Соңғы жаңалықтар
Парламент • 28 Сәуір, 2018
Сенаторлар ЕКПА сессиясына қатысты
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Төлеубек Мұқашев пен Сәуле Айтпаева 23-27 сәуірде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының Страсбургте болған екінші бөлігіне қатысты.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2018
Денис Тен Атырауда мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сағатын өткізді
Сочидегі Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен Атыраудағы мәнерлеп сырғанауды ұнататындар үшін шеберлік сағатын көрсетті. Шара Мұз айдыны сарайында өтті және оны 500-ден аса көрермен тамашалады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2018
Өскеменде тасқын кезінде көмектескен азаматтар марапатталды
Өскеменде тасқын кезінде бей-жай қарамай, көмек қолын созған мекемелер мен жекелеген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2018
Ертіске құлаған баланы құтқарды
Бұл оқиға 20 сәуір күні болған екен. Бір жарым жастағы Жәңгір есімді ұлын қолына көтерген Перизат Ертіс жағасында үш жастағы ұлы Арланға жалға алған велосипедті тепкізіп жүреді.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2018
Солтүстік Қазақстанда Чернобыль апатының құрбандарын еске алды
Чернобыль атом электр станциясындағы алапат апаттың зардаптарын жоюға қатысқан 8 мың қазақстандықтың 2 мыңы теріскейліктер.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2018
Павлодарда кәсіпорындар бостандыққа шыққан азаматтарды жұмысқа қабылдауда
Облыс орталығындағы «Ридо» ЖШС, «Трубопрокат зауыты» ЖШС, «КазБитумсервис» АҚ, «Кастинг» ЖШС, «Трамвай басқармасы» АҚ, «Компания Нефтехим ЛТД» ЖШС, «№1 Автобус паркі» ЖШС, «Каустик» АҚ –та қазір 130-ға жуық түрмеден шыққан жандар еңбек етуде.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2018
Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайды келіссөздер арқылы реттеуді қолдайды - ҚР СІМ
Қазақстан Пханмунджом шекара бекетінде Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инмен Корея Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын арасындағы саммитті құптайды және корейаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2018
Солтүстікқазақстандықтар халықаралық байқауда үздіктер қатарынан көрінді
Ресейдің Ямал-Ненец автономдық округінде өткізілген халықаралық байқау қорытындыланды. Оған 533 шығармашылық жұмыс түссе, 72-сін қазақстандықтар жолдапты. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын жариялап үздік туындылардыларды анықтады.
Президент • 27 Сәуір, 2018
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 27 Сәуір, 2018
Елбасы Мемлекет басшысы 2018-2020 жылдарға арналған бюджетке қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018-2020 жылдарға арналған бюджетке өзгертулер енгізді - деп хабарлайды akorda.kz.
Президент • 27 Сәуір, 2018
Қазақстанның үш мемлекеттегі жаңа елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның үш мемлекеттегі жаңа елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды akorda.kz.
Президент • 27 Сәуір, 2018
Елбасы ҚХА Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады, деп хабарлады akorda.kz.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Гүлшара Әбдіқалықова ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты, деп хабарлады akorda.kz.
Медицина • 27 Сәуір, 2018
Мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа ХҚО-лар арқылы шағымдануға болады
Астанада Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының жанында шағын Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылды, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Семейде «Әлем халықтарының биі» атты X облыстық конкурс фестиваль өтті
Облыстық фестиваль бұл жолы Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Бұл конкурс тұрақты түрде Семейде өткізіліп келеді. Оның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облыстық Балет мектебі, Семей қалалық әкімшілігі мен қалалық Достық үйі.
Білім • 27 Сәуір, 2018
ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» хабына жетекшілік етеді
Заман өрісі дамып, қоғам талабына сай жаңа мүмкіндіктерге ие болып отырған «жаһандану ғасырында» білім саласы да жаңа тенденцияларға бет бұратыны белгілі. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында ерекше атап көрсеткендей биылғы жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағыты бойынша еліміздің іргелі оқу орындарында заманауи арнайы кадрлар даярлау ісі қолға алына бастады. Соның ішінде, сұранысы аса жоғары IT, пиар-менеджмент мамандарын мейілінше сапалы әрі білікті етіп даярлау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеретін басты фактор екендігіне көз жетіп отыр.
Әлем • 27 Сәуір, 2018
Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды
Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары тарихи саммит нәтижесінде бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Атырауда Румынияның Құрметті консулдығы ашылады
Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чезар Маноле Армяну бастаған делегация Атырау облысына келді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Атырауда 300 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пәтер алды
Атырауда Береке ықшам ауданындағы 300 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылық бөлімдері жазғы маусымға әскери техниканы дайындауды бастады
Ел қорғаны болатын «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығында генерал-майор Нұрлан Қашағановтың басшылығымен өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаратын ер-азаматтар, қыздар белсенді еңбек етуде. Биылғы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге орай енді қысқы кезеңдегі ауыр техникалар жазғы маусымға лайықталған техникалармен ауыстырылмақ.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Қазақстан Бейбітшілікті құру мен сақтау жөніндегі жоғары деңгейдегі БҰҰ іс-шарасына қатысты
2018 жылғы 24-26 сәуірде Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 72-сессиясының президенті Мирослав Лайчактың ұйымдастыруымен Бейбітшілікті құру мен сақтау жөніндегі жоғары деңгейдегі іс-шара өтті. Оның жұмысына БҰҰ мүше мемлекеттерінің елбасылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.
Білім • 27 Сәуір, 2018
Алматыда білім беру ресурстарын жаңғыртуға арналған халықаралық конференция өтті
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз орталығы.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Қазақстанда Delta Bank жұмысын тоқтатты
25 сәуір күні Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Delta Bank» АҚ жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату туралы сот шешімі күшіне енді. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі хабарлайды.
Технология • 27 Сәуір, 2018
Батыс Қазақстанға Фин технологиясы келеді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов 26 сәуір күні Хельсинкиге барып, қалалық инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды өңдеу салалары бойынша фин тәжірибесімен танысты.
Үкімет • 27 Сәуір, 2018
Асқар Мамин Тәжікстан президентімен кездесті
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Душанбеге жасаған жұмыс сапары аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Қаржы • 27 Сәуір, 2018
АХҚО Ислам қаржы қызметтері кеңесінің стандарттарын енгізу бойынша семинар өткізді
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) Islamic Financial Services Board (бұдан әрі – IFSB) бірлесе отырып, Азия Даму банкінің қолдауымен ТМД елдерінің орталық банктері мен қаржы нарығы өкілдеріне арналған «Ислам қаржы қызметтері кеңесінің стандарттарын енгізу бойынша» семинар өткізді.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Астанада 3 мыңнан астам шетел азаматтары емханаларға тіркелді
Астана қаласында 3 мыңнан астам шетелдіктер, яғни «Қазақстан Республикасының резиденті емес» есебінде тұрған азаматтар емханаларға тіркелді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер тест тапсырып жатыр
Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының (денсаулық, білім беру, пошта, ХҚКО, әскери бөлім) қызметкерлеріне тест тапсыртуда.
Білім • 27 Сәуір, 2018
Семейлік студенттер жеңімпаз атанды
Жуырда елордада Enactus Kazakhstan National EXPO 2018 студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының иегері анықталды. Халықаралық көрме аумағындағы Конгресс орталығында өткен дәстүрлі конкурста Семейдің Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің студенттері жеңімпаз атанды.
Қаржы • 27 Сәуір, 2018
Картасыз ақша алып, карта номерінсіз аударым жасауға болады
Жаңа заманауи технология қарыштап дамыған сайын, адам жанына қажеттінің барлығы қолданысымызға енуде. Бүгінде бірер ай бұрынғы жаңалықтың өзі кейінге ысырылып, одан да оңтайлысы, ыңғайлысы адамзат игілігіне ұсынылады. Банк картасын үйге ұмытып кетсеңіз немесе жақыныңызға ақша аудару керек болған кезде, оның карта номерін білмесеңіз не істеуге болады? ForteBank ұсынған жаңа қызметтер тобы қолданушыларын бұл тығырықтан оңай әрі тез құтқара алады.