Соңғы жаңалықтар
Президент • 05 Қараша, 2019
Қазақстан мен Ресей Президенттері Омбыда кездеседі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Нұр-Сұлтанда 1716 әке алимент төлеуден жалтарып жүр
2019 жылы елорданың жеке сот орындаушыларының қарауында алимент төлемегендер бойынша 17 576 құжат болды. Оның ішінде 1716 борышкер алиментті мүлдем төлемеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Актриса Раиса Мұхамедиярова өмірден өтті
Кино және театр актрисасы, Құрмет орденінің иегері Раиса Мұхамедиярова 80 жасында қайтыс болды.
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Ауыр атлетика: Анатолий Храпатыйдың турнирі аяқталды
Нұр-Сұлтанда даңқты ауыр атлет, Сеул Олимпиадасының жеңімпазы, Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем және Еуропаның бес дүркін чемпионы Анатолий Храпатыйдың еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Алматыда екі жаңа метро стансасын салуға 22 млрд теңге бөлінеді
Алматыда «Сарыарқа» және «Достық» метро стансасын салуға республикалық бюджеттен 2020-2021 жылдары 21,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті хабарлады.
Футбол • 05 Қараша, 2019
Футбол: Қазақстан өз құрамын жариялады
16 және 19 қараша күндері футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы кездесулерін өткізеді.
Кәсіпқой бокс • 05 Қараша, 2019
Кәсіпқой бокс: Канело кіммен жұдырықтасуы мүмкін?
Жуырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде ресейлік Сергей Ковалевті 11 раунда ұрып жыққан мексикалық Сауль Альварестің даңқы бұл күндері тіптеп шарықтап кетті.
Спорт • 05 Қараша, 2019
Сан-Марино және Шотландияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек қараша айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Алматыда қар тазалайтын техникалар жұмысқа дайын
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаланың барлық қар тазалайтын арнайы техникасы жұмысқа 100% дайын екенін хабарлады. Бұған дейін «Қазгидрометтің» ауа райын ұзақ мерзімді болжауы бойынша Алматыда 5-10 және 23-30 қараша аралығында қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін»,- деп болжанған болатын.
Президент • 05 Қараша, 2019
Елбасы Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болды
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Мақтаарал ауданында «Қыс-2019» оқу-жаттығу жиыны өтті
Мақтаарал ауданында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында өткен жиынға аудан әкімі Бақыт Асановтың өзі арнайы қатысып, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің дайындығын қарап шықты. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастығының «Жол картасы» әзірленбек
«Кеше Санкт-Петербург Үкіметінің мүшесі – Ұлтаралық қатынастар және көші-қон саясатын іске асыру комитетінің төрағасы Олег Капитанов бастаған ресейлік делегация мәдени-іскерлік миссиямен Алматыға келді. Делегацияны Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қабылдады» деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Руханият • 05 Қараша, 2019
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Нұрлан Нығматулин Арарат Мирзоянмен кездесті
Бұл туралы Нұрлан Нығматулин Twitter парақшасында жазды.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
ШҚО-да «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін беруде
2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 171 адам жұмысқа орналастырылса, оның 14 332-сі немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Бақытжан Сағынтаев Санкт-Петербургтан келген делегацияны қабылдады
Қос тарап екі қала арасындағы сауда саттық, білім және мәдениет жайында сөз қозғады, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр балаға жеке емдеу жоспарын құрайды
2016 жылдан бастап жұмыс істейтін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты «әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға және жалғыз басты қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Арнайы әлеуметтік қызметті үйде де, жартылай стационар жағдайында да алуға болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Елорданы газбен қамту 3 кезеңнен тұрады
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орыбасары Ермек Қизатов көгілдір отынның астанаға қашан келетіні туралы айтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласы» сахналанды
Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна» театры шымылдығын «Жәмилә» премьерасымен ашты. Жаңа маусымдағы бұл туынды – театр репертуарындағы алғашқы қазақ тіліндегі қойылым. Ізденімпаз жастардан құралған театр қойылым үшін Қырғыз елінен режиссер Ұланмырза Қарыпбаевты арнайы шақырған. Тұсаукесерге жазушының ұлы Эльдар Айтматов келді. Режиссер мен актерлік құрам Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесін таңдапты, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Қостанайда жетінші қазақ мектебі ашылды
Реті жағынан №28 деп белгіленген бұл білім ошағы жәй мектеп емес, мектеп-гимназия болды. Бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратын орта білім ошағына лайықтап жөндеу жұмыстары шілде айында басталған болатын. Енді 900 орындық үш қабатты нысан жаңа тоқсанда пайдалануға беріліп отыр.
Футбол • 05 Қараша, 2019
Кеше Қазақстан футбол біріншілігінің бірінші лигасында ойнайтын Петропавлдың «Қызылжар СҚ» командасы өз алаңында Қызылорданың «Байқоңыр» командасын 6:0 есебімен ойсырата ұтып, чемпион атанып, премьер лигаға жолдама алды.
Ауыр атлетика • 05 Қараша, 2019
Беларусьтің Гродно қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Alexander Cup халықаралық турнирі қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтуде. Жарыстың үшінші күнінде ерлер арасындағы бәсекеде Рио Олимпиадасының жеңімпазы Ниджат Рахимовке тең келер қарсылас табылмады.
Спорт • 05 Қараша, 2019
Олимпиадалық рейтингте жоғарылады
Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы күні кеше Олимпиадалық рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық таэквондошы Смайыл Дүйсебай бір сатыға жоғарылады.
Спорт • 05 Қараша, 2019
Әлем кубогында қола медаль алды
Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінің туризм саласындағы жетістіктері жетерлік. Тарихи аймақты туризм орталығына айналдыру басты назарда. Әсіресе Әулиеата жеріне саяхаттап келген шетелдік туристердің өңір тарихына деген құрметі жоғары.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында орналасқан өңірлер арасындағы экономикалық, мәдени, рухани ынтымақтастықты дамыту бағдарламаларына орай іс-шаралар жүйелі түрде атқарылып келеді.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Қазақ тіл білімінің темірқазығы
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ана тіліміздің анасы атанған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рәбиға Сыздықтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Еліне еңбегі сіңген тұлғаға Мемлекет басшысының жарлығымен берілген I дәрежелі «Барыс» орденін Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев бұдан біраз уақыт бұрын мерейтой иесіне тапсырған болатын.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Жерлестері ғалымға жаңа баспана тарту етті
Абайтанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы бүгінде Түлкібас ауданының Майтөбе ауылында тұрады. Табиғаты ерекше, атауы айтып тұрғандай, топырағына шыбық қадасаң, шынар өсетін ауылда өмірін ғылымға сарп етіп, көз майын тауысып жүрген ғалымға жерлестері баспана тарту етті.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Омар Шипиннің туғанына 140 жыл толды
Жақында Алтынсарин ауданында халық ақыны Омар Шипиннің туғанына 140 жыл толуы аталып өтті. Әрине ұйымдастырушылар аста-төк етпей, ақынның көзін көрген ардагерлерді, немересін шақырып, жастарға олардың естелігін тыңдатты. Бүгінде 96 жасқа келіп отырған Ұлы Отан соғысына қатысушы, айтыс ақыны, қазақ журналистикасы ардагерлерінің бірі Қасымхан Алдабергенов 1959 жылы Қостанайда өткен облыстық ақындар айтысында Омар Шипинмен бірге болған екен.
Руханият • 05 Қараша, 2019
Сәкен бағалаған билер дәуірінің әдебиеті
Ұлт мәдениеті, сөз өнері, елтану тарихындағы би-шешендер мұрасы – халықтың көркемдік-философиялық энциклопедиясы. Хан заманы – билер институтының заманы. Сондықтан да 1930-жылдардағы ҚазПИ-дің доценті Сәкен Сейфуллин «Қазақ әдебиеті. Билер дәуірінің әдебиеті» (Қызылорда, 1932) деген еңбегінде шешен-билер мұрасын жинап, жүйелеп, талдап тексереді. «Билер дәуірінің әдебиеті», «Билер сөздері» деген терминдік атаулар ұсынады.