Шар
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
Жол апатынан 12 адам қаза тапты
Мысырда туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қыркүйек, 2021
Шотландияда төрт мың жылдық жұмбақ шарлар табылды
Шотландияда төрт мың жылдық жұмбақ шарлар табылды. Табылған зат Оркни аралдарында орналасқан көп камералы қабірден шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2021
ШҚО-дан Нұр-Сұлтанға 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі әкелінді
Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жәрмеңкеде 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021
Құс фабрикасында тауықтар қырылып жатыр
Ақмола облысындағы құс фабрикасында тауықтар жаппай қырылуда. Қызметкерлердің айтуынша, құстар індеттен емес, аштықтан қырылып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тағайындау • 01 Қыркүйек, 2021
Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Шырақпайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2021
Сібір жарасына байланысты Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді
Ақжар ауданында ірі қара мал арасында аса қауіпті сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының хатына сәйкес, әкімдіктің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Тамыз, 2021
Карантиндік фитосанитарлық бақылау туралы Ресеймен келісімдерге келдік – АШМ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А.Марстың Россельхознадзор басшысының міндетін атқару А.Кармазинмен кездесті, деп жазады Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 26 Тамыз, 2021
БҰҰ: Ауғанстанда ашаршылық болады
«Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейінгі саяси дағдарыс салдарынан Ауғанстан халқының жартысына жуығына аштық қаупі төніп тұр. Бұл туралы Reuters агенттігіне айтқан БҰҰ азық-түлік бағдарламасының директоры Дэвид Бизли «14 млн адам» деп, нақты цифрды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 25 Тамыз, 2021
Жайылымы жоқ ауылдың жайы мүшкіл
Жайылымға жарымай тарығып отырған ауылдың болашағы туралы әңгіме айтудың өзі әбестік сияқты. Өкінішке қарай, егін шаруашылығы дамыған өңірлерде мұндай елді мекендер жиі кездеседі. Ұшы-қиыры жоқ астық алқаптары кезінде жайлауға бергісіз болып жайқалып жататын жайылымдарды шетінен кеміріп, қараша ауылдарды айнала қысып тастаған.
Президент • 25 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысы Ербол Қарашөкеевке бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайы мен оның тұрақты дамуына бағытталған шаралар туралы министрдің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевтің есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Тамыз, 2021
АШМ аусыл ауруы тақырыбындағы халықаралық кеңеске қатысты
17-18 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Аусылмен күрес және оны жою мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2021
Жұртты дүрліктірген жұлдызқұрт
Қостанай облысында жұлдызқұрт көбейіп кетті. Дами келе көбелекке айналатын бұл зиянкестер ауыл шаруашылығы алқаптары мен үй аулаларындағы бау-бақшаларды жұмсақ жапырақсыз қалдырып, жолында кездескен өсімдіктің бәрін талғамай жайпап өте шығады екен. Мамандардың айтуынша, тіпті бір түнде бүтін бір күнбағыс не зығыр алқабын дақылсыз қалдыруы мүмкін. Көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады екен.
Коронавирус • 20 Тамыз, 2021
Кейбір өңірде демалыс күнгі локдаун жойылуы мүмкін
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Тамыз, 2021
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Алдағы сенбі-жексенбі күндері елордада Түркістан облысының тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Тамыз, 2021
Жемшөп дайындау – жауапты міндет
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, жемшөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері мен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды.
Оқиға • 18 Тамыз, 2021
XVII Еуразиялық медиафорумы онлайн форматта өтеді
2021 жылдың 15-17 қыркүйек аралығында XVII Еуразиялық медиафорумы өтеді. Жиынға қазақстандық және әлемдік жетекші БАҚ өкілдері, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Тамыз, 2021
Премьер-Министр өңірлерге жем-шөп жеткізу жағдайын бақылауға алуды тапсырды
Үкіметтің кезекті отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі өңірлерді жем-шөп мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2021
Биыл Атыраудағы бес каналда күрделі жөндеу аяқталады
Биыл Атырау облысында бес суару-суландыру жүйесін күрделі жөндеу ақяталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Тамыз, 2021
Биыл ауыл шаруашылығы өнімдері артты
Биылғы қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4% - ға артып, 1 997,3 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,4% - ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 11 Тамыз, 2021
Елімізде ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді
Ауыл шаруашылығы саласында 2,4% өсім байқалып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Тамыз, 2021
Шарын ұлттық паркінде экорейд өтті
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Табиғат тағдыры біздің қолымызда!» атты экорейд өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Ауыл тұрғындары көтерген бастама
Жылдағыға қарағанда, биыл көпшілік үшін шөп мәселесі өте қиын болып тұр. Біраз жерді жайлаған қуаңшылық, мал азығының тапшылығы сияқты күрделі мәселелер көптің алаңдатушылығын да тудыруда. Ежелден мал бағып, несібесін айырған қазақ үшін төрт түлікті баптау мен сақтау – игілікті іс. Дегенмен де күрделі мәселе сол күрмеулі күйінде қалмай, көпшіліктің кеңесуімен оң шешімін таба бастағандай. Жуырда Әулиеата өңірінен Сыр еліне қарай 33 тонна шөп жіберілді.
Коронавирус • 04 Тамыз, 2021
Коронавирус алдын алуға болатын ауруға айналды – Алмаз Шарман
Бұл туралы ОКҚ брифингінде сарапшы, профилактикалық медицина академиясының президенті, Америкалық денсаулық қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2021
Жетісу шаруалары жем-шөп қорын дайындап жатыр
Аптап ыстық пен құрғақшылыққа қарамастан қысқы мал азығын дайындау міндеті күн тәртібінен түспеуі керек. Осы парызды жете түсінген жетісулық шаруалардың назары қазір қыр мен ойдағы шабындыққа ауған. Яғни, Алматы облысында шөп жинау науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабардайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Қазақстанда күріш бағасы өсуі мүмкін
Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі ағымдағы агромаусымда судың аздығынан күріштің егіс алаңын төрттен бірге қысқартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар-24»-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығын өтеле ме?
Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығынның 50 пайызын өтейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Жалпақ әлемді жаман тұмаудың шеңгелі уысына қысып, босатпай тұрған шақта елдің азық-түліктен тарықпауы – маңызды мәселенің бірі. Өңір Нұр-Сұлтан қаласын қаумалай орналасқандықтан, аумақтық жағынан қолайлы болғандықтан астаналықтардың дастарқанының ырыздығы үшін құрылған азық-түлік белдеуі облысты да түгел қамтып отыр.
Ауыл • 28 Шілде, 2021
Мал-жанның тағдыры бұйрықпен шешілмейді...
Маусым айының орта шенінен бастап, Қазақстанның батыс аймақтары қуаңшылық қыспағында қалып қойғаны, малдың-өлім жітімі туралы ақпараттар тек әлеуметтік желілерде ғана емес, ресми басылымдарда да ашық айтыла бастады. Қуаңшылықтан қанша мал басының өлгені туралы ресми ақпарат пен әлеуметтік желілерде айтылған деректер арасында қарама-қайшылық көп. Ресми ақпарат күні бүгінге дейін 2 мыңдай малдың аштан өлгенін айтса, әлеуметтік желілер одан да көп дейді.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Алматы облысында шөп жинау науқаны өтуде
Алматы облысындағы шөп шабу науқанына 1670 адам тартылып, 295 шөп шабатын бригада, 1576 шөп шабатын машина мен 1401 пішен нығыздап жинайтын техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Қазақстанға тауарларды әкелу кезінде 1,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында АШМ мемлекеттік инспекторлары кәсіпкерлерге 92 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.