Инвестиция
Ұлттық банктің инвестициялық кірісі

Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордағы активтердің көлемі шамамен 66,2 млрд долларды құрады. Оның 58,8 млрд доллары – валюталық портфель, 7,4 млрд доллары – теңгедегі активтер. ...

Кеше
Жастар
Жастарды жұмылдырған бастама

Бүгінде елордада 481 мың жас өмір сүреді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мың адамға артқан. Оның үстіне қаладағы 16 жоғары оқу орнында 95 мыңнан аса студент білім алып жатыр. Осы санаттағы азаматтардың дамуы мен әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар, жобалар мен бағдарламалар олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік белсенділігіне және кәсіби өсуіне серпін беріп келеді. ...

Кеше
Ғылым
Отандық ғылымның беделін биіктеткен басқосу

Әлемдегі жаратылыстану, математика, физика ғылымдарының өкіл­дері үшін зор маңызға ие «ISAAC-2025» конгресі мәресіне жетті. Екі жыл­да бір рет болатын, талай мықтының баяндамасы тыңдалатын іргелі іс-шара биыл алғаш рет Орта Азияда, соның ішінде Қазақстанда ұйым­дас­тырылды. Бұл – біздің елімізге, төл ғылымымыз бен жоғары білім сала­сына үлкен мәртебе, сонымен қатар мамандарға халықаралық тәжірибе алма­суға таптырмас алаң. Өйткені мұнда талқыланатын тақырыптар тек теориялық емес, қаржы математикасы, жасанды интеллект, биология, нейрондық желілер сияқты 20-дан аса түрлі ғылыми бағытты қамтиды. ...

Кеше
Сұхбат
Қазақ тазысы: жаһанға танылу жолы

7-10 тамыз күндері Финлян­дия астанасы Хельсинкиде «World Dog Show-2025» бүкіл­әлемдік иттер көрмесі өтеді. Мұнда тұңғыш рет FCI аясында алдын ала мойындалған тұқым ретінде қазақ тазысы ресми түрде таныс­тырылады. Тазы тұқымының пайда болуы мен таралу тарихы, ерекшеліктері, артықшылықтары, бағым-күтімі жан-жақты баяндалады. Көрме төрінде ақшаңқан киіз үй тігіліп, «Қазақ тазысына» арналған стенд, көр­некіліктер қойылады. Тақырыпқа қатысты ақпараттық буклеттер, кәдесыйлар қонақтарға таратылады. Басты мақсат – тұқым­ның халықаралық мәртебесін нығайту, «Kazakh Tazy» брендін кеңінен насихаттау. Тазы – халқымыздың бірегей қазынасы, дала азаматының сенімді серігі, жүйріктігімен, ақылдығымен, сабырлылығымен ерекшеленетін асыл тұқымды ит. Желмен жарысқан жүйрік, шапшаң қозғалып, аңды алыс­тан көріп, ізіне түсіп ұстайтын ілкімді жаратылыс. Түлкі, қоян, қарақұйрық секілді аңдар­ды ұстауға пайдаланылады. Адамға тез бағынады, талап пен сенімнің арасын жақсы ажыратады. Хал­қымыз асылдығын айрықша бағалап, «жеті қазынаның бірі» деп атаған. Батырлар жырында, ертегілер мен аңыздарда тазы бейнесі сомдалған. Бүгінде тазы саны күрт азай­ған. Сондықтан оны асылдандыру, қорғау, көбейту мәселесі күн тәр­тібіне шықты. 2023 жылы қазақы тазы мен төбет ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізімі­не енді. Соның негізінде ар­найы көрмелер мен байқаулар жиі өткізіліп, қоғам назарын аударды. Тазының еліміздегі және жаһандағы тағдыры, таны­малдығы бәрімізге байланыс­ты. Ең бастысы, мемлекеттік көз­­­қарас айқын.  ...

Кеше
Аймақтар
Маңғыстауда қиыршық тасты заңсыз өндіретін карьерлерге шектеулер енгізіледі

Шетпеліктердің ауыл маңындағы карьерлерге қатысты жанайқайы біраз жылдан бері тынған емес. Бұл туралы 2020 жылы 24 қыркүйекте «Еgemen Qazaqstan» газе­тінде «Шетпеліктер неге шырылдап жүр?» деген мақала жария­лаған едік. Одан бері де бақандай бес жыл өтті – Шетпеде қан­ша карьер қанша рет шаңнан дауыл тұрғызып, тұрғындар қан­ша рет дабыл қақты екен? ...

Кеше
Саясат
Алқалы жиында Каспий, Арал тағдыры таразыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен І халықаралық экологиялық конференцияда Каспий теңізінің таяздану мәселесін аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті. ...

Кеше