Оқи отырыңыз
Ұлытауға қыркүйектен бастап «Тальго» пойызы қатынайды
Ұлытау облысына «Тальго» пойыздары жүре бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2022
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Жамбыл облысында цифрландыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Жұмыс бағыты негізінен «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. Осы жылы «IQALA» модулі арқылы да бірқатар саланың сервистерін автоматтандыру ісі жалғасын таппақ.
10 Тамыз, 2022
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Кейінгі жылдары елімізде ажырасқан отбасылар санының артуына байланысты тараптардан алимент өндіру мәселесіне қатысты түйткілді жайттар тиісті органдар тарапынан үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
10 Тамыз, 2022
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Бішкек төрінде Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің 13-ші отырысы өтті. Түбі бір бауырлас халықтардың тұтастығын арқау еткен басқосуға Қазақстан тарапынан осы кеңеске мүше Икрам Адырбеков қатысты.
10 Тамыз, 2022
Жол-көлік инфрақұрылымы саласында көпірдің әлеуметтік әрі стратегиялық маңыздылығы жоғары. Өкініштісі сол, Семей қаласындағы 4 көпірдің екеуінің жағдайы алаңдатарлықтай.
09 Тамыз, 2022
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып өлең оқығың келеді. Көңіл күй үшін, эстетикалық ләззат алу үшін. Жақсы өлең оқу да өмірдің бір рахаты. Өлеңсүйер оқырманның көбі лириканы жақсы көреді. Өйткені лирика – мөлдір өлең. Адамның ойы да бір кітапхана сияқты ғой – өлеңді аңсағанда әр ақынның есте қалған шумақтары таудан түскен бұлақтай көмейіңе келіп құйылады. Сонда әдебиеттің, ақындықтың, өлеңнің құдіретіне таңғаласың. Жақсы шығарманың адам ғұмырынан ұзақ жасауының өзі өнердің өмірден биік екенін көрсететіндей.
09 Тамыз, 2022
Бүгінгі дәуірді цифрландырусыз елестету мүмкін емес. Отандық экономиканың барлық саласы цифрландыру технологиясына бет бұрды. Мұндай жаңа технология энергетика саласына да ауадай қажет.
09 Тамыз, 2022
Семей өңіріндегі ерекше қорғаудағы табиғи аумақтарда тұяқты аңдардың көбейгені байқалып келеді. Айталық, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметіне сүйенсек, қазір бұлан, сібір елігі, қабан сынды аңдардың популяциясының өсімі тұрақты.
09 Тамыз, 2022
Алматы жасыл желегімен көрікті. Шаһарда «Жасыл Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Жоба негізінде 1 млн ағаш отырғызу көзделген болса, акция басталғалы бері 643 мың көшет егілген.
09 Тамыз, 2022
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Бүгінде Керекуде ғайыптан зауыт ашылады екен деген әңгіме шықса, жергілікті тұрғындар әбігерленіп қалады. Себебі қаптаған өндіріс орындары мен электр стансаларының ортасында орналасқан Ертіс бойындағы шаһарда экологиялық ахуал онша емес. Облыс басшылығы кәсіпорындар маңындағы жасыл белдеулерді ұлғайтып, егілген ағаштар санын көбейтуге ынталы. Алайда көптеген зауыттың жетекшілері көгалдандыру мәселесіне келгенде кежегесі кейін тарта қалатыны бар.
09 Тамыз, 2022
Елордаға Түркістан театры келеді
Алдағы 27-28 тамызда Түркістан музыкалық драма театрының әртістері бас қалаға гастрольдік сапармен келіп, «Астана Операның» Үлкен залында елорда тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы желісімен қойылған «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ұсынады.
09 Тамыз, 2022
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Шалғайдағы ауылда емес, облыс орталығы саналатын Тараз қаласында жағдай ушығып тұр. Ыбырайым Сүлейменов көшесінің аяқ тұсындағы төрт жүзге тарта тұрғын қай ғасырда ғұмыр кешіп жатқанын кім білсін? Жиырма бірінші ғасырдан қалып қойғаны анық... Әйтеуір, желсіз түннен жарық ай іздеп жүргендеріне жылдардың жүзі болған. Жергілікті атқарушы биліктің дәрменсіздігінен жалыққан жұрт: «Мәселеміз шешілмесе, алдағы күндері жолды жабатын боламыз» дейді...
09 Тамыз, 2022
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық: еріктілер көмегі және жыл бойы пойызбен тегін жүру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Дәулетқалиқызы, «Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк қатысты.
09 Тамыз, 2022
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
6 тамыз күні Орал қаласында кәсіпкерді пышақтап өлтіріп, қашып кеткен қос күдікті біржарым тәуліктен кейін қолға түсті. Арнаулы жасақ пен полиция қызметкерлері оларды Телеорталық аумағындағы Көктем саяжайынан 8 тамыз күні таңертеңгі сағат 10:30-да ұстаған.
09 Тамыз, 2022
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Қазақ қоғамындағы оң өзгеріс оның заманауи мәдениетіне де жаңа көзқарастың қажет екенін аңдатып отыр. Ал сапалы адам капиталын қалыптастыратын сан-салалы мәдениеттің эстетикалық керек-жарағы ешқашан түгенделіп бітпейді. Республика аумағында Мәдениет үйлерін, театрлар мен музейлерді есепке алғанда 7000-нан астам өнер ошағы бар. Бірақ атауы бір болса да, бұл мәдени мекемелердің бәрінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірдей емес. Республикалық маңызы бар өнер ұжымдары Мәдениет және спорт министрлігіне қараса, жергілікті деңгейдегі Мәдениет үйлерінің жұмысына облыстық, аудандық әкімдіктер жауапты. Шекарасы айқындалғанымен, шенеуніктері бір-біріне сілтеп, ақыр аяғы шешілмеген шаруасы шаш-етектен болып, мойнынан малтығып қалатын мәдениеттің өзі.
09 Тамыз, 2022
Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Тамыз, 2022
Өскеменде жаңа шағынауданның құрылысы басталды
Өскемен қаласында жаңа шағынаудан салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Тамыз, 2022
Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыратын оқулық әзірленді
Қазақстанда өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мұғалімдерге арналған экологиялық оқу құралы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Тамыз, 2022
Кәсіпкерлерге push-хабарлама жібереді
2022 жылғы 5 тамыздан бастап пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін, фискалдық деректер операторларымен ынтымақтастық шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп, бақылау-касса машиналарында «push-салық хабарламалары» жаңа сервисін іске қосты.
09 Тамыз, 2022
Алаяққа арбалған талай жұрттың баласы
Тегін түстеп, аты-жөнін атамай-ақ қояйық. Әнеугүні Б. есімді жерлесіміз телефон арқылы хабарласатын алаяқтардың арбауына түсіп, жиырма миллион теңгеден астам қаражатты бөтен елдің шотына аударып жіберген. Тақырға отырған азамат төрт бірдей банктен 16 миллион теңгенің несиесін арқалап қалды. Құқық қорғау органдары қаскүнемді қолға түсірмек түгілі, ізіне түсе алмай дал болып отыр.
09 Тамыз, 2022