Оқи отырыңыз
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыға сапары барысында БАҚ өкілдерімен кездесіп, медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдері туралы пікір алмасты. Жиынға телеарналар, баспа басылымдары және интернет ресурстардың өкілдері қатысты.
11 Қыркүйек, 2022
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшелері Шарбақты ауданында болып, жергілікті жұртшылықпен кездесті. Мұнда ұйымның Павлодар облысындағы филиалы саяси кеңесінің көшпелі отырысы ұйымдастырылып, жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған ауылдық аймақтарды дамытуға қатысты тапсырмалары талқыланды.
11 Қыркүйек, 2022
ТЖМ жедел штабы 10 қыркүйекте Әулиекөл ауданындағы орман өртін сөндіру жұмыстарының түбегейлі аяқталғанын мәлімдеді. Жедел штаб қыркүйектің жетінші күні өрттің оқшауланғанын жариялаған болатын. Өрт шарпыған аумақта 73 адамы, 21 техникасы бар Басаман мен Семиозер орман шаруашылықтарының күш-құралы ғана қалды. Жедел штаб өз жұмысын аяқтады. Енді мидай далада мүлгіген орманның жартысына жуығын жойып, артында жүзден аса үйдің үйіндісін ғана қалдырған алапат өрттен келген орасан шығынды есептеп, зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жүріп жатыр.
11 Қыркүйек, 2022
Біраз жыл бұрын өңірде «Жол жылы» жарияланған кезде көне шаһар Тараздың жолдары біраз жаңаланып қалған еді. Одан бөлек шалғай аудандардағы елді мекен жолдары да айтарлықтай реттелген болатын. Енді, міне, Жамбыл өңірінде түрлі дәрежедегі жолдарды жөндеу жұмыстары жаңа қарқынмен қолға алынбақ. Өйткені өңір басшысы Нұржан Нұржігітовтің өзі саладағы жұмыстарды ширатуды шегелеп тапсырып отыр.
11 Қыркүйек, 2022
Еңбек нарығы: Теңгерімсіздік жастарды титықтатпасын
Павлодар өңірінің еңбек нарығын теңгерімсіздік жайлап тұр. Оқуын жаңадан тәмамдағандардың көбі өз мамандығына сай жұмыс орнын таппай қиналса, ал кейбір кәсіпорындар керісінше кадр тапшылығына ұшырап отыр. Облыста техникалық жұмысшы күші жетіспейді.
11 Қыркүйек, 2022
Шымкент еліміздің туристік орталығына айналады
Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы негізінен төрт бағытта жұмыс істейді. Оның біріншісі – туризмді дамыту. Екінші – маркетингті ілгерілетуі. Үшінші бағыт – сыртқы байланыстар. Және ең соңғысы – креативті индустрия. Бұл қызмет аталған басқармаға жуырда ғана қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қосылды. Бүгінгі таңда Шымкент қалалық мәслихаты басқарма атауын өзгерту бойынша шешім шығарып қойды. Тіркеу жұмыстары аяқталған соң басқарма атауы өзгереді. Енді туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы болып аталады.
11 Қыркүйек, 2022
14-18 қыркүйек аралығында Болгарияның бас шаһары – Софияда көркем гимнастикадан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Әдеттегідей тоғыз жүлде жиынтығы сарапқа салынатын жарыста Қазақ елі намысын сегіз спортшы қорғайды. Олар – Елжана Тәниева, Айболат Ертайқызы, Рената Жолдинова, Сағина Мұратқызы, Әсел Шүкірбай, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова және Роза Әбитова.
11 Қыркүйек, 2022
The Richest сайтында әлемнің ең бақуатты кәсіпқой боксшыларының тізімі жарияланды. Үздік ондықтың тізіміне Қазақстанның ең атақты спортшысы Геннадий Головкин енбей қалған екен.
11 Қыркүйек, 2022
Өскемендегі Өнер музейінде қос бірдей сурет көрмесі өтіп жатыр. Бірі белгілі суретші Құдаш Нұрсадықовтың 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылса, екіншісі «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің «Алтай ажары» атты көрмесі.
11 Қыркүйек, 2022
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде археология оқу-әдістеме зертханасы ашылды. Оқу ордасының ректоры Саламат Идрисовтің айтуынша, жаңа зертхана «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасының базасында жұмыс істейді.
11 Қыркүйек, 2022
«Egemen Qazaqstan» ұжымы белгілі журналист Владимир Курятовқа көңіл айтады
Бас басылым қызметкерлері «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Владимир Курятовқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгілі журналист Владимир Курятовқа көңіл айтты
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Владимир Курятовқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның орталығында үсік жүреді
Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2022
Алматы облысында қару-жарақ жасырылған қойма анықталды
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қару-жарақ жасырылған қойманы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2022
«Отандастар қоры» шетелдегі қазақ балаларына ана тілін үйретеді
Биылғы 8 қыркүйектен бастап «Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын қандас балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында «Достар алаңы» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2022
Бокстан әйелдер арасында Польшаның Гливице қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші күні бес былғары қолғап шеберіміз жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантты.
09 Қыркүйек, 2022
Қадау-қадау заманалар көшінде ұлттың жанын, елдің руханиятын күзеткен зиялы, бағаналы ордалар – басылымдар болатын. Қай газет-журнал болсын ел тағдырына құраласып, іргесіне атпал азаматтарды топтастырды. Сол салқар көштің легінен табылған, тарихы шұңғыма терең, шежірелі басылымдардың бірі – «Аq jol» газетіне биыл 100 жыл толып отыр.
09 Қыркүйек, 2022
Жыл басынан бері өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзған 134 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 99 мыңы өрескел құқық бұзушылық санатында. Адам өліміне әкеліп соқтыратын қауіп-қатердің көбеюі де осындай жауапсыздықтан туындауы әбден мүмкін ғой.
09 Қыркүйек, 2022
Атырауда отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылы бар. Қазір мұндағы алты отбасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 53 бала тәрбиеленеді. Олардың жасы – 3 бен 18-дің аралығында.
09 Қыркүйек, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы Жолдауында ең басты назар аударатын нәрсе – «Әділетті Қазақстан» құрудың концепциясын атап, оған апаратын нақты қадамдардың көрсетілуі. Жолдауды әзірлеу барысында қоғам белсенділері мен білікті сарапшылардың пікірі ескерілгені көрініп тұр. Қоғам тарапынан айтылған сынды және өзекті мәселелерді де тізбектеп, олардың шешу жолдарын атап көрсетті.
09 Қыркүйек, 2022