Оқи отырыңыз
Жайылым мәселесі: Жоспардың жартысы ғана орындалды
Табысын төрт түліктен айырып отырған ауылдардағы ағайын жайылым жер таппай біраз жылдан бері әуреге түсіп жүргені баршаға мәлім. 2021 жылдың 26 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жайылымдық жерлердің 36 пайызы ғана мал шаруашылығы үшін пайдаланылып жатқанын айтқан болатын.
19 Шілде, 2022
Ақтауда халықаралық турнир аясында Naiza Sport Week қазақстандық күрес лигасының апталығы өтіп, лига аясында ашық жаттығулар, чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларының қатысуымен кездесулер, шеберлік сағаттары өтті. Турнирдің қызықты сәті теңіз жағалауында ұйымдастырылған Eagle FС және Naiza FC-ның бірлескен турнирі болды. Сол күні Ақтау қаласы ғана емес, бүкіл Маңғыстаудағы аудан-қалалардың ережесіз жекпе-жекке құмар жастары жан-жақтан ағылды. Сайысқа бұрынғы UFC чемпионы, ресейлік файтер, ережесіз жекпе-жектің жеңіліп көрмеген шебері Хабиб Нурмагомедовтің арнайы келуі жастардың қызығушылығын арттырса керек, 15 мыңдай адам жиналыпты.
19 Шілде, 2022
Ауылдағы ауруханалардың аужайы
Жетісуда пандемия қайта өршіп келеді. Мекеме қызметкерлері маска тағып жүр. Алайда сол маскамен мәселе шешіле қоймасы анық. Бүгінде облысқа тиесілі ауыл-ауылдарда орналасқан шағын емханалардың жайы мәз емес. Анау Кеңес заманынан келе жатқан кішкентай ғимараттар қаусап тұр. Ем алуға асыққан халық есігіне сыймайды. Жөндеуден өткені санаулы, кезек күткені қаншама. Індет өршігенде өңірлер әйтіп-бүйтіп амалдайды екен. Әйтсе де бұл әлек қашанға дейін жалғаспақ?
18 Шілде, 2022
Құрғаған құдық, қаңыраған клуб
Айтса, айтқандай-ақ. Күршім өңірінде мәселе деген шашетектен. Жуықта Қойтас ауылының тұрғындары хабарласып, бірқатар проблемасын тізген. Құлақ түре тыңдасақ, жайылымдары тарылған, ауыз су құбырын тарту жұмыстары орта жолда қалған, ауылдық клуб қаңырап тұр. Көпірі апаттық жағдайда, тағысын тағы... Бардық, көрдік, ауыл тұрғындарымен тілдестік.
18 Шілде, 2022
Шағын индустриялық аймақтың шарапаты
Соңғы уақытта аудандарда шағын индустриялық аймақтар ашылып, қарапайым тұрғындар кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алды. Бұған дейін идеясы болса да, «бизнесімді жандандыру үшін қомақты қаражат керек» деп тәуекелге бара қоймайтын. Жобаның тиімділігі сол, кәсіпкерлерге тегін ғимарат үлестіріліп, өзге де жеңілдіктер қарастырылған.
18 Шілде, 2022
Кәсіп бастаған келіншектер «Еңбек» бағдарламасына дән риза
Алматы облысында тұрғындардың әл-қуатын арттыруға бағытталған мемлекеттік жобалар жоғары деңгейде орындалып жатыр деуге әбден болады. Әсіресе халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асуы жемісті.
18 Шілде, 2022
STADA Health Report-2022: Ел медицинасына сенім басым
STADA фармацевтикалық компаниясы 15 елде өткізілген STADA Health Report-2022 төртінші халықаралық зерттеудің нәтижелерін Қазақстанда ұсынды. Зерттеудің тақырыбы – коронавирустан кейінгі кезеңде адамдардың өз денсаулығына қамқорлығы.
