Оқи отырыңыз
Аудандағы кейбір тұрғын үйлер «Сарыарқа» магистралды газ құбырына қосылды. Шынтуайтында, қысы қатты өңір үшін жағымды жаңалық. Қазір бұл жұмыс кезең-кезеңімен атқарылуда.
08 Қыркүйек, 2022
Теріскей жұрты да аянып қалған жоқ
«Төскейде малы, төсекте басы қосылып жатқан» құдайы көршілерімізге келген нәубатқа қарсы тұруда қызылжарлықтар аянып қалған жоқ. Amanat партиясы, қалалық, аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен 14 гуманитарлық пункт ұйымдастырылды. Оларда барлығы 40 тоннадан артық гуманитарлық көмек жиналып, Әулиекөл ауданына аттандырылды.
08 Қыркүйек, 2022
Қазақтың қанындағы ұмытылмайтын қасиеттің бірі – қайырымдылық. Мұнайлы Атыраудың тұрғындары да Қостанай өңіріндегі дала өртінен зардап шеккендерді қолдауға үн қосып отыр.
08 Қыркүйек, 2022
Қазақтың береке-бірлігі осындайда көрініс табады. Күні кеше Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға Шығыс Қазақстан халқы 35 тонна гуманитарлық көмек жинады.
08 Қыркүйек, 2022
Қостанайлықтарға қолұшын созды
Қостанайлықтардың басына түскен қайғы бұлтын сейілтпекке бүкіл ел болып жұмыла кірісті. Игі іске Алматы облысының тұрғындары да барынша үлес қосты.
08 Қыркүйек, 2022
Қостанайдағы табиғи апаттан зардап шеккен жұртқа павлодарлықтар да елдің алды болып жәрдемдесуде. Жерлестеріміз гуманитарлық көмек жіберуді соңғы екі күнде барынша еселеді. Жергілікті халықтан жиналған азық-түлік пен түрлі керек-жарақтарды, құрылыс материалдарын еріктілер мен азаматтар екі жүк машинасына тиеп жөнелтті.
08 Қыркүйек, 2022
Сындарлы өзгерістер ынталандырады
Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылауға байланысты «Әділетті Қазақстанның» тұжырымдамасы аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
08 Қыркүйек, 2022
Контейнерлік кеме алғашқы сапарына жол тартты
Ақтау теңіз сауда портынан қазақстандық контейнерлік жүк тасымалдайтын екінші кеме «Сұңқар» алғаш рет жолға шықты. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі «Сұңқар» кемесі осы уақытқа дейін компанияның мамандандырылған флот қатарында болды.
07 Қыркүйек, 2022
Астықты өңірде күзгі орақ науқаны ұйымшылдықпен өткізілуде. Егістік алқаптардағы дәннің 49,4 пайызы жиналып алынды. Гектар берекесі 10,5 центнерден айналуда.
07 Қыркүйек, 2022
Заманауи қондырғы клиникалық аурухана мүмкіндігін арттыра түсті
Шымкент қаласында медицина әлеуеті жылдан-жылға артып келеді. Соның бір айғағы бұрын тек республикалық орталықтарда жасалатын күрделі операциялар енді еліміздің үшінші мегаполисінде де қолға алына бастады. Медицина саласында айтуға тұрарлық соңғы жағымды жаңалықтың бірі – қалалық №1 клиникалық ауруханасында заманауи ангиографиялық операция жасау бөлмесінің ашылуы. Осынау жаңа қондырғы арқылы дәрігерлер сапалы диагностикалық тексерулер жүргізе алады және сонымен бірге күрделі операциялар жасау мүмкіндігі де арта түспек.
07 Қыркүйек, 2022
Павлодар облысындағы қос бірдей ауылдық мектептің оқушылары Мәдениет үйі мен бастауышқа арналған аядай ғана ғимаратта білім алуға мәжбүр болып отыр. Оқу нысандары күрделі жөнделіп жатқанына байланысты жергілікті білім бөлімдері осындай шешім қабылдаған. Сондай-ақ Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Успен, Павлодар және Аққулы аудандарында жалпы саны 17 мектепте жөндеу жұмыстары әлі күнге аяқталмаған. Өңірдің білім беру басқармасы жөндеуді мерзімінде аяқтай алмаған мердігерлер бойынша сотқа 10 талап арыз беріпті. Тағы 12-сі дайындалу үстінде.
07 Қыркүйек, 2022
Балғындарды баптайтын ыстық ұя
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Балалар жылын жариялаған болатын. Заманында Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, «баланы бұзуға да, түзеуге де себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге» екендігі де рас.
07 Қыркүйек, 2022
150 килолық алып Алматыда айқасады
2 қазанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешінде кімдердің өнер көрсететіні бірте-бірте анықталуда. Басты жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы Джаррелл Миллер шаршы алаңға шығады.
07 Қыркүйек, 2022
Ақтаудағы Halyk Arena спорт кешенінде футзалдан Қазақстан суперкубогының иегері анықталды. 1 600 көрермен тамашалаған финалдық сайыста Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аят» клубтары күш сынасты.
07 Қыркүйек, 2022
Күннің аптап ыстығы әлі де басылмай тұрған Түркістан облысында жаз бойы дала өртінің орын алу жоғары қаупі сақталды. Күздің алғашқы күндері де бұл қауіп сейілмей тұр. Жуырда облыста 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұта өртенді. Дала өрті 8 сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
07 Қыркүйек, 2022
Жазиралы Жаңаарқа жерінде тағы бір мешіт бой көтерді. Кентке кіреберісте орын тепкен жаңа мешіт жолаушылар үшін өте ыңғайлы. Сапарда жүрсеңіз, тоқтап, құлшылығыңызды жасап аласыз. Тура жолдың бойында.
07 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда Гиннестің жаңа рекорды тіркелді
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Әлем музыкасы» жобасы аясында «The most nationalities in an orchestra» атты концерттік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда визалардың жаңа түрлері пайда болады
Қазақстанға үздік шетелдік мамандарды тарту мақсатында визалардың жаңа түрлері енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
07 Қыркүйек, 2022
Жанармай құю станциялары бақылауға алынады
Бұл туралы Үкімет басшысы ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қыркүйек, 2022
Желіккен жасөспірімдер жаңа оқу жылы бастала салысымен құқық қорғау қызметкерлерінің назарына ілікті. Полиция қызметкерлері түн қатып қыдырған жасөспірімдерді құрықтады. Ойын-сауық ошақтары мен саябақтарда, тұрғын үйлердің аулаларында түнгі сағат 11-ден кейін еркін ойқастап жүрген ерке балалар жылдағы дәстүр бойынша рейдтік тексерулер жүргізілетінін қаперден шығарып алған секілді.
07 Қыркүйек, 2022