Соңғы жаңалықтар
Әлем • 13 Маусым, 2018
Әлем чемпионатына бір күн қалғанда Испания құрамасының бапкері Лопетеги қызметінен босатылды
Ресейдің Краснодар қаласында өткен баспасөз-конференциясында Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес құраманың бас бапкері Хулен Лопетеги қызметінен босатылғанын жеткізді.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Цифрландырылған тарихи-мәдени деректер бірыңғай порталда жинақталады
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру туралы брифинг барысында мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Елімізде республикалық деңгейдегі үш музей-қорығы ашылды — Б. Әбдіғалиұлы
«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы аясында елімізде республикалық деңгейдегі Бозоқ, Ботай және Сарайшық — үш музей-қорығы ашылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Берік Әбдіғалиұлы айтты.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Бір аптаға - ауылға» ғалымдар экспедициясы Алматы облысын аралады
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бір топ ғалымдары «Бір аптаға - ауылға» кәсіби-танымдық экспедиция құрамында Алматы облысының бірқатар ауылдарын аралап қайтты.
Президент • 13 Маусым, 2018
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Арман Жүдебаев Құрманғазы атындағы ҚазҰК ректоры қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Қазақстан Орталық Азия елдерінің жастар кеңесін құру бастамасын ұсынды
11-12 маусымда Ташкентте Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «Экстремизмге күштеу және терроризмге әкелетін радикалдауға қарсы іс-қимыл және алдын алуда жастардың рөлі туралы» тақырыбында өткен халықаралық конференцияның жұмысына қатысты.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Барыстың» құрамы канадалық хоккейшімен толықты
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Астананың «Барыс» клубының құрамы канадалық хоккейші Патрис Кормьемен толықты.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Қандастармен орта толып жатыр - Болат Зауыт
Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Үкіметке «Отандастар» қорын құруды тапсырған-ды. Осы қор құру мәселесі жөнінде өңірде қандай жұмыстар атқарылып жатқаны және өңірдегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелде тұратын қазақтардың балаларының болашағы жайлы «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Болат Зауытпен әңгімелескен едік.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Елбасы Н.Назарбаев өзінің бір кезекті баяндамасында: «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа» деп барлық қазақ жастарына ескерткен еді.
Өнер • 13 Маусым, 2018
Қос ішекте үш ғасырды тоғыстырған
«Мен үшін ең маңыздысы – асыл мұрамыз күйшілік дәстүрді сақтап, оны одан әрі дамытуға қызмет ету» деген ұстаныммен өнер жолында қазақтың қара домбырасын серік еткен Айгүл Нариманқызы қырық жылға жуық ұлттық руханиятымызға қалтқысыз еңбек етіп келеді.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Консерватория қоры «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» кітаптармен толықты
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері алдағы уақытта жаңа оқулықтармен білім алатын болады. Университеттің кітапхана қоры «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында шыққан кітаптармен толықты.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Көкшетаудың облыстық газеті редакциясында он бір жыл, аудандық газеттерінде он төрт жыл, кейін еліміздің бірқатар орталық органдарында, оның ішінде Парламент Мәжілісі мен Сенаты аппаратында, республикалық «Қансонар» журналында абыройлы қызмет атқарған Қапез Қожахметов «Қаламгер әулеті» атты жинағын баспаға ұсынған болатын. Ол таяуда жарық көрмекші.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім бәрінен де қымбат» дейді. Шынында, үлкен үмітпен білім ұясының табалдырығын аттаған сәтте алдыңнан күлімсірей шығатын, шын ниетпен қарсы алатын, әріп танытып, азамат етіп қанаттандыратын мұғалім ата-анадан кейінгі аялы алақан иесі екені анық.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Америкада дәріс оқитын қазақ қызы
1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалып, сол уақыттан бері көптеген қазақ жастары шетелдің озық оқу орындарында білім алып келе жатқаны белгілі. Осындай жастардың бірі өскемендік Райхан ТОҚПАТАЕВА «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2010-2011 жылдары Американың Индиана штатының Уэст-Лафейетт қаласындағы Purdue университетінің магистратурасын тәмамдаған болатын. Содан кейін елге оралып, Астанадағы Назарбаев Университетте 2012 жылдың соңына дейін жұмыс істеген бойжеткен қазір АҚШ-тың жоғарыда аталған оқу орнының PhD докторантурасында оқиды. Жақында Өскеменге қысқа мерзімге демалысқа келген «Болашақ» түлегімен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Әлем • 13 Маусым, 2018
«Реалдың» жаңа бапкері: Месси тарихтағы үздік ойыншы
Кеше Мадридтің «Реалы» команданы келесі маусымда Испания ұлттық құрамасының қазіргі бапкері Хулен Лопетеги жаттықтыратынын ресми түрде жариялады. Әлем чемпионатының басталуына екі күн қалғанда мұндай жаңалықты хабарлауына басты себеп – ұлттық құрама ойыншыларының бұл құпияны өзара сақтай алмауында болған көрінеді.
Аймақтар • 13 Маусым, 2018
Соңғы үш жылда Алматыға келген шетелдік туристер саны 14 пайызға артқан
Алматы шаһарына туристер тарапынан қызығушылық жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда оңтүстік астанаға келген шетелдік туристер саны 14%-ға өссе, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Оңтүстік Кореядан, Индия, Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германия Федеративті Республикасынан келген туристер саны жүз отыз мыңнан асқан.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Аймақ өмірінің айнасы - «Жетісу» газетіне 100 жыл
Сөз жоқ, ХХІ ғасыр – ақпараттық ат ойнату, бітіспес идеологиялық күрес ғасырына айналды. Осындай өрістің өзінде Қазақ елінің байрақты бейнесін әспеттей әуелетер қазақ журналистикасы қандай күйде дегенде мүдіре қоймасымыз хақ! Әйтсе де бүгінгідей ақпарат шеруі әлемді шарпыған шақта журналистиканы дамыту – ұлттық қауіпсіздікті сақтау деп түйсінгеніміз абзал. Бағдарлап қарасаңыз, қазіргі таңда еліміздің идеологиялық мақсат-мұраты, ұлттық асыл қазыналарды сақтап қалу, халықтық қалыпты негіздету секілді ең басты міндеттерінің ауыр жүгін журналистер қауымы арқалап келеді. Және солай болып қала да бермек! Бұл ретте біз де әрдайым аймақтық ата басылымға тән сөз саптап жатсақ – оқырманымыздың олжаға кенелгені. Қатарымызға ұлтжанды, шығармашылық әлеуеті салмақты қызметкер қабылдап, һәм қанаттандырып, түлетіп жатсақ, бұл да – оқырманның ұтқаны. Алдыңғы аға толқыннан кейінгі толқынға келелі ұласқан киелі дәстүрге кір жуытпай келсек, мұнымызды да оқырманның көмбелі қазынасы деп ұққайсыздар!
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Атырауда мемлекеттік тілдің дамуы жайында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру мемлекеттік тілдің дамуына оң ықпал етеді, жаһандану жағдайында ұлттық тілдің сақталуына жол ашады. Атырау облысы әкімдігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушы ғалымдар осы тұжырымды қуаттады.
Аймақтар • 13 Маусым, 2018
Маңғыстауда табиғат қорғаушылар марапатталды
Ақтауда дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Шараны Маңғыстау облыстық экология департаменті мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп өткізді.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасында кемшілік көп
«Нәрсенің затын алмай, атын ғана алып, құр сөз түрінде үйретуден бас тартып, алған білімі өзіне де, мемлекетке де пайдалы болатынын көздеп оқыту керек!» Бұл – қазақ тілінің ғылыми жүйесін негіздеп, қазақ тілі, қазақ әдебиеттануы, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі секілді іргелі ғылымдардың негізін қалаған Ахмет Байтұрсыновтың ХХ ғасырдың басында айтқан сөзі.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Сүлеймен Көшкінов, еңбек ардагері: Астана - бақ-береке мекені
Астанаға алғаш келгеніміз әлі күнге көз алдымда. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Елбасы Жарлығына сәйкес кіші ұлым отбасымен бірге Арқа жеріне, Ақмола қаласына қызмет бабымен қоныс аударды.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Ұлы Дала бояулары» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды
Елордада Қазақстанның экологиялық білім беру бағдарламасы аясында «Ұлы Дала бояулары» атты Республикалық балалар және жасөспірімдер арасындағы байқау жеңімпаздары анықталды. Жобаны Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы ұйымдастырды.
Футбол • 13 Маусым, 2018
Данияның чемпиондықтан дәмесі бар
Дания футболдан Еуропада ең кенжелеп қалған құрамалардың бірі саналады. Мемлекеттің чемпионаты мен клубтары да әлемге аса танымал емес. Бұрындары елде әуесқой футболға көп ден қойып, кәсіпқой футболға онша назар аудармағандықтан Дания ірі турнирлерге тек 80 жылдан кейін қатыса бастады.
Футбол • 13 Маусым, 2018
«Альбиселестенің» арманы – алтын жүлде!
Санаулы күндерден кейін Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталады. Ала доптың айтулы мерекесіне соңғы сәтте іліккен Аргентина құрамасы алтын жүлдеден дәмелі. Бұл турнир «альбиселесте» үшін маңызды болмақ. Біріншіден, кейінгі дүбірлі додаларда Аргентина ақтық сында ғана сүрініп жүр. Екіншіден, биылғы дода құраманың басты жұлдызы Лионель Мессидің соңғы әлемдік турнирі болуы ықтимал.
Теннис • 13 Маусым, 2018
Алматыда теннистен «Almaty Challenger» халықаралық турнирі басталды
Алматыдағы «Горький теннис парк» кешенінде ATP Challenger сериясының теннистен ірі халықаралық турнирінің алғашқы кездесулері өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
Ұлттық спорт • 13 Маусым, 2018
Бескөлде Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған спартакиада басталды
Бескөл кентіндегі «Құлагер ипподромында ұлттық спорт ойындары спартакиадасының бірінші кезеңі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп, Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналды.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форум өтті
Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы туризм саласынан нәпақа іздеген жандардың назарын өзіне аударып жүрген жерұйық мекеннің бірі. Таяуда осы аудандағы Бектауата баурайында туристік-өлкетанушылар экспедициялық жасақтарының «Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форумы өтті.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Атыраулық оқушылар елорда төрінде тұрған зәулім ғимараттарды қолдан жасап шықты
Ақорда, Бәйтерек, Хан Шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, Министрліктер үйі, заманауи тұрғын үй кешені секілді сәулетті ғимараттар Атырауда да бар. Әрине Астанадағыдай аспанмен таласқан ғажайып нысандар емес, бар болғаны қағаздан жасалған көшірме. Бірақ сол қағаз үйлерде қанша баланың арманы мен махаббаты жатыр.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Сарыағаш ауданында 26 емдік-сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді
Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының талап-тілегін ескеріп, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарын бөлу жолымен төрт аудан құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи шешім аудандар тұрғындарын ерекше қуанышқа бөлеп, ел ерекше ризашылығын білдіруде. Халқы көп, тығыз қоныстанған, демографиялық өсімі жоғары өңірде аудандардың құрылуы жергілікті әкімшілік-басқару жүйесінің жұмысын дамытып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндіктер берері сөзсіз.