ыс
Президент • 22 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуда Атырау облысының орны ерекше екенін, мемлекетіміздің алғашқы ірі инвестициялық жобалары осында жүзеге асырылғанын, ол жобалар еліміздің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз қалағанын айтты. Мұнайлы өңірдің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың әл-ауқатын әрдайым жіті назарда ұстайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
ТЖМ басшысы су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады
21-22 сәуірде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар учаскелері мен елді мекендеріне аэровизуалды бақылау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 22 Сәуір, 2021
Күлтөбеден табылған алтын сырғалар қорық-музей қорына тапсырылды
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Түркістан қаласындағы ортағасырлық Күлтөбе қалашығында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған заттар қорық-музей қорына тапсырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
Елімізде күнбағыс майы қымбаттады
Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады. Кейбір өңірде баға литріне 732 теңгеге дейін жеткен. Сонымен қатар тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
Өндірістегі жазатайым жағдайлар азайып келеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің дерегі бойынша, осы жылдың 1-тоқсанында Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 9,1%-ға төмендеген. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 310 адам зардап шекті, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде зардап шеккендер саны 341 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Жұмыспен қамту орталығы кімдерді жұмыспен қамтып жүр?
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Азамат Байтасов орталықтың атқаратын қызметі, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, «Еңбек» бағдарламасы, «Жастар практикасы» жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Елордада Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 6000-ға жуық азамат жұмыс іздеп келсе, соның 3800-ден астамы жұмысқа орналасып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Былтыр Қордай ауданында болған оқиға кезінде Масаншы ауылындағы бірқатар үй мен кәсіпкерлік нысан зардап шеккен еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 21 Сәуір, 2021
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Бұл мүлік иелерінің 962 бірлестігі және 1 645 жай серіктестік. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, ал аутсайдерлер қатарында БҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 21 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
XXI ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Шығыста ғылымға ден қойып, тың жобаларды қолға алған жастар жоқ емес. Олар үшін жоғары оқу орындары барынша мүмкіндік жасап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
Қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында апатқа ұшыраған СУ-30СМ ұшағының құлау ықтимал себебін айтты, деп хабарлайды egemen.kz
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
Қарағанды маңындағы Доскей ауылында тқрмыстық қатты қалдықтар төгілетін қоқыс полигонынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Маңғыстауда итбалықтың баласы құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Осы жылдың 14-20 сәуір аралығында елордада ит пен мысық асырау ережелерін бұзғаны үшін 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Орал қалалық кітапханасы Батыс Қазақстан облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерге 15 мыңнан аса кітап сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлердің сөзінше, олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған. Әлі күнге ақпарат беруден тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
1 сәуірдегі жағдай бойынша 14 794 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2021
Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды
Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 20 Сәуір, 2021
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Бауырлас қырғыз халқының көрнекті классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары Мария Айтматова бақилық болды. Бұл туралы Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Жұмысынан айырылған 48 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 48,7 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 24,9 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді
Күдікті Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде 1 айдан аса уақыт жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер сотталды
Адам өлтіріп қылмыс жасап, 8 жыл бойы полицейлерден жасырынған күдікті сотталды. Қарағанды облыстық қылмыстық соты оны 13 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды egemen.kz
Тағайындау • 20 Сәуір, 2021
Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мұртаза Жалғас Әлижанұлы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2021
Таразда жүргізуші куәлігін сатқан алаяқ ұсталды
Тәртіп сақшылары бірнеше мәрте алаяқтық жасағаны үшін Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
Жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жазаланды
73 лауазымды және заңды тұлғаға 2 000 000 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео • 19 Сәуір, 2021
Қостанайда бес метрлік мұзды тау жолды жауып тастады
Бұл туралы Egemen.kz alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 19 Сәуір, 2021
Қарағандыда қылмыстық топ құрықталды
Қарағанды қаласының полицейлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында бұқаралық спорт түрін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес, спортқа ден қойған азаматтардың саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.