Оқи отырыңыз
Жаз басында «Астана Балет» театры «Жібек жолы» балетінің премьерасын ұсынған еді. Зор қошеметпен өткен қойылымның теленұсқасы осы айда отандық телеарналардан көрсетілмек. Жоба авторлары көрермен қауымды Ұлы Жібек жолымен саяхаттауға шақырады. Мұнда жібек Азия мен Еуропа өркениеттерін байланыстырушы символ ретінде алынып отыр.
17 Тамыз, 2022
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Жаһандық індеттен бөлек, жіті ішек жұқпасы да меңдеп келеді. Жетісу облысының дәрігерлері тұрғындарды сақ болуға шақыруда. Өңір бойынша соңғы 7 айда жіті ішек жұқпасының 352 жағдайы тіркелген, оның ішінде 219-ы 14 жасқа дейінгі балаларда кездесті. Былтырмен салыстырғанда сырқаттанушылар саны 97,5 пайызға жоғарылаған, ал республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен.
17 Тамыз, 2022
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өтті.
17 Тамыз, 2022
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінде Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына орай мемлекет қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.
17 Тамыз, 2022
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Сиверс. Бұл – тіл үйірер жабайы жеміс һәм жер бетіндегі алма біткеннің бабасы. Иә, «бабасы» деп айдар тағуымыз бекер емес, бұл өзі динозавр дәуірінен келе жатқан шырынды зат. 165 млн жыл бұрын пайда болған. Оны 2002 жылы британдық биолог-генетик Бэрри Дженнифер анықтап берді.
17 Тамыз, 2022
Түркістан қаласында бірінші Орталық Азия волонтерлер форумының ашылуы өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау жөніндегі бастамасын қолдауға бағытталған.
17 Тамыз, 2022
Соңғы жылдары Сыр өңірінде құрылыс саласы айтарлықтай дамыды. Тек облыс орталығының өзінде 12 шағын аудан бой көтеріп, кезегін күткендер 270 көпқабатты тұрғын үйден баспана алды. Аудан орталықтарында да осындай үйлер салынып, қоныс тойын тойлағандар көбейе түсті.
17 Тамыз, 2022
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Геосаяси кеңістіктегі ахуалды қаперге алғанда еліміз үшін сыртқы саясат моделін ғылыми тұрғыдан пайымдау қажеттігі туындап отыр. Осы орайда әлем елдерімен, оның қатарында Шығыспен ынтымақтастық әрі өңірлік қауіпсіздікті жетілдіру жүйесі басымдыққа ие. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында «Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселесі» халықаралық жиынында аймақ елдері әріптестігінің келелі тұстары талқыланды.
17 Тамыз, 2022
Ауылдың ағарғаны қалалықтар үшін арман болған заман. Дүкенде сатылатын пастерленген сүтті үйдегі балаларға жылытып беріп, әйтеуір сүт ішкеніне мәз боламыз. Құрамында «өлі сүт» - ұнтақ түріндегі қоспаның барына да бас ауыртпайтын болдық. Қазір нарықта бұл өнімнің түрі көп болғанымен, қойытылған сүт, қорапқа құйылып, жыл бойы сақтала беретін, майлылығы жоғары сүт дегенді біздің еліміз өндіруді меңгере алмай отырғаны да шын. Дей тұрғанмен, өңірде тауарлы сүт фермаларының саны артып келе жатқаны дәтке қуат. Павлодар облысындағы бұл фермалардың шикізаты соңғы жылда 38 мың тоннаға дейін өскен.
16 Тамыз, 2022
Керекулік жұрт дүкеннен «мұсылман шұжығын» сатып алуға қорқып отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары пісірілген шұжық өнімдерінен шошқа етінің генін тауып алған. Дүкен сөрелеріндегі ет консервілерінен алынған сынамалар 6 бірдей өндірушінің фирмалық тауарынан халал стандартына сай емес ДНҚ-ны анықтаған.
16 Тамыз, 2022
Қалаға қосылған ауылдар: Мегаполис 2025 жылы сапалы электр энергиясымен толық қамтамасыз етіледі
Өзбекстанның Шыршық қаласында туып-өскен Серік Тұрғымбаев ағайынға қосылуды мақсат етіп, атамекенге қоныс аударған. Бастапқыда аздап жинаған ақшасына Шымкенттің іргесінен жер учаскесін сатып алып, шағын үй салыпты. Сол жылдары ол маңайда үй салғандардың қатары тіптен аз еді. Ал бүгінде тұрғыны көп шағын ауданға айналған.
16 Тамыз, 2022
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Семейде XXIII республикалық Абай оқулары байқауының жалауы желбіреді. Ұлы шайырдың мұрасын насихаттауға арналған байқауда еліміздің үздік мектеп оқушылары шығармашылық қарым-қабілеттерін танытатын болады.
16 Тамыз, 2022
Көршілермен байланыс артып келеді
Атырау – ел экономикасына құйылған шетелдік инвестиция көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайтын, ірі отандық әрі шетелдік инвесторлар үшін тартымды өңір. Қазір мұнайлы облыс әлемнің 50-ден астам елімен табысты ынтымақтастық орнатты. Мұнда 1 мыңнан астам бірлескен және шетелдік кәсіпорын жұмыс істейді.
16 Тамыз, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 17 тамызға бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2022
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Студенттерге баға қою кезінде оның академиялық білімімен бірге әлеуметтік және зерттеу белсенділігін ескеретін пилоттық жоба қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2022
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2022
Төрткүл дүние мойындаған интеллектуалды ойындардың ең жауһары – шахмат. Әпсаналар бұл ойынды адамзат арасында соғыс болмасын, бар кикілжің осы шаршы тақта үстінде шешілсін деген арзу арманмен даналар шығарды деседі. Қазіргі дүниежүзілік саяси хал-ахуал ушығып тұрған заманда адамдар мәселені қарумен емес, шахмат тақтасы үстінде шеше алса дейсің, шіркін!
16 Тамыз, 2022
Статистикаға сүйенсек, Кереку өңірінде 212 шағын жинақты мектеп бар. Осыдан біраз жыл бұрын облыс басшылығы өңірде болашағы жоқ ауылдар деп танылған шалғай елді мекендердің мектептерін жаппақ болып, ел-жұртты шулатқаны есімізде. Ондаған шағын білім мекемесі әне жабылады, міне жабылады деп жүріп, көптің тілеуімен әупірімдеп сақталып қалды. Онсыз да алақандай ауылдың ұйытқысына, тұрғындардың қотарыла көшіп кетпеуіне сеп болып отырған мектептердің кейбірінде әлі де мәселе жетерлік. Әсіресе модернизация игілігіне іліге алмай отырғаны қынжылтады.
16 Тамыз, 2022
Атырау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу жылында 200 мектепте алғашқы қоңырау соғылады. Білім ордаларындағы сабаққа 138 мыңнан астам оқушы келеді.
16 Тамыз, 2022
Ерінбеген адамға кәсіп көп. Мәселен, атыраулық Анар Бекмамбетова өзгелерге тосын көрінгенімен, үлгі боларлық істі қолға алды. Қазір жеке үйінің ауласында Марокко жалбызы мен калифорниялық жауынқұртты өсіріп отыр.
16 Тамыз, 2022