Соңғы жаңалықтар
Медицина • 04 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу бойынша әзірлік жұмыстарымен танысты, одан кейін қаладағы емханалардың бірін аралап көрді. Сондай-ақ министр Абай қаласында бір топ жас дәрігерлерге ведомстволық пәтерлердің кілттерін тапсыру рәсіміне қатысып, жаңадан ашылған кардиооңалту орталығында болды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Өзін өзі тану пәнінің маңызы зор
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... Бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән – өзін өзі тану пәні.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
«Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады
Шілде айында басталған республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оқу жылы басталар тұста тіптен қарқын ала бастады. Бұрын қыркүйектің соңына дейін ғана жалғасатын акция биылдан бастап жыл бойы өтеді. Қазіргі таңда оқушыларды мектепке дайындауға қайырымды азаматтар мен компаниялар, кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысып жатыр.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
Жамбыл облысында бірқатар білім ошағы пайдалануға берілді
Білім күніне орай Жамбыл облысында бірқатар білім ошақтары пайдалануға берілді. Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектептің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, мекеме ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Қазір адам өлімі тіркелген қылмысқа құлағымыз «үйренген» секілді. Түрлі жағдайдағы оқиғалардың соңы жиі адам өлімімен аяқталып жатады. Бірақ облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы, полковник Нұрлан Арыстанов Меңдіғара ауданының орталығы Боровское ауылындағы қылмыстың өңірде бұрын-соңды болмағанын айтты. Егер анасы қыс айында жоғалып кеткен ұлын мамыр айында іздеп, полицияға арызданбағанда, қылмыстың ізі суып кете берер ме еді. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы істі осыдан бір ай бұрын ғана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотқа тапсырды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
«...Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?»
Алла тағала қазақтың иелігіне асты мен үсті байлыққа толы кең-байтақ жерді нәсіп еткені көңіл марқайтпай қоймайды. Алайда осынау Ұлы даламыздың, оның қойнауындағы ризық-несібеміздің қадірін біліп, оны құныттап пайдалану, жанын сала қорғау жағынан келгенде әттеген-ай дейтін тұстарымыз көп-ақ...
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Уақыт көшіндегі жарнама: телевидение ме, блогерлер ме?
Жарнама нарығы да экономиканың бөлігі. Ол тек тауарды ұсыну емес, халықтың мәдениетін, таңдауы мен талғамын да ескере отырып, жұмыс істейтін жүйе. Яғни, жарнама тауар ұсынушыдан тек қаржыны ғана талап етпейді. Заманына қарай адамы өзгергендей, жарнама нарығы да уақыт талабына сай ауысып отырары анық. Теледидардың дәурені өтіп, әлеуметтік желілердің күші басым заманда жарнаманың күйі қандай?
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Тері илеп, жүн түтудің шебері едік
Ежелден малсақ халқымыз төрт түліктің өнімдерін кәдеге жаратып, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен пайдалана білген. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда тері мен жүн сияқты шикізаттың қадірі кетіп, қотанда шіруге айналды. Қазір ауылдарда тері тұздап, өңдеуге өткізетін ер-азамат, жүн түтіп, жіп иіретін әйел жоқтың қасы. Олардың маңдайтердің табысынан қағылуының себебі көп. Кейбіріне тоқталып көрейік.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
Жаңғырту кәсіпорынды күшейтеді
Қарағандыдағы құю-машина жасау зауытының отандық нарықта жұмыс істеп келе жатқанына да 80 жыл болды. Соңғы төрт жылда кәсіпорын кең ауқымдағы жаңғырту үдерісіне бет түзеген болатын. Бұған дейін шахтаға қажетті құрал-сайман, құрылғылар жасап, кеншілерге қызмет көрсететін зауыт енді тау-кен жабдықтарын жөндеу бағытында да өз күшін сынай бастады. Мұндай мүмкіндікке кәсіпорын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің құрамына енгеннен кейін қол жеткізген еді. Бүгінде түгелдей түлеген зауыт атауын да өзгертіп, «Мэйкер» ЖШС ретінде танымал бола бастады.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
Қызылжар – тарихи, археологиялық ескерткіштерге бай өңір. Бүгінде 25 нысан ұлттық және жергілікті киелі жерлер картасына жатқызылған.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2019
Мұхтар Әуезов: «Абай жатқан бір дария, ал мен одан шөміштеп қана алдым», деген екен. Келер жылы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын ел ішінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде тойлағалы отырмыз. Той демекші, бұған дейін де Абайдың әлденеше рет тойы өтті. Ал бұл мерекенің бұрынғысынан ерекшелігі, артықшылығы неде, біз Абай үшін не істей алдық, Абайдың қадір-қасиетіне жете алып жүрміз бе? Әрине ауызды қу шөппен сүрте беруге болмас, ақын еңбектерін араб, ағылшын, орыс, өзбек, қытай т.б. тілдерге аудардық, қыруар шаруалар атқарылды.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2019
Тарихпен тілдескің келсе – музейге бар. Өйткені тағылымды мекен төрінен орын алған шежіре тұнған жәдігерлер галереясы тарих тарамдарын көне заманнан бүгінге дейін шебер тарқатады. Осы дәстүрден жаңылмай жұманың кешінде біз де елордадағы Ұлттық музейге қарай бағыт бұрдық.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында 5 басымдықты атап, елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айтып өтті. Ендігі кезекте осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Реформалар мен өзгерістердің берік базисі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы ел өміріндегі маңызды оқиға болды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Ел ордасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялап, еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді атады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы мен білім алушы жастары Президент Жолдауын үлкен ықыласпен қабылдады.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Эволюциялық даму жолы жалғаса береді
Жаңа саяси маусымдағы көпшілік асыға күткен оқиға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы болды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Мәдениет саласы үшін маңызы ерекше
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барша отандасымыз үшін маңызды, себебі онда еліміздің алдағы даму жолдары айқындалып, басты бағыттар бағдарланды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Жолдаудың басым бағыттары талқыланды
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауының басым бағыттарын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ғалымдар, сарапшылар мен саясаттанушылар қатысты.
Үкімет • 04 Қыркүйек, 2019
Жолдауды іске асырудың жалпыұлттық жоспары
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Жолдаудың басты бес бағытын орындау жолдары анықталды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Жастар ұйымдары еріктілер қозғалысын дамытуға уағдаласты
Бас шаһарда қазақстандық-америкалық жастар форумы өтті. Жастар ұйымдарының арасында байланыс орнату және тәжірибе алмасу мақсатында екі елдің белсенділері волонтерлік қозғалысты дамытуға уағдаласты.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Ақпараттық қауіпсіздік қашанда назарда
Елордада Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңестің «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігінің өзекті проблемалары» атты отырысы өтті.
Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2019
Арқа төрінде адамзаттық мәселе сөз болады
Әдебиет – жалқы тағдырлар арқылы жалпының мұңын шертер жалғыз құрал. Оның қоғамға ықпал етер құдіретті күшін бүгінгі жаһандану дәуірі қатты қажет етіп отырғаны белгілі. Ғылым мен техника қарыштап қатар дамыған сайын адам бойындағы нәзік сезімдер мен ізгі иірімдердің көзі көмескіленіп бара жатқаны белгілі. Сөз өнері – сезім бұлағының қайнары. Әдебиеттің әзелгі мұраты да сол – рухани ресурстарды гуманизм қызметіне біріктіру.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Зейнетақы жинағы: Бүгін де, ертең де қажет қаржы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тың идея айтты. Президент зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа жұмсау тетігін қарастыру қажет екенін жеткізіп, Үкіметке арнайы тапсырма берді. Енді жыл аяғына дейін Үкімет зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алу немесе білімге арнау мүмкіндігін қарастырып, арнайы тетіктер енгізуі тиіс.
Президент • 03 Қыркүйек, 2019
Президент ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал, соның ішінде, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 03 Қыркүйек, 2019
Президент «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
Кездесу барысында мұнай секторындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру және Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы арасындағы өзара іс-қимылдардың келешегі туралы сөз болды. Сонымен қатар, жаңа инвестициялар салу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 03 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Премьер-Министр Асқар Маминнің жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2019
Дариға Назарбаева Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарын қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2019
Азия қаламгерлерінің алқалы жиыны өтті
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 4-6 қыркүйек күндері ел астанасында өтетін Азия елдері қаламгерлерінің І форумына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2019
Түркі Академиясының президенті Әзербайжан жазушылар одағының төрағасымен кездесті
Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаевпен кездесті. Дархан Қыдырәлі кездесу барысында 2020 жылы Түркі Академиясының Әзербайжан жерінде үш жылға жоспарланған кешенді зерттеу жұмысын бастайтынын жеткізді.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2019
А. Көлгінов: Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында алдағы үш жылда кезекте тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.