• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2012

Жақын халықтардың жағаласпағаны жөн

329 рет
көрсетілді

Жақын халықтардың жағаласпағаны жөн

Жұма, 10 тамыз 2012 19:41

Чешен республикасы мен Ингушетия республикасы – Ресей Федерациясы құрамындағы тағдыр қосқан көрші елдер. Федерацияның басқа нысандарын­дағыдай емес, бұл екі республика арасында шекара да белгіленбеген. Соған қарамай, аралары онша жақсы емес, әркез кикілжің туып жатады.Жақында тағы сондай кикіл­жің туды – екі республика басшылары болмас нәрсеге сөзге келіп қалды. Ең жаманы – мұ­ның арты екі туысқан халық­тың арасын айтарлықтай ажырату қаупі бар. Амал жоқ, мұны сол ел басшыларының таяз ойлайтындарына апарып тірейсің.

Дау былай туған. Ингуше­тия­ның Галашки селосында лаң­кес­тердің үш жасақшысы жойылады. Соны Чешен республи­ка­сының басшысы Рамзан Қады­ров өз елінің арнаулы күштері көрші елдің аумағында табысты операция өткізіп, лаңкестерді жойды, деп мақтан мәлімдеме жасаумен қатар, Ингушетияны лаңкестерге қарсы жөнді күрес ұйымдас­тырмай отыр деп сынап та кетті. Оған Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровтың жауабы көп кешіккен жоқ: «Егер Чешен­станның құқық қорғау орындары адамдарының осында келіп, екі өлік пен бір жаралыны алып кеткенін арнаулы операция дей­тін болсақ, біз оны растаймыз, ол шындыққа сай келеді», деді.Мұндай кекесін жауапқа Че­шенстанның басшысы Р.Қады­ров шарт кетіп, айқайға басты. «Егер Ингушетия билігі бұдан әрі де чешендердің атына дос­тыққа жатпайтын сөз­дер айтатын болса, екі респуб­лика ара­сындағы әкімшілік шекараны қайта қарайтындығымен қор­қытты. Екі республика арасында жер дауы бар. Сунжен ауданын бөлісе алмай жүр. Содан да шекара әлі белгіленбей отыр.Ал екі республика арасын­дағы кикілжің біраздан бері созылып келеді. 2009 жылы Ингушетия басшысына қастандық жасалып, ол ауруханада жатқанда, оның орнына қалған үкімет премьері Рашид Ғайсановқа Р.Қа­дыров келіп, чешен күш­тері­мен Ингушетияда тәртіп орнатуды ұсынған. Бірақ ингуштар «че­шендердің басып кіруіне» қарсы шықты. Өз жер­лерінде өздері тәртіп орната алатындарын айтты.Содан кейін де Қадыров бір­неше рет бірлескен шаралар өт­кізуді ұсынды. Оны Евкуров әркімнің өз жері бар, әркім сонда өздері әрекет еткені жөн деп қа­былдамады. Бұл үшін Қадыров өз әріптесін «чешен мен ингуш ха­лықтарының арасына от тастады» деп айыптайды. Мұндай ше­кісу екі республика басшылары арасында үнемі кездесіп қалады. Жә­не бұдан шын мәнінде чешендер мен ингуштар арасындағы қа­рым-қатынасқа сызат түсетіні де анық.Бұл жерде олардың біреуін айыптап, екіншісін мақұлдау да қиын. Тереңірек ойлаған басшылар мұндай шекісуге бармас еді. Тағ­дырдың талайымен өз тәуел­сіздігіне әлі толық жете алмаған туысқан халықтардың қашанда бір-бірімен тату өмір кешкені айрықша маңызды. Олардың басшыларына бұл парыз іс.