18 Шілде, 2022
Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылады
Биыл қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Шерхан Мұртазаның туғанына тоқсан жыл толып отыр. Мерейлі датаға орай облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қолға алуымен қайраткер қаламгердің туған топырағы Жамбыл өңірінде атқарылатын іс-шаралар аз емес.
18 Шілде, 2022
Семсерлесушілер сенімді ақтай ма?
Өткен сенбіде Мысырдың бас шаһары – Каирде семсерлесуден әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынап жатқан дүбірлі додада Қазақстанның 15 өрені өнер көрсетуде. Әдеттегідей олар бір аптадан аса уақыт бойы 12 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
18 Шілде, 2022
Өткен демалыс күндері Хорватияның астанасы – Загребте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі ұйымдастырылды. Әлемнің ең үздік дзюдошылары бақ сынаған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының 16 спортшысы өнер көрсетіп, жарысты жалғыз алтынмен қорытындылады. Осыдан бірер апта бұрын Будапештегі турнирде жерлестеріміз сүреңсіз күрес көрсетіп, қоржынымыз бос қайтқан еді.
18 Шілде, 2022
Маусым басталғалы 13 адам суға кетті
Шілденің шыжыған ыстығында бір ауық суға түсіп салқындап алғанға не жетсін. Алайда қапырықтан қашқан қалалықтар арнайы құтқару қызметі мен қоршауы бар қауіпсіз жағажайларды қомсына ма, әйтеуір өзен-көлдердің шомылуға рұқсат етілмеген қалтарыс-қаупі көп тұстарына тоқтап, суға түсуге құмар.
18 Шілде, 2022
Үш күнде 400 шақырымды еңсерді
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Қостанай велосипед қауымдастығы ұйымдастырған үш күндік веломарафон өз мәресіне жетті. Алдымен ұлт ұстазының Қостанайдағы ескерткішіне тағзым еткен велошабандоздар Әулиекөл асып, Шолақсайдан кері қайтты.
18 Шілде, 2022
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер алдағы үш күн, 19-21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Шілде, 2022
Ақтөбе облысында газ құю бекетінде жарылыс болды
Ақтөбе облысында газ құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Шілде, 2022
Бас прокуратура елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға кірісті
Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Шілде, 2022
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында Айым, Гүлім және Нұрым есімді үшем дүниеге келді. Биыл Ақтауда осымен екінші рет үшем дүниеге келді. Жалпы, жыл басынан бері облыстық перзентханада 4 319 нәресте жарық дүние есігін ашқан болса, соның 85-і егіздер.
18 Шілде, 2022
Мыңнан астам қой өртеніп кетті
Құрманғазы ауданындағы «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС иелігіндегі бір мыңнан аса қой дала өртінің құрбанына айналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Айтқалиевтың айтуынша, жалын ортасында еділбай тұқымды 619 саулық, 414 қозы қалғаны анықталған. Ауладағы 516 қой, 1 інген, 1 бота түгі қалмай өртеніп кеткен. Тағы 13 қой жоғалған.
18 Шілде, 2022
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы – еліміздің солтүстік-батыс шекарасында, тоғыз жолдың торабында орналасқан өндірісті өңір. Қазір мұнда ауыл шаруашылығы саласын дамытып, екінші тынысын ашу бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынған.
18 Шілде, 2022
Мүгедектікті белгілеуді үйден шықпай-ақ үйлестіреді
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша қанатқақты жобаны іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстанның барлық өңірінен 28,2 мыңға жуық өтінім қаралды. Қазіргі уақытта жобаға 589 медициналық ұйым қосылған.
18 Шілде, 2022
Өңірде жол апаты көбейіп барады. Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың дерегіне сүйенсек, биыл жол-көлік оқиғасы 21,4, қаза болғандар 60, дене жарақатын алғандар саны 11,8 пайызға өскен. Алты айда 153 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 40 адам қаза тауып, 189 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
18 Шілде, 2022