскеп қайтқан жігіттердің алдын орар батырлардың келе жатқанын аңдайсыз. Олар әлі бала, бірақ осы қарқынынан қайтпаса 23 жыл қоржынға түспеген алтынды қанжығаға салары анық. Бұл ойға спорт ардагері Сәдуақас Қожасбаевты еске алуға арналған дәстүрлі спартакиадада келдік.
18 Қыркүйек, 2022
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет мамандары 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қыркүйек, 2022
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2022
Кәсіпқой бокс әлемінде трилогия түгілі, төрт мәрте шаршы алаңда өзара кім мықтыны анықтаған былғары қолғап шеберлері бар. Мәселен, сегіз салмақта топ жарған филиппиндік Мэнни Пакьяо мен Хуан Мануэль Маркес арасындағы төрт шайқастың екеуінде Мэнни басым түссе, бір кездесуде Маркестің мерейі үстем болған. Ал тағы бір жекпе-жекте тең нәтиже тіркелген еді...
17 Қыркүйек, 2022
Министрлік вакцина салдырған азаматтардың санын атады
Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясынан сақтау мақсатында жаппай вакцинациялау жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2022
Италияның шығыс бөлігінде су тасқыны болды
Италияның шығысында болған қатты нөсер су тасқынына ұласты. Бір-екі сағат ішінде шамамен 400 миллиметр жауын-шашын түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2022
Тағы 396 қазақстандық індеттен жазылып шықты
Өткен тәулікте 396 қазақстандық коронавирус инфекциясынан сауығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2022
Қазақстан әлем чемпионатының тағы бір медалін иеленді
Қазақстандық спортшылардың қоржынын еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков толықтырды. Ол осы күндері Белград кілемінде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін күресті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2022
Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға келісті
Қырғызстан мен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттерінің басшылары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2022
Ертең елордада ФИДЕ әйелдер Гран-приінің бірінші кезеңі басталады
ФИДЕ 2022-2023 турниріне әлемнің ең мықты 12 шахматшысы қатысады. Еліміздің намысын Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2022