Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Халықаралық клирингтік жүйені дамытуға арналған меморандумға қол қойды - Қаржы министрлігі
Меморандум нарықтық ортаны құруды қолдау үшін серіктестікте қызмет жасау ынтасын айқындайды, ол Euroclear арқылы шетелдік инвесторлардың қазақстандық жергілікті қағаздарға қол жетімділігін қамтамасыз ететін болады.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Түркістанға іс-сапармен келді
Киелі мекен Түркістан қаласына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ресми сапармен келді, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018
Өскеменде имамдар тұрғындарды үйіне тегін жеткізіп салып жатыр
Алтай мен Алатаудың арасын кезіп, сақ-сақ күлген сары аяз бір жағынан талай жанды әуреге салып, қыспаққа алғанымен, екінші жағынан адамдардың жүрегіне мейірімділік, қайырымдылық сезімдерін ұялатқандай. Кеше бұқаралық ақпарат құралдарынан аялдамада тұрып шыңылтыр аяздың шырмауына түскен Елорда тұрғындарына ыстық шай таратылғанын оқып едік.
Әлем • 24 Қаңтар, 2018
Голландия соты Ұлттық қор активтеріне қойылған шектеудің күшін жойды
2018 жылғы 23 қаңтарда Амстердам қаласы округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Астаналық нәрестелерге жиі қойылатын есімдер анықталды
Әлихан мен Айзере. Елордада өткен жылы дүние есігін ашқан сәбилерге жиі қойылған есімдер – міне осы, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Александр Суханов Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Еркін Тұқымов Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Таяуда телеарналардың бірінде берілген хабарда қазақ кино өнерінде жарқ етіп, көзден жалт болған таланттар қатарында Бағаш Нашарбекованың аты аталды. Осы есім құлақты елең еткізіп, бала кезіміздегі мына оқиғаны ойға оралтты...
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Әбілахат Еспаевтың балалар музыкасына қосқан үлесі зор
«Ахат бізге жиен болып келеді. Олар Шуға келсе, біздің үйге түседі, біз Алматыға бара қалсақ, олардікіне соқпай кетпейтінбіз. Жаратылысынан кеңпейіл, қонақжай жанның үйінен кісі аяғы арылмайтын. Ақкөңіл азаматтың жары да адалынан жолықты. Осы жолы да Ахат пен Назым есіктен күліп қарсы алып, төрде отырған қадірлі қонақтармен таныстырды. Олар тың туындыларымен тыңдарман жүрегінен орын алған аты дардай талантты тұлғалар Шәмші Қалдаяқов пен Нұрғиса Тілендиев болатын. «Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын» демекші, қазақ сазының сайыпқыранына айналған азаматтар – Ахаттың жақын достары. Нұрғиса түйдей құрдасы болса, Шәмшінің бес жас кішілігі бар. Ұлы адамдар қарапайым келеді дегенге сол күні көзім анық жетті. Қазақ өнерінің майталмандарымен бір дастарқан басында әдемі әңгіменің, жарасымды қалжыңның куәсі болдым», деп марқұм әжем жиі айтып отыратын.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
10 жыл ішінде 6,5 тонна есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленді
Орталық Азиядағы есірткі құралдары мен психотроптық заттарға қарсы күресетін өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО- CARICC) қызметіне 10 жыл толды.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018
Алматы облысында пәтер тонау мен ұялы телефон ұрлау фактілері азаймай тұр
2017 жылы Алматы облысының аумағында орын алған жол-көлік оқиғасының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда азайған.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Тәрбие сағаты: Информатиканы терең меңгеру – игілік
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Білім • 24 Қаңтар, 2018
Қазақ ғалымының геометрияға енгізген жаңалығын білеміз бе?
Біз мектепте оқыған кездегідей емес, қазір геометриядан әрбір сынып үшін төрт-бес оқулықтан жазуға «қол жеткіздік». Соған қарамастан, барлығында дерлік әртүрлі қателіктердің кездесетіні басылым беттерінде жиі айтылып жүр. Ал мені бәрінен бұрын оқулық авторларының ғылымдағы бір кездері дұрыс сияқты көрінгенімен, қазір ескіріп, мәнін жойған түсініктерге «бауыр басып» алып, оларды оқулықтарында қайталап жаза беруі, оған керісінше осындай қателіктерді көрсетіп, түзеткен пікірлерді ескермеуі алаңдатады. Жаңалықты іздеп табу ғылымның бірінші міндеті болса, бұрынғы қарастырылып жүрген ұғымдарды дамыту, заңдылықтар мен ұстанымдарды барынша жетілдіре түсу алғашқыдан еш кем түспейтін міндет.
Жемқорлықпен күрес жемісін береді
Еліміздің қай саласында болмасын қолға алынған бірқатар тың бастамалар өз нәтижесін беретін кезеңге жетті. Әсіресе құқық қорғау саласында көптеген игі өзгерістер мен нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіледі деп күтілуде.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2018
Қаздауысты Қазыбек бидің үкімі
Бар қазаққа аты мәшһүр Қаздауысты Қазыбек би толысқан кемел шағында жолаушылап келе жатып, жол-жөнекей Қоңырат елінің шетін ала отауын тіккен жігіттің үйіне түседі.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018
Жамбылдық кішкентай математик Ирандағы жарысқа қатысады
Жамбыл облысының Шу ауданындағы Жібек жолы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Нұрмұхаммад Атымтай – талабы таудай балдырғанның бірі.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Түйткіл: «Крещениені» православие қауымынан артық атап өте бастағандаймыз
Аяз буып тұр ғой – табиғат тіліне дауа жоқ. Ашу да буып тұр – ағайынның діліне дауа жоқ. Күрмелген тіліңді қалай кесерсің, дүбәра діліңді қалай шешерсің?! Қаржасар қауқар қайсымызда, Арқада жүрген ағайын да, Алтайда жүрген ағайын да аяз буғалы «крещенский мороз» деп жүр. Шіркін, «Алтайдың аязы», «Арқаның аязы» деген аяулы сөзді естісек, жарғақ құлағымыз садақа ғой. Арқардың сақасындай сыпа сөзімізден неге жиренеміз?
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018
Жазылған жайдың жалғасы: Ольгинкадағы ағайындардың алаңдауына негіз жоқ
Былтыр өңіріміздің Успен ауданындағы Ольгинка ауылына 21 шілдеде Қытайдан 5 қазақ отбасы көшіп келгені туралы мақала жариялағанымыз («Ольгинкада орта толып жатыр», («ЕҚ», №171, 7 қыркүйек, 2017 жыл) көңіл көзі сергек оқырманның есінде болар. Облыс орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан ауданнан қоныс тапқан қандастарымыздың әлеуметтік ахуалы туралы мақаламызда жан-жақты мәселе қозғаған едік.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018
Жол мәселесіне байланысты Жуалы жұртының жанайқайы
Бұл күнде Жуалы жерінде елуге тарта елді мекенде елу бір мыңға жуық халық тұрады.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Жолдау міндеттерін жүзеге асыруға қатысты пікірлер легі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жылдың басты құжатына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атауын берді.
Әлем • 24 Қаңтар, 2018
Бәкей Ағыпарұлы: Заман талабына сай нақтылы мақсаттар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын оқып, бұл аса маңызды бағдарламаға байланысты өз ойымды ортаға салуды жөн көрдім.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Жолдау: Ұйымдасқан қылмыс сыбайлас жемқорлықты тудырады
Прездиенттің биылғы жылғы Жолдауында заң үстемдігін жетілдіруге, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиісінше назар аударылған. Өйткені Конституция бойынша Қазақстан құқықтық мемлекет. Осыған дейін мемлекеттің өркендеуі үшін заң үстемдігінің маңызы ерекше. Құқықтық мемлекеттің өркен жаюына өзіндік кедергі, зиян келтіріп жатқан мәселе – жемқорлық. Жолдауда атап көрсетілгендей, соңