Оқи отырыңыз
Бағдарламамен бизнес бастағандар
Кәсіп ашуға ниет еткен жандарға қайтарымсыз қаржы беруге арналған бағдарламаның бірі – «Бизнестің жол картасы-2025». Соңғы тоғыз жылда Атырау облысында дәл осы бағдарламамен 162 кәсіпкер өз бизнесін бастаған. Ал Жылыой ауданында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған 35 кәсіпкер кәсібін жолға қойды. Қазір олар жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр.
02 Тамыз, 2022
Тұрақты жұмыспен қамту – басты бағыт
Статистикалық мәлімет бойынша Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін 5 пайызға төмендету жоспары тұр.
02 Тамыз, 2022
Айналасын қоқыс басқан ауылдар көбейді
Жақында Алматы облыстық экология басқармасының мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Қонаев қаласында және Іле мен Талғар аудандарындағы ауылдар маңына зерттеу жүргізген болатын. Алайда оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Өйткені аймақтағы ахуал асқынып, ауылдардың маңы қоқыс алаңына айналып бара жатқаны анықталған.
02 Тамыз, 2022
Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елорданың «Барысы» кейінгі аптада трансфер базарында өте белсенді бола бастады. Андрей Скабелка жетекшілік ететін қазақстандық команда трансфер маусымы ашылғалы бері құрамын шетелдік бес легионермен толықтырып, ҚХЛ-дың өткен маусымында тәуір өнер көрсеткен 10 хоккейшіні командада сақтап қала алды. Ал осы уақыт аралығында «Барыстан» бас-аяғы 12 ойыншы кетіп үлгерді.
02 Тамыз, 2022
Салт-дәстүріміз – саф алтындай құндылығымыз
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының аясында Аналар қауымдастығының Ақтөбе филиалы мен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы бірлесе отырып, кең көлемді этнофестиваль өткізді.
02 Тамыз, 2022
Жаздың аптап ыстығында адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенеден абай болған жөн. Жауапты мамандар нақ осы кезде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
02 Тамыз, 2022
Тексеру қорытындысы: Жергілікті билік неге асығыс мәлімдеме жасады?
Биыл 11 маусым күні Тараз аспанын қою түтін жапқаны белгілі. Оған Тараз қаласында орналасқан «Қазфосфат» ЖШС-ның минералды тыңайтқыштар зауытындағы абсорбердің моногидратты сорғысының істен шығуы себеп болған еді. Сол кезде көкжиекті торлаған түтіннен халық зардап шеге ме деген сауалды мамандарға жолдаған болатынбыз. «Жоқ!» дескен олар. Алайда олай болмай шықты...
02 Тамыз, 2022
Кейбір пойыздардың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді
Кейбір пойыздардың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Әскери бөлімдердің қоймалары жыл соңына дейін автоматтандырылады
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жыл аяғына дейін әскери бөлімдердің қоймалары автоматтандырылған есеп форматына көшетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Елімізде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Қазақстан аумағында науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Бұл туралы Үкімет отырысында коронавирустың таралуына жол бермеу тақырыбын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Алматы облысының прокуроры тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімі бойынша және Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
02 Тамыз, 2022
Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Тылсым табиғаттың таңғажайып сәті көп. Жыл сайын осы мезгілде Атырау облысындағы Қиғаш өзенінің сағасында лотос гүлдейтін аумақ бар. Лотостың гүлдегенін тамашалауға келетіндер саны көбейеді.
02 Тамыз, 2022
Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылының тұрғындары аптап ыстықта ауыз су тапшылығын көріп отыр. Жалпы, мегаполистің іргесінде жатқан елді мекенде ауыз су мәселесі жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналған. Ал атқарушы билік әлі күнге дейін құрғақ уәдемен шектеліп отырған көрінеді.
02 Тамыз, 2022
Осыдан шамалы уақыт бұрын Зайсан қаласында елеулі оқиға болды. Жазушы, журналист Асқар Сәбитовтің (марқұм) ұйымдастыруымен жарық көрген «Зайсанның жайсаң балуандары» атты кітаптың тұсаукесеріне Алматы мен елордадан, еліміздің басқа елді мекендерінен кезінде боз кілемде жасын ойнатқан бура сан, бота тірсек балуандар жиналып, жерлестерімен жүздесті. Олар үш күн бойы күреспен шұғылданып жүрген балалардың өнерін тамашалады, өздері де боз кілемде өнер көрсетті.
02 Тамыз, 2022
Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Польшаның Варшава қаласында ұйымдастырылған WTA санатындағы Poland Open турнирінің жеңімпазы атанды.
02 Тамыз, 2022
Абай облысының әкімі Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілімен кездесіп, өңірдегі бірлескен жобалардың жүзеге асыру барысын талқылады. Мәселен, қаржы институты Семейдегі сумен қамтамасыз ету жүйелері мен көше шамдарын жаңартуға, сондай-ақ Аягөздегі кәріз-тазарту жүйелерін жаңғыртуға септесіп келеді.
02 Тамыз, 2022
Тобыл өңіріндегі «Қазақ тұлпары» серіктестігінің егін алқабында ұйымдастырылған ауқымды агрокөрмеге ауылшаруашылық техникаларын құрастыратын кәсіпорындар мен егін егіп, мал баққан шаруашылық басшылары қатысты. Көрме барысында Қазақстанда құрастырылған ауылшаруашылық техникалары, асыл тұқымды Қостанай жылқылары, түрлі дәнді дақылдардың сұрыптары, агрохимиялық өнімдер мен элиталы астық тұқымдары көпшілік шаруалар назарына ұсынылды.
02 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың болашағына аса мән беріп, осы жылды балаларға арнады. «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», деген еді Президент. Осы орайда әсіресе мәдениет саласында балаларға қандай игіліктер жасалып жатыр? Театрлардың бәрі демалысқа кетіп жатқан дәл қазіргі уақытта жұмысын тоқтатпаған қуыршақ театрлары балаларға не ұсынуда? Әлқисса.
02 Тамыз, 2022
«Қазақстан халқына» қоры Абай облысындағы ауыл мектептерін заман талабына сай жарақтандыруға жәрдемдеседі. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтты.
01 Тамыз, 2022