ЕС
Саясат • 16 Маусым, 2023
Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтанимен кездесті. Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Маусым, 2023
Президент Бас прокурордың Абай облысындағы өртке қатысты есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың сақталу жағдайы мен жүргізілген қадағалау жұмыстары туралы есеп берді, деп хабардайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 14 Маусым, 2023
25 жыл ішінде елордаға құйылған инвестиция көлемі 55 есе өскен
Астана еліміздің жүрегі болғаннан бастап оның дамуына қыруар қаражат бөлінгенін айтпасақ та түсінікті. Инвестиция құйылып, қаланың жағдайы жақсарып, жаңадан жұмыс орындары ашылған сайын халықтың саны да көбейе түсті.
Медицина • 13 Маусым, 2023
Елорда тұрғындары тегін медициналық кеңес алды
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ПІБ МО ауруханасы науқастарға тегін дәрігерлік қабылдау ұйымдастырып, ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Маусым, 2023
«300 беттік кітап» немесе білім беру жоспарындағы жүйесіздік
Қазақстанда ең көп өзгертулер енгізілген сала - білім саласы. Десе де осы уақытқа дейін енгізілген реформаның бірі де оң нәтиже берген жоқ. Бұның себебін Түркістан облысының жоғары санатты шебер-педагогы Нұрғали Махан «Egemen Qazaqstan» газетіне жариялаған Білім «реформалары» хақында мақаласында түсіндіріп берді.
Тағайындау • 13 Маусым, 2023
«Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы сайланды
Бұл қызметке Қайырбек Сүлейменов қайта сайланды, деп жазады Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Маусым, 2023
«Бесік жыры» анимациялық фильмі шетелде үздік атанды
Отандық «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 13 Маусым, 2023
Майкл Морпургодан балалар жазушысына 5 кеңес
Балаларға арналған әдеби шығарма жазу бәрінен қиын. Оған таза, шынайы жүрек керек!
Президент • 12 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 11 Маусым, 2023
Таразда Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өнертапқыштардың (әуе, зымыран, авто, кеме құрастыру) жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2023
Оралда бес қабатты үйден өрт шықты
Орал қаласында бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысынан кейін өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар мен еріктілермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Маусым, 2023
Өрттен көз жұмғандардың жақындарына қаржылай көмек көрсетіледі
Абай облысындағы орман өрті кезінде қайтыс болған жандардың отбасына 3 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Маусым, 2023
Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысымен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті. Кездесу барысында дінаралық және өркениетаралық диалогты бірлесіп дамыту жоспары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Маусым, 2023
Президенттің Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Маусым, 2023
Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігі ашылады
Мұсылман ақсақалдар кеңесі - тәуелсіз халықаралық ұйым. 2014 жылы құрылған институт мұсылман қауымдастығына бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2023
Мемлекет басшысының бір күндік жұмыс кестесі жарияланды
Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Маусым, 2023
Әлихан Смайылов: Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі
Сочиде (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңес жұмысы аясында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуі өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық өзара іс-қимыл, өндірістік кооперация, перспективалы көлік дәліздері мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту, энергетика, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 08 Маусым, 2023
Халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы барысында Қазақстан экономикасының нақты өсімі 5 пайызды құрағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Маусым, 2023
Өткен жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12%-ға өскен
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы барысында Қазақстан азаматтары цифрлық сауаттылыққа және білімге баса назар аударуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 08 Маусым, 2023
2050 жылға қарай Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 15 пайызға түсуі мүмкін
Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында «жасыл» экономиканы қолға алудың жолдарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Петропавл тұрғыны есірткінің ірі партиясымен ұсталды
Петропавл қаласының 22 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Руханият • 07 Маусым, 2023
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады. Кездесу барысында Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Маусым, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Маусым, 2023
Көлік қарқыны жоғары тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды
Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткелдер орнатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Маусым, 2023
Президент Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Маусым, 2023
«Ешқайда барғалы жатқан жоқпыз»: Қорғаныс министрі желідегі қауесетті жоққа шығарды
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Қазақстан әскері Ресей шекарасы мен қалаларын күзетуге жіберілуі мүмкін» деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 07 Маусым, 2023
Есірткі тасымалымен айналысқан азаматша 10 жылға сотталды
Шымкенттен Түркістанға синтетикалық есірткі тасымалдаған 54 жастағы әйел 10 жылға бас сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Маусым, 2023
Дәрігер кеңесі: Аптап ыстықтан қалай қорғанамыз?
Жаз мезгілі бастала салысымен елдің басым бөлігінде күн ысып, тіпті жоғары өрт қаупі де күшейді. «Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, бірқатар өңірде ауа температурасы 40 градусқа жақындап, күн күркіреуі мүмкін. Жоғары температура адамдарға кері әсер ететіні белгілі. Әсіресе балалар, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер мен жүрек-тамыр аурулары бар науқастар қатерге көбірек бейім. Осы ретте ҚР ПІБ МО ауруханасы Check-up бөлімшесінің терапевті Марина Наженова Egemen.kz-ке сұхбат беріп, аптап ыстықтан қорғану шаралары жайлы әңгіме қозғады.
Театр • 06 Маусым, 2023
Оңтүстік Кореяда «Роза Бағланова» қойылымы сахналанды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Astana Musical» мемлекеттік театры сахналаған «Роза Бағланова» қойылымы Daegu International Musical фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.