Оқи отырыңыз
Шымкентте де LRT салынуы мүмкін
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ОКҚ брифингінде мегаполисте көліктің балама түрлерін салу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Шілде, 2022
Бір тәулікте 200-ге жуық адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте республика бойынша 189 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Шілде, 2022
Жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеу құқығы берілуі мүмкін
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Шілде, 2022
Апат айтып келмейді. Алматы облысына қарасты Балқаш ауданы Бақбақты ауылында қатты дауыл тұрып, бірнеше тұрғын үйге залал келтірді. Бұрқасын боран мыңға жуық оқушыны тәрбиелеп отырған мектептің шатырын жұлып әкетіпті. Қазір апаттан келген шығынды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
01 Шілде, 2022
Маңғыстауда халық саны артып келеді
Маңғыстауда тұрғындар саны табиғи өсім және көшіп келушілер есебінен жылдам өсіп келеді. Биыл көктемде облыста халық саны 748 471 адамға жетіп, былтырмен салыстырғанда 22 мыңға өсті. Әрине, облыста жұмыссыздық, ауыз судың жетіспеуі сынды күрделі мәселелер туындап тұрғанның өзінде халық санының артуы үлкен қуаныш.
01 Шілде, 2022
Қарағандыда әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бір тәулік аралығында республикамыздың барлық аймағынан жиналған балуандар 10 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Бұл жарыста Алматы облысынан келген қыздар атой салып, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Олар 126 ұпай жиды. Екінші сатыға жергілікті спортшылар (115 ұпай) жайғасса, Ақмола мен Шымкенттің өкілдері (95 ұпай) үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісті.
01 Шілде, 2022
Аралас жекпе-жектегі ең беделді промоушен – UFC өзінің рейтингін қайта жаңартты. Өткен аптаның аяғында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылған турнирде жергілікті спортшы Нил Мэгниді екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген жартылай орта салмақтағы Шавқат Рахмонов бірден бес сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде қазақтың қайсар ұлы мықтылар тізімінде 10-орынды иеленуде.
30 Маусым, 2022
Тартымды жобаларға инвестор дайын
Қазақстан экономикасын дамыту және әртараптандыруға шетелдік инвесторлар белсенділік танытуда. Бұл елордада «Astana Finance Days 2022: Тұрақтылық, әлеуметтік жауапкершілік, өсу» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда белгілі болды.
30 Маусым, 2022
МӘМС жүйесі толайым бір ізге түскенше, оның айналасындағы түйткілді мәселелер толастамақ емес. Дегенмен бұл Алматы қаласының денсаулық сақтау бюджетін едәуір ұлғайтып отыр. Жыл басынан бері мегаполистегі МӘМС жүйесіне 398 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
30 Маусым, 2022
Абыз басылымның ғасырлық мерейтойы
Қостанайлықтар өңір баспасөзінің қарашаңырағы – Qostanaı tańy газетінің ғасырлық мерейтойын атап өтті. І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты жиынға облыс басшылары, өңір зиялылары, журналистер қауымы, сондай-ақ айтулы мерейтойға алыстан арнайы келген филология ғылымдарының докторы, Журналистика академиясының академигі Серікқали Байменше, белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Қайсар Әлім қатысты.
30 Маусым, 2022
Тай-Өлеңті ауылының 60 жылдық тойы дүркіреп өтті. Мерейлі мерекенің қызығы мәдени-спорттық шараларды ұйымдастырып, аста төк ас берумен өлшенбесе керек. Мұны қаперіне алған ауыл жұртшылығы, өзге өңірде жүрсе де туған жерінің туын биік ұстаған азаматтар «60 жылдыққа – 60 игі іс» акциясын жүзеге асырды. Ауылдың өміріне қан жүгіріп, әп-сәтте құлпырып шыға келді!
30 Маусым, 2022
Ұлттық музейде Ұлттық домбыра күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясы негізінде жасақталған «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты жылжымалы көрме ашылды. Шараның мақсаты – мәдени орталық Алматы қаласында орналасқан Мемлекеттік орталық музей қорында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен елордалықтарды таныстыру екен.
30 Маусым, 2022
Аягөз ауданында ер адам 13 миллион теңгенің жануарларын заңсыз атқан.
30 Маусым, 2022
Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Отбасы банкімен» бірлесіп Blockchain технологиясының көмегімен мүлік кепілін шешу бойынша жобаны енгізді.
30 Маусым, 2022
Таяуда Көкшетау қаласында Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбында мәселенің мәнісіне бойлап, талқылау өткізілді.
30 Маусым, 2022
Маңғыстауға туристердің қызығушылығы жоғары. Облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Утешовтің айтуынша, бұл жаққа жыл басынан бері 55 мыңға жуық турист келген.
30 Маусым, 2022
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2022
Kids Go Free: 230 баланың билет құны субсидияланды
Биылдан бастап елімізде турпакет шеңберінде саяхаттайтын 2-17 жас аралығындағы балаларға билет құнын субсидиялайтын Kids Go Free бағдарламасы күшіне енгені белгілі. Аталған жоба тек ел ішінде демалатын балалардың әуе билетін тегін алуға мүмкіндік береді.
30 Маусым, 2022
Консультациядан хирургиялық операцияларға дейін
«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы 29 маусымнан бастап Ақтөбе облысының шалғайдағы стансалары мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.
30 Маусым, 2022
«Алтыналмас» – ESG-клубының негізін қалаушылардың бірі
Алтын өндіру ісінде айтарлықтай табысқа жеткен «Алтыналмас» компаниясы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Күні кеше алпауыт ұжым ESG клубының негізін қалаушылардың бірі атанды. Ал Ұлттық ESG клубы тұрақты даму және ESG қағидаттарын ілгерілететін жауапты инвесторлар мен компанияларды жұмылдыру бойынша фронт-алаңға айналмақ.
30 Маусым, 2022