Пікірлер .
1980-жылдардың ортасында «Комсомольская правда» газеті Мәскеу тұрғыны, Жуковский атындағы әуе-әскери академиясының түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник Раунақ Есенберлинге өз өміріне әсер еткен тұлға жайлы естелік жазып беруді өтініпті. Раунақ көкеміз әрі-бері ойланып «Мен үшін ерекше адам» деген тақырыппен жалғыз ағасы, тау тұлғалы жазушы Ілияс Есенберлин жайлы қалам тартқан екен.
21 Қаңтар, 2020
Қазіргі таңда адамзатты алаңдатып отырған дүние азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы. Бұл дегеніміз – жасанды жолмен лаборатория жағдайында өндірілген, қазақша айтқанда будан өнімдер. Мысалы, АҚШ-та жеміс-жидекке жанды организмнің ДНК-сын қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жолға қойылған. Бұл тәжірибе қазір Қытай экономикасының да жетістігі саналуда.
16 Қаңтар, 2020
Қазіргі таңда адамзатты алаңдатып отырған дүние азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы. Бұл дегенміз – табиғи емес жасанды жолмен лаборатория жағдайында өндірілген, қазақша айтқанда будан өнімдер. Мысалы, АҚШ-та жеміс-жидекке жанды организмнің ДНК-сін қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жолға қойылған. Бұл тәжірибе қазір Қытай экономикасының да «жетістігі» саналуда.
13 Қаңтар, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі» деген пайым айтады. Расында, қазақ халқы үшін жылқы түлігінің тарихи-әлеуметтік маңызы өте зор. Атақты ақын Ілияс Жансүгіров айтқандай:
20 Желтоқсан, 2019
Сүйіспеншіліктің анасы – ықылас
Сүйіспеншілік күллі жаратылыс атаулының – себепкері. Өйткені, Алла адамды Абай атамыз айтқандай сүйіспеншілікпен жаратқан. Сондықтан да сүйіспеншілік ұялаған қоғам, отбасы тыныштық пен берекенің бастауы. «Отбасы немесе шаңырақ сүйіспеншілікке толы болса – ізгіліктің көркем сарайларының бірі, ал берекесіз болса – азаптың терең шұңқырларының бірі» деп, жазады мысырлық танымал оқымысты Ата әс-Сынбати.
13 Желтоқсан, 2019
Байырғы бабалардан бүгінге жеткен: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін құнды тәмсіл бар. Осы тәмсілді сәл тәпсірлеп көрсек, яғни баланың отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі мен үйренген өнегесі оның өмірлік ұстанымына айналады. Отбасынан әбес қылық көріп өскен бала үлкейгенде соны жасайды. Бұл талас тудырмайтын мәселе.
28 Қараша, 2019
Ресми дерек бойынша, Қазақстан халқының 30 пайызы, яғни 4,8 миллион адам темекі тартады. Осылардың 1 миллионы әйел заты, яғни қыз-келіншек, кемпірлер. Тіпті осындағы әйел жыныстылардың 120 мыңы 13-15 жастағы жасөспірім қыздар болса, 12-14 жас аралығындағы жеткіншектердің 10 пайызы, 15-17 жас мөлшеріндегі бозбалалардың 21 пайызы, 18-19 жастағы жас жігіттердің 32 пайызы, 20-29 жастағылардың 39 пайызы шылым шегеді екен. Сол сияқты 29-59 жастағы ер адамдардың 65 пайызы темекіге құмар.
19 Қараша, 2019
Көрнекті ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметов 2001 жылы «Парасат» журналының 9-санында жарық көрген «Рухани кәмпеске» атты мақаласында: «...Аса қатерлі мәселенің бірі – қазақ ұлтын жер бетінен тұтас жоғалтып жіберіп, олар жайлаған ұлан-байтақ, бай өлкені босату үшін жоспарлы бағдарламалар да болған. Бұл Ресейдің жеті қат жер астында сақталатын мемлекеттік құпиясы. Сондықтан ол құжаттарды ешқашан қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз» деп жазыпты.
31 Қазан, 2019
Қазақта бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» дейтін өте мәнді тіркес бар. Неге мәнді? Өйткені уәде бұзылып, оның қоғамдағы рухани һәм имани құндылығы әлсіреген жерде береке қашады. Өйткені уәде дегеніміз – қауымды берекесіздіктен сақтайтын әрі адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынасты бұзбай ұстап тұратын мызғымас ұстын.
22 Қазан, 2019
Бүгінгі таңда «байырғы адами құндылықтар жойылып бара жатыр» дегенді әркім айтады. Бұл өте орынды пікір. Қандай бір халық заманға сай өсіп-өркендеп, әлем қауымдастығы алдында өзінің ұлттық бет-бейнесін сақтап қалу үшін сан ғасырдан бері үзілмей келе жатқан байырғы құндылықтары: салты мен дәстүрі, тілі мен діні, ешкімге ұқсамайтын тұрмыстық һәм рухани қарым-қатынас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Төтесін айтқанда, рухани-мәдени құндылықтарын сақтай алмаған ұлттың болашағы бұлыңғыр.
12 Қыркүйек, 2019
Әрбір халықтың табиғи жаратылысында өзін басқалардан ерекшелеп тұратын кемел қасиеті болады. Айталық, ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегінде, қазақ жаратылысы өте таза халық, оның сана-сезімі мен сұңғылалығы біреу салып берген тар шеңберге сыймайды десе, ХІХ ғасырда өмір сүрген поляк зерттеушісі А.Янушкеевич күнделігінде, «қазақтардың ақыл-ой қабілеті мен сұңғылалығына еріксіз таңырқай, таңданбасқа амал жоқ» деп халқымыздың басқалардан артық кемел қасиеті жайлы тамсана жазады.
03 Қыркүйек, 2019
Үнді халқының қайраткері Жавахарлал Неру «отарланған елдің тарихын отарлаушы жазады» дегені сияқты кезінде қазақтың үлкен ақыны Ғафу Қайырбеков жорта аңқаусып: «Осы орыстың хандарының бәрі ақылды да, қазақтың хандары неге ақымақ» деп қиналатын көрінеді.
14 Тамыз, 2019
Жалпы «алауыздық» деген жақсы нәрсе емес. Атам қазақ «алтау ала болса ауыздағы кетеді» деп бекер айтпаған. Қазіргі таңда әлемдік социологтар «Тіл алауыздығы» дейтін терминді қолданып жүр. Осы тақырып бойынша ұзақ жыл еңбектенген АҚШ-тың Браун университетінің профессоры Алака Холланның пайымдауынша, тілдік алауыздық – отарлаушы тіл мен отарланушы тілдің арақатынасы салдарынан пайда болатын рухани һәм саяси теңсіздік екен.
08 Тамыз, 2019
Қазақ танымында аса құдіретті, өте қадірлі «тектілік» дейтін ұғым бар. Мысалы, атақты жырау Ақтамберді: «Елден елді аралап, Тектіден текті саралап Сынға толса сияғы, Әлбеті шамның шырағы, Мұхиттан сүзіп шығарған, Қымбатты гауһар бағасы...» деп тектіліктің қасиеті туралы толғаса, Сыпыра жырау: «Бай баласы байға ұқсар, Байлаулы тұрған тайға ұқсар. Би баласы биге ұқсар, Алты қанат үйге ұқсар, Хан баласы ханға ұқсар, Биік-биік шыңға ұқсар. Құл баласы құлға ұқсар, Мал таптаған гүлге ұқсар» деп тектіліктің не екенін түйіндепті.
23 Шілде, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайында: «Халқымыздың тарихи санасын қалыптастыратын дүние тарихы мен мәдениеті» дегенді қадап айтты. Өйткені тарихи санасы жетілмеген, яки қалыптаспаған халық өзінің ұлт ретіндегі толық болмыс-бітімін сақтай алмайды. Сол себепті мемлекет ретінде жойылып кетпеудің, ұлт ретінде ассимиляцияға ұшырамаудың басты кепілі – бұқараның тарихи санасын ояту.
12 Шілде, 2019
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Корей елінің экономикасы адам көргісіз құлдырады. Тіпті әлемдегі ең кедей мемлекеттердің қатарына қосылды. 1962 жылғы даму көрсеткіші бойынша Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде соңынан санағанда Үндістаннан кейін екінші орында тұрды.
01 Шілде, 2019
Бүлік немесе ел ішінде болатын берекесіздіктен сақтану жайлы қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде нақты нұсқаулар бар. Жалпы адам баласы барда қандай да бір бүліктің болмай қалуы мүмкін емес. Бүліктің пайда болатыны жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде айтып кеткен. Сондықтан да болуы мүмкін бүліктен сақтану, оған әзір болу пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен – білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждағат керек.
14 Маусым, 2019
Қазір жер бетінде әрбір тіл өзінің билігін арттырып, ықпал аумағын кеңейту үшін қиян-кескі соғыс жүргізіп жатыр. Бұл соғыста жеңген тіл – қуаттанып, әскері көбейеді, иелік аумағы ұлғаяды, көкжиегі кеңейеді. Жеңілген тіл күндердің күнінде жерленеді.
10 Маусым, 2019