Ар
Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2024
Абай облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды
Аталған облыс әкімінің аппарат басшысы болып Руслан Ерланұлы Базарбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 30 Желтоқсан, 2024
Тұлғалар тағылымын насихаттау – тарихымызға құрмет
Биыл ел тарихында есімі алтын әріппен әдіптелетін тұғырлы тұлғаларымыздың мерейтойлары кең ауқымда атап өтілді. Солардың ішінде ұлт ғылымының сардарлары академик Әлкей Марғұланның 120 жылдығы, археолог Кемел Ақышевтің 100 жылдығы дара мәнге ие. Қос алыптың дара тұрар датасына орай ҚР Мемлекеттік орталық музейі халықаралық деңгейде ғылыми-танымдық көрме ұйымдастырып, тағылымды шараға алыс-жақын шетел ғалымдары арнайы шақырылған еді. Осы ретте ауқымды жобаға ұйытқы болған Мемлекеттік орталық музейдің археология бөлімінің жетекшісі Набира Төрежановамен әңгімелескен едік.
Ғылым • 30 Желтоқсан, 2024
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі ұлғаяды
2024-2026 жылдары отандық қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2024
АҚШ-тың 39-шы Президенті көз жұмды
АҚШ-тың 39-шы Президенті, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Джимми Картер 100 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2024
Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Қазақстанның шахматшы қызы Нью-Йоркта өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында рапидтен 8-орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2024
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аталып өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 28 Желтоқсан, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты.
Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2024
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Желтоқсан, 2024
Қазақстан ұшақ апатын зерттеуге бар күш-жігерін салады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 27 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: денсаулық сақтау саласындағы жемісті жетістіктер
Жыл аяқталып келеді. Жүріп өткен жолды санамен салмақтап, болашақты байыппен бағдарлайтын уақыт. Биыл еліміздің еңсерген бедерлі белестері аз болған жоқ. Әсіресе денсаулық сақтау саласындағы мамандардың еңбегі ерекше. Сол себепті өнертапқыш ғалымдар мен дәрігерлердің биылғы ең үздік 10 жетістігін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Оқиға • 27 Желтоқсан, 2024
Қызылордада браконерьлер ұсталды
Қызылорда облысындағы Сырдария ауданында браконьерлік топ анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2024
Ел құтқарушыларының қауіп-қатер шегіндегі оқиғалары
Құтқарушылар басқаларды аман алып қалу үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, күн сайын ерлік жасайды. Бұл мақалада бізді рухтандырып, жүрекке мақтаныш сезімін ұялатқан отандық құтқарушылардың нағыз ерліктері туралы баяндайтын боламыз.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2024
Қазақстан оқушылары - халықаралық жарыстардың жүлдегерлері
2024 жыл Қазақстан балалары үшін жарқын жетістіктерге толы болды. Қазақ балалары әлемдік аренада түрлі салаларда өздерінің дарыны мен қабілеттерін танытып, еліміздің беделін асқақтатты. Олардың табыстары білім, спорт және технология салаларын қамтыды.
Президент • 27 Желтоқсан, 2024
Ақтаудағы апат: Президентке көңіл айту жеделхаты келіп түсті
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2024
Қазақ спортшылары әлемдік додаларда сәтті өнер көрсетті
Қазақстан спортшылары 2024 жылды жарқын жеңістермен қорытындылады. Саладағы саңлақтар бағындырған 9 жеңіс биігі ерекше айтуға тұрарлық, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Жетісуда турорталықтар бас қосты
Өңірде қысқы туризм дамып келеді. Осы ретте «VISIT ZHETYSU» туристік ақпараттық орталығы Текелі қаласы мен Ескелді ауданының туристік потенциалын арттыру мақсатында ақпараттық тур өткізді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2024
Қазақстан экология саласында қандай маңызды қадам жасады
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алып, еліміздің барлық өңірін қамтыды. Одан бөлек, Қазақстан бірнеше халықаралық іс-шараға қатысты. 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдама бекітіліп, Қазақстанның тұрақты экологиялық келешегінің негізі қаланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Желтоқсан, 2024
Астанада наркограффити жарнамалық парақшаларын таратқан тұрғын ұсталды
ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасымен «Заң және Тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында және нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес мақсатында елорда прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары халықтың денсаулығына және моральдық құндылықтарға қарсы қылмыстарды анықтау және алдын алу, оның ішінде граффити анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2024
Үнемделген қаражатқа ауылшаруашылығына қажетті дрондар сатып алынды
Биыл жаз мезгілінде шегірткелер 2,5 миллион гектар аумаққа таралды. Ауылшаруашылық министрлігі іс жүзінде 3,1 миллион гектар аумақта химиялық өңдеу жүргізгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Талдықорғанда жаңа аудандар жасақталады
Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығын дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Алматы өңіріндегі су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді
Бұл туралы сала министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Желтоқсан, 2024
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі өзгерді
Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 27 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген елеулі қадамдар
2024 жыл Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында елеулі қадамдар мен жаңа бастамалардың іске асқан жылы болды. Мемлекет бұл мәселеге қатысты жаңа механизмдер мен тиімді әдістер енгізіп, қоғамдық бақылауды күшейтті. Жыл бойы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың заңдық негіздері нығайтылып, мемлекеттік қызметте ашықтық пен есептілік артты. Бұл іс-шаралар мен бастамалар халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруда маңызды рөл атқарды. Осы орайда биылғы жылы елімізде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы елеулі оқиғаларды оқырман назарына ұсынбақшымыз.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулықтар Әзербайжан азаматтарын еліне шығарып салды
26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзербайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзербайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне аттанды. Оның ішінде апаттан аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 26 Желтоқсан, 2024
2024 жылғы ақпарат саласындағы айтулы оқиғалар
Астанада Euronews кеңсесінің ашылуы Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының медиа кеңістігіндегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Бұл команда халықаралық аудиторияны еліміздің мәдениеті, экономикасы және мұрасымен таныстыратын болады. Кеңсе мәдениеттер арасындағы диалог алаңы және жаңа идеялар мен креативті шешімдерді насихаттау орталығы ретінде маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апаты: 100-ден астам ақтөбелік қан тапсырды
Бүгін Ақтөбе облыстық қан орталығында Ақтауда әуе апатынан зардап шеккендерге қан тапсырғысы келетін қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Желтоқсан, 2024
Президент ЖЕЭК-тің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 26 Желтоқсан, 2024
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды
Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлері «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілеріне арнап шырша мерекесін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2024
Премьер-министр есірткіге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігінің алдына есірткіге қарсы күресті күшейту үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдау міндетін қойды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2024
Баку әуежайына ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналған стенд қойылды
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген құрбан болғандарға байланысты мемориалдық стенд орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz AZAL баспасөз қызметіне сілтеме жасап.