Соңғы жаңалықтар
Әлем • 10 Қыркүйек, 2018
Анкарада Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді
12 қыркүйекте Анкара уақытымен сағат 12:00-де MARRIOT ANKARA қонақүйінде Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды «Kazakh Invest».
Теннис • 10 Қыркүйек, 2018
АҚШ-тың ашық біріншілігінің жеңімпаздары анықталды
Теннистен Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігінің жеңімпаздары анықталды. Жүлде қоры 50 миллион доллардан аса сомманы құраған жарыстың жекелеген сайысында әйелдер арасында жапониялық Наоми Осака оза шапса, ерлер бәсекесінде сербиялық Новак Джоковичке тең келер ешкім табылмады.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Өнер • 10 Қыркүйек, 2018
Миллиондаған көрермен тамашалайды
Сандықтау ауданында тұңғыш рет «The NOMADS» экстремалды реалити-шоуының түсірілімі басталады.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Өнер • 10 Қыркүйек, 2018
Ғасырлар тоғысындағы таңдаулы туындылар
Қазақ бейнелеу өнері қай заманда болса да ұлттық қасиеттің болмысын, ондағы дүниетанымдық көзқарасты сақтап келеді. Әбілхан Қастеев, Молдахмет Кенбаев, Салихитдин Айтбаев пен Айша Ғалымбаевадан жалғасқан бітімі бөлек дегдар өнердің киесін кетірмей, бүгінге жалғаған отандық суретшілер әлемдік өнер аренасында ұлттық тілмен танылуымызға табанды үлес қосты. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің орталық көрме залында салтанат құрған «Ғасырлар тоғысындағы ұрпақтар жалғасы» деп аталған республикалық суретшілер көрмесін тамашалап, қазақ сурет өнерінде өзіндік өрнегі бар 150 қылқалам шеберінің ең таңдаулы туындыларымен таныстық.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Күрес • 10 Қыркүйек, 2018
Қырғыз елінің Шолпан-Ата қаласында дүркіреп өткен үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының барысы жайлы жан-жаққа хабар таратушы қырғызстандық ақпарат көздері моңғолиялық қазақ балуаны Серік Бердімұратұлы туралы аста-төк мақтауларды саршаның сары қымызындай сапырып жатыр.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2018
Молдавия президенті көлік апатына ұшырады
Кишинев-Калараш жолында қарама-қарсы бағыттағы жүк көлігі Молдавия президенті Игорь Додонның көлігіне соғысты. Апат барысында көліктегі 3 адам жарақат алған, деп хабарлайды euronews.com.
Күрес • 10 Қыркүйек, 2018
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында өткен түріктердің дәстүрлі күресі бойынша қазақстандық Әуезхан Құрданқұлов (65 кг) қарсыластарының барлығын шаң қаптырып, алтын медаль жеңіп алып, еліміздің мерейін асқақтатты. Аталған жарысқа әрқандай салмақ түрлерінен 18 мемлекеттен 41 балуан қатысқан-ды.
Кәсіпқой бокс • 10 Қыркүйек, 2018
Осыдан тура 30 жыл бұрын, нақтылап айтсақ, 1988 жылдың 17 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде XXIV жазғы Олимпия ойындарының жалауы желбіреді. Байрақты бәсеке барысында 159 мемлекеттен келген 8,5 мыңға жуық үміткер сайысқа түсіп, спорттың 27 түрі бойынша 263 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Күрес • 10 Қыркүйек, 2018
Дидар ХАМЗА, Азия ойындарының жеңімпазы: Жеңіске жететініме өзім де сенген жоқпын
Азия ойындарында дзюдодан басты үміткерлердің бірі Елдос Сметов қабырғасын сындырып алғаннан кейін, бас жүлдеден күдер үзе бастағанбыз. Дегенмен Дидар Хамза финалға шығып, үміт оты қайта тұтанды. Тіпті азулы ирандық балуанды жеңіп, көптен күткен алтынды еліне сыйлады.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018
Қазақ журналистері шеберлік сабақтарын өткізеді
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды бастайтынын жариялайды. Отандық БАҚ-тың танымал журналистері аймақтық форумдарда жас журналистерге арнап шебердік сабақтары мен тренингтер өткізеді.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Жақында жұмыс сапарымен Үржар ауданының Қарақол ауылына жол түскен еді. Кезінде Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Семейде жарық көрген «Абай» журналының қаржылай демеушісі, «Сарыарқа» газетінің шығарушы редакторы болған, Алашорда үкіметінің атынан Сталинмен Қазақ автономиясы жөнінде келіссөз жүргізген Алаш ардақтысы Халел Ғаббасовтың немере інісі Берікбол Баязитовты іздеп барған едім. Ақсақалдың жасы 80-ге қараса да, қимылы ширақ, жүрісі сергек екен. Бәрінен де мені таңғалдырғаны, қарияның жадысы, ел арасында ауыздан-ауызға тараған ескілікті әңгімелерді ұмытпай есте сақтауы.
Өнер • 10 Қыркүйек, 2018
Ерлан ТҰЯҚОВ, суретші-сценограф: Өнер деген жүректің ісі
Тыныштықты, құпиялықты сүйетін кәсіп иелері болады. Олар – сахнаның сұлулығын, эстетикасын, керек десеңіз тұтастай атмосферасын түзуші мамандар. Ізденіс барысында іштей буырқанады, толқиды, тасиды. Бірақ жасаған жұмысының нәтижесін көп талқысына ұсынар сәтте өзі елеусіз ғана шымылдықтың арғы бетінде қалғанды ұнатады. Қойылымға келген көрермен де спектакль сыйлаған ғаламат әсерді тек режиссер мен актердің еңбегіне балап, сценографтың маңдай тері сол сұлулықтың тасасына жасырынып, сахна сыртынан тылсым тіл қатады. Алайда біздің бүгінгі кейіпкеріміз өзінің көпшілік үшін түсініксіздеу, жұмбақ мамандығына шексіз ғашық. Кәсібі секілді өзі де құпия болып қалғысы келеді. «Сценограф болу сонысымен қызық қой» деп жымия тіл қатар сахна суретшісі ес білгелі тағдырын театрмен тоғыстырыпты. 18 жасынан бастап сахнаның осы бір ерекше әлемін бағындыруды мақсат тұтқан маманның бүгінде өз саласында жеткен жетістіктері аз емес. Италия, Түркия сынды өнері өркениет биігіне көтерілген елдермен бірлесе шығармашылық жұмыстар атқарып, қазақ өнерінің абыройын шет мемлекеттерде лайықты деңгейде асқақтатып жүр. Сондықтан да болса керек, Ерлан Тұяқовты бірлесе өнер тудыруға шақырушы режиссерлер өте көп. Еліміздің маңдайалды театрларының барлығында дерлік Ерланның жұмыстары өзіндік ерекше қолтаңбасында көрерменімен қауышып, көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүр. Суретшімен біздің бүгінгі кездесуіміз де дәл сондай буырқанған шығармашылық жұмыс процесі үстінде өрбіді. Кезекті жаңа қойылымға дайындықты бастап кеткен маманның әңгімесінің әлқиссасы да осы тақырып аясынан тарқатылды.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018
Бала тәрбиесіне ата-ана да жауапты
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе отырып биылғы қыркүйек-қазан айларында еліміздің мектептерінде «ХХІ ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясын өткізеді.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018
Жедел жәрдем жұмысын жетілдіруді көздейді
Астанада 5-7 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық өңірі мен литвалық командалардың қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын дамыту.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2018
Суицидке соқтыратын жағдайды ерте анықтау маңызды
10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде суицидтен жылына 800 мың адам көз жұмады. Бұл дегеніңіз әрбір 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайтынын көрсетеді. Біздің елде де бұл проблема өткір мәселелердің қатарында, әсіресе жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші жоғары болып тұр.
«Qaıran, Kamal! Amerıkany endi ashqandaı bolasyń. Biz bul «pálege ushyraǵaly» qashan...» dep kúrsinedi eken Sheraǵań, Sherhan Murtaza. Shyndyǵynda, burynnan belgili bolsa da, túıini bir tarqatylmaıtyn, dúrkin-dúrkin kóterilip turatyn máseleler bolady.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018
Спорт • 10 Қыркүйек, 2018
Тұрсынай Қабыл Азия-Мұхит аймағы чемпионатында екі «алтынды» еншіледі
Паралимпиадалық пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұрсынай Қабыл Азия-Мұхит аймағы чемпионатында екі «алтынды» еншіледі.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018
Халықты ауылға тарту – мемлекеттік идеологияның өзегі болуы керек
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018
Күйіков БҰҰ мінберінен сөз сөйледі
БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін алғаш рет жоғары деңгейдегі ресми пленарлық отырыс форматында атап өтті. Оған қазақстандық суретші, АТОМ жобасының Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков арнайы қонақ ретінде қатысты.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2018
Сыртқы әлеммен байланыс орнатуда көпвекторлы саясатты темірқазық еткен Қазақстан АҚШ және Ресей елдерімен тығыз ынтымақтастықта. Қазіргі таңда аталған шет мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары саласында орын алып отырған саяси-экономикалық кикілжіңдер мен түрлі деңгейдегі дау-дамайлар еліміздің олардың әрқайсысымен орнатқан екіжақты байланыстарына салқынын тигізе қойған жоқ.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018
Қазақстан-қытай: Экономикалық байланысты екшеген бизнес-форум
Биыл Қытайдағы «Бір белдеу – бір жол» бастамасының жүзеге асып отырғанына тура 5 жыл толды. Осыған орай, Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын арттыруға бағытталған бизнес-форум өтті. Шығыстағы көршіміздің делегациясын Қытай коммерция министрінің орынбасары Жэнь Хун Бин бастап келді. Алдымен форум қатысушыларының назарына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин жолдаған бейнеқұттықтау ұсынылып, онда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқандығы айтылды.