Соңғы жаңалықтар
Білім • 27 Сәуір, 2018
Семейлік студенттер жеңімпаз атанды
Жуырда елордада Enactus Kazakhstan National EXPO 2018 студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының иегері анықталды. Халықаралық көрме аумағындағы Конгресс орталығында өткен дәстүрлі конкурста Семейдің Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің студенттері жеңімпаз атанды.
Қаржы • 27 Сәуір, 2018
Картасыз ақша алып, карта номерінсіз аударым жасауға болады
Жаңа заманауи технология қарыштап дамыған сайын, адам жанына қажеттінің барлығы қолданысымызға енуде. Бүгінде бірер ай бұрынғы жаңалықтың өзі кейінге ысырылып, одан да оңтайлысы, ыңғайлысы адамзат игілігіне ұсынылады. Банк картасын үйге ұмытып кетсеңіз немесе жақыныңызға ақша аудару керек болған кезде, оның карта номерін білмесеңіз не істеуге болады? ForteBank ұсынған жаңа қызметтер тобы қолданушыларын бұл тығырықтан оңай әрі тез құтқара алады.
Технология • 27 Сәуір, 2018
Google корпорациясы 2011 жылдан бері алғаш рет 11 миллиардтан астам адам қолданатын әлемдегі ең танымал пошта қызметін жаңартты.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Алматының 157 көшесінде тротуарлар жөнделеді
Мегаполисте ұзындығы 30 шақырым жаңа тротуарларды жөндеу мен салу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Қаланың 157 көшесін жөндеу барысында жүргінші жолдары да жаңарады.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Куәліктерді қайта алу мерзімі қысқарды
Қазақстанда азаматтық хал актілері туралы анықтамалар мен куәліктерді (туу туралы, қайтыс болғаны туралы, некені тіркеу немесе ажырасу туралы, сондай-ақ аты-жөнін ауыстыру туралы куәліктер) қайта алу мерзімі 50-ден 15 жұмыс күніне дейін қысқартылмақ, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Жетісу өңірін 105 этнос өкілі мекен етеді
Есеп бойынша бүгінде Алматы облысында 105 этнос өкілдері тұрады екен. Облыс орталығындағы «Достық үйі» шаңырағы астында тұрақты жұмыс атқаратын 26 этномәдени орталықтың аудандар мен шағын қалаларда 45 құрылымдық бөлімшелері тағы бар.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Солтүстік Қазақстан студенттері Арктика экспедициясына қатысады
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Арктика экспедициясына шақыру алды.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Астананың сол жағалауында жол жабылады
Астананың сол жағалауындағы «Шұбар» шағын ауданында көшелер жабылады, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Ұлттық экономика министрінің қос орынбасары тағайындалды
Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа орынбасарларын таныстырды. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз хатшысы Самал Ибраева Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Ұлттардың ұлы достығы – қарапайым адамдардың бір-біріне деген бақай есепсіз, риясыз рухани туыстығынан басталатыны ақиқат. Алайда ешкімге ұқсамайтын айрықша адамдардың, өзгеше тағдыр иелерінің достығы дара.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Искра – ынтымағы жарасқан ауыл
Искра – 90 үйлі шағын елді мекен саналғанымен ауызбірлігі, еңбексүйгіштігі кісі қызығарлықтай. Ауылдың кірсе шыққысыз тазалығы, адамдардың ақжарқындығы, бауырмалдылығы имани қасиеттермен үйлесім тауып тұрғандай ерекше әсер қалдырады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Солтүстік Қазақстан аумағында тасқын қаупі бар
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдерінің айтуларына қарағанда су басу ықтималдылығы жоғары 60 елді мекенде 63 шақырым топырақ бекінісі жасалып, 30 шақырымдай су бұрғыш арналар қазылған.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Астанада ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң отырысы өттi
Астанада «Қазақстан азаматтарының ұлттық бiрегейлiгi: сыртқы көзқарас» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң отырысы өттi.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Ежелден татулықты ту еткен, бірлікті баянды болашақпен байланыстырған еліміз бұл күнде ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Бабалар заманынан желісі үзілмей келе жатқан дархандық пен кеңпейілділік те бұл күнде қазақтың басты ұстанымы. Малын жанының, жанын арының садағасына балаған еліміздің бұл даналық байламы да бірлік пен берекені көздеген ұлы мұратқа негізделген. Татулықты ту етуге арналған Елбасының салиқалы саясаты бұл күнде еліміздің әрбір өңірінде көрініс тауып келеді. Егемен еліміздің шежірелі жылдарына көз салғанда да ежелден қанымызда бар дархандық деген дегдар мінез менмұндалап көрінеді.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2018
Алматыда ұйғыр жазушысы Исмаилжан Иминовтың жаңа кітабының тұсаукесері өтті
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік шаралардың тізбегі белгілі ұйғыр жазушысы әрі саяхатшы Исмаилжан Иминовтың «Қарт қашқарлықтың әңгімелері» атты жаңа кітабының тұсаукесерінен басталды.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
ЮНЕСКО Бас директоры Қазақстанның бейбітшіл бастамалары лайықты қолдау тапқанын мәлімдеді
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бейбітшіл бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан лайықты қолдау тауып отырғанын мәлімдеді. Ол бұл пікірін Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі әрі еліміздің Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиевпен болған әңгіме барысында жеткізді.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақстандық қоғамның жаһандану үдерісіне еркін кірігуінің басты шарттарының бірі – латыншаға көшу, оның негізгі талабы: заманауи технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы білім берудің артықшылығына қол жеткізу екенін айтқан еді.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
«Рухани жаңғыру» жобаларының дені демеушілер есебінен жүзеге асуда
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы өткен жылы 1000-ға жуық іс-шара өткізген. 13 млрд теңге сомасына 118 жоба жүзеге асырылған. Бұл жөнінде сәрсенбіде Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Әлем • 27 Сәуір, 2018
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшылары шекарада кездесті
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен екі елді бөліп тұрған демаркация сызығында кездесіп, қол алысып амандасты.
Білім • 27 Сәуір, 2018
ҚазҰУ ректоры EUA басшылығына ұсынылды
Еуропалық университеттер ассоциациясының (ЕУА) Тағайындау жөніндегі комитеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын аталмыш іргелі халықаралық ұйымның президенті лауазымына ұсынды.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Астанада жалған IELTS сертификаттарын сатқандар ұсталды
Астанада медициналық университет төңірегіндегі дауға қатысы бар екі күдікті анықталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2018
«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жаңа маусымы ашылды
Кеше орталық коммуникациялар қызметінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымының ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Шортанбай Қанайұлы жыраудың рухы жалаңаштанбасын
Ал ХІХ ғасырдың орта тұсынан басталған зарзаманның бас ақыны ретінде бағаланған Шортанбай Қанайұлын бүгінгі ұрпақ жете тани ма? «Келер заман сипаты» сынды ел ертеңіне алаң болған толғауды дүниеге келтірген тұлғаны қазіргі таным тұрғысынан қаншалықты ұлықтай алдық? Міне, биыл туғанына екі ғасыр болатын Шортанбай жырау Қанайұлының мерейтойы қарсаңында осы сипаттағы сұрақтар қоғамдық сананы толғантпай қоймасы анық.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Қазығұртта «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінің ашылу салтанаты өтті
Дәл қазір қазақты серпілткен, сергіткен, барын бағалап, жоғын түгендеген жұмыстардың желісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру идеясы жатқаны анық. Президент өз мақаласында «Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» деген еді. Сол тұғырнама негізінде бір жылдан аса уақыт ішінде ұлттық рухымыз қырандай түледі, қаншама жауһарларымыз жаңғырып, алыптарымыз қатарға қосылды. Соның бір әдемі көрінісі қабырғалы жұртымыздың ұйытқысы саналатын оңтүстікте болды. Ол осыдан 375 жыл бұрын Орбұлақ шайқасында қол бастаған қос қаһарман Жәңгір мен Жалаңтөстей ардақтыларымызға қойылған «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған іс-шаралар еді.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Сәрсенбі күні «Қазмедиа» орталығының 5 студиясында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2018
Таразда өзбек киноларының көрсетілімі өтті
Биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы болып жарияланды. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық пен татулық көкжиегі кеңейіп келеді. Осы орайда туысқан халықтар арасындағы мәдени, рухани байланыстың да нығая түскені баршаға мәлім. Қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мақсатында Тараз төрінде «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бастамасымен көрші ел киноларының көрсетілімі өтті.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
1 мамырда Астанада велошеру өтеді
1 мамырда Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық шеруі» атты велошеру өтеді. Жарыс сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда басталады, қатысушыларды тіркеу сағат 11.00-де өткізіледі. Маршруттың ұзындығы – 4100 м. Велошеруге қатысушылар Астананың сол жағалауымен жүріп өтеді. Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Қазақстан әлемге саяси және экономикалық жетістіктерімен таныла отырып, этносаралық татулық, мәдениеттердің әр алуандығымен үлгі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты түрлі этностарды ұйыстыра білді. Бұл елді татулық пен ізгілікке бастайтын дара жол болып қала бермек.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Астанада жаңа кітаптар таныстырылды
Елордада ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шындығында бұл шараны оқырмандардың мерекесі деп айтуға да болатындай. Осымен үшінші рет ұйымдастырып отырған ауқымды іс биыл Астананың 20 жылдығы мен Өзбекстанның Қазақстандағы жылына арналып отыр. Сәрсенбінің сәтінде басталған көрме-жәрмеңкені дәстүрлі түрде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ашқандығын жазған болатынбыз.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2018
Құтты сөзі мәңгі жасайтын ақын
Алаштың аймаңдай ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Халықаралық Түркі академиясы оның таңдамалы шығармалар жинағының алғаш рет өзбек тілінде жарық көруіне мұрындық болды. Мағжан Жұмабаев өлеңдерін өзбек тіліне талантты ақын, білікті аудармашы, Қарақалпақстанның халық ақыны Мұзаффар Ахмад тәржімалады. Оның Мағжан шығармашылығынан жасаған аудармалары екі халықтың мәңгілік бірлігін нығайтуға, бір ананың қос перзенті секілді туысқан екі халықтың ынтымақтастығын дәлелдеуге қызмет ететіні даусыз. Бұл кітаптың тұсау-кесері 25 сәуірде Астанадағы ІІІ Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі аясында өтті.