Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Тараз қаласында жас туристер бас қосты
Елбасының Жарлығымен биылғы жылдың «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Туризм саласындағы жастардың үлесін арттыру мақсатында Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында алғаш рет «Тараз жеріне тағзым» атты жас туристер фестивалі өтті. Үш күнге созылған туризм фестиваліне Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарынан, сондай-ақ, Алматы, Шымкент қалаларынан 14-18 жас аралығындағы 800-ге жуық оқушы қатысты.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Жекпе-жек өнері қауымдастығы аймақтарда жұмыс жүргізуде
Кәрім Мәсімов басқаратын Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығы республика аймақтарында өздерінің өкілдіктерін ашуда. Алматы қалалық Спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітов осы күнге дейін 19 федерация өкілдерімен жиын өткізді.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Әдебиет • 26 Ақпан, 2019
Қазақ-Америка университеті көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының 50 жасқа толу мерейтойының беташар шарасы есебінде «Мәңгілік ел - шежіресі даламның» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
ШҚО Күршім ауданында қалыңдығы 1 метрден асатын қар жатыр
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сенсек, биыл аймақтағы қардың қалыңдығы (орташа деңгейі - 36 сантиметр) жылдағы нормадан 22 сантиметрге жоғары.
Спорт • 26 Ақпан, 2019
Алматыда муайтайдан жарыс өтті
Алматыда муайтайдан ерлер мен балалар арасында дүбірлі жарыс өтіп, түрлі салмақ дәрежелері бойынша мықтылар анықталды.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Қазақстан делегациясы Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің конференциясына қатысты
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің (АҚК) Жоғары деңгейлі Сегменті (ЖДС) және Қарусыздандыру жөніндегі Конференция шеңберіндегі жұмысын бастады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Жансейіт Түймебаев қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 26 Ақпан, 2019
Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Келісімшарт көлемі – 32 млрд 959 млн теңге
Медициналық сақтандыру қоры Батыс Қазақстан облысында 2019 жылы халыққа тегін қызмет көрсететін 51 денсаулық сақтау нысанымен 32 млрд 959 млн теңгенің келісімшартын жасады.
Спорт • 26 Ақпан, 2019
Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінде қола жүлдегер атанды
Нысана көздеуден Үндістанда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Елизавета Король қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
ШҚО-да 14 450 үйге тасқын қаупі төніп тұр
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, өңірде 100-ден астам елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр.
Күрес • 26 Ақпан, 2019
Отандық дзюдошы қыздар Еуропа ашық кубогіне қатысады
Қазақстандық дзюдошылар 2 наурыз күні Прагада өтетін Еуропа ашық Кубогына қатысады. Әйелдер арасында өтетін бәсекеге 200-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
«Барыс» – «Торпедо»: кімнің бәсі жоғары?
Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы мен Төменгі Новгородтың «Торпедосы» бақ сынайды. Екі команда Гагарин кубогының 1/8 финалында кім мықтыны анықтамақ.
Руханият • 26 Ақпан, 2019
Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінің финалына өтті
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Елизавета Король финалға өтті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында қазақстандық студент қайтыс болды
2019 жылғы 25 ақпанда М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында сағат 18.00-де бесінші курс студенті, 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Тамирлан Кирибаев өлі күйінде табылды. Өлімнің алдын ала себебі - тұншығу. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Бибісара Асаубаева туған елге қалай қайта оралды?
Қазақстандық жас шахматшы, Халықаралық шахмат федерациясының шебері Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова спортшының Қазақстанға оралу себептерін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Ұлттық палата кедендегі заңсыз бағаларды заң аясында шешуге бекінді
2019 жыл басталғаннан бері «Атамекенге» кедендегі тәртіпсіздіктер, ондағы заңсыз бағалар, барлық құжаттар түгел болған күннің өзінде де оларға пысқырып қарамау секілді дүниелерге шағым айқан кәсіпкерлердің арызы толассыз келуде. Компаниялар өз тауарларының бағаларының кеден бағасына сай екенін екі күннің бірінде дәлелдеумен әлек.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Батысқазақстандықтардың 87,1 пайызы мемлекеттік тілді жетік біледі
«2018 жылы өткізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы облыс тұрғындарының 87,1%-ы мемлекеттік тілді жетік меңгергенін көрсетті» дейді Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Көкшетау қаласында «Блокчейн» технологиясын пайдалану бойынша семинар өтті
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енеді. Блокчейн технологиясын салық жинау жүйесінде қолдану – төртінші өнеркәсіптік революцияның бір жаңалығы. Жалпы, сандық технологиялар салық және кеден саласын дамытуға зор серпін бермек.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Жеңіс Қасымбек АШМ ұжымына жаңа министрді таныстырды
Премьер – Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымына жаңа Министр Сапархан Кесікбайұлы Омаровты таныстырды деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтеді
Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің орынбасары М. Жүндібаев Жастар жылының шеңберінде өткізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Астана әкімдігін трансформациялаудың екінші кезеңі басталды
Бүгін қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Астана әкімдігі аппаратының кезекті отырысы өтті. Онда қала әкімдігін трансформациялаудың екінші кезеңі талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Спорт • 26 Ақпан, 2019
Қарағанды облысының 40 спорт мектебінде балалар тегін жаттығады
Қарағанды өңірінде балаларды тегін қабылдайтын 40 спорт мектебі жұмыс істейді. 2018 жылы оларға 29 000-нан астам адам жаттығуға келген. Мамандандырылған мектептерде спорттың 68 түрі бар, оның ішінде 40-ы олимпиадалық спорт түрлері.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Бақыт Сұлтанов бірнеше басшыға сөгіс жариялады
Елорда әкімі, сондай-ақ, Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Игорь Алексеевке, «Астана Су Арнасы» директоры Табиғат Зейнулқабденге, кәріз қызметінің бастығы Қуаныш Сұлтанбаев пен Алматы ауданы канализация учаскесінің бастығы Владимир Власенкоға қатаң сөгіс жариялады деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Қарағанды облысында көктемгі аң аулауға шектеу ұзартылды
Қарағанды облысында көктемде аң аулауға мораторий ұзартылды. Биылғы жылы 1 наурыздан 15 мамырға дейінгі аралықта жабайы аңды ату заңсыз деп табылады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
«Рахат» компаниясы отандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы атанды
2018 жылдың қорытындысы бойынша «Рахат» компаниясы қазақстандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы атанды. Осы айтулы оқиғаға орай, бүгін Алматыда кондитерлік фабриканың жетекшілері журналистермен кездесті.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Алматыда «Дүлей апаттардың тәуекелін қаржыландыру» аймақтық форумы өтті
Жер аяғы жібіген көктем айларында күннің күрт жылынуы салдарынан ел аймақтарында су тасқыны қаупінің күшейе түсетіні белгілі. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын елімізде орын алатын су тасқынынан 300 мыңға жуық адам зардап шегетіні анықталған. Тосыннан келген табиғат апаттарына тосқауыл ретінде миллиондап қаржы жұмсалатынын ескерсек, бұл экономиканың дамуына да кері әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Қазақстан үшін ғана емес, жалпы Орта Азия мемлекеттеріне үлкен шығын әкелетін төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселелері Алматыда өткен «Дүлей апаттардың тәуекелін қаржыландыру» аймақтық форумында жан-жақты талқыға салынды.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Ақтөбелік көпбалалы отбасылардың үйлеріне өрт дабылы орнатылуда
Астанадағы қайғылы оқиғаның жаңғырығы: Ақтөбедегі мұқтаж тұрғындардың үйлеріне өрт дабылын хабарлағыштар тегін орнатылуда. Ендігі 150 үй өрт сөндіргіштермен, дербес датчиктермен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілді.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Ақтөбе облысында 4 мыңнан аса кәсіпкер салық рақымшылығын пайдалана алады
2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы тарихында алғаш рет 500 млрд-тан астам салық жиналған. Мұндай мәлімет мемлекеттік кірістер департаментінің облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан жиналысында берілді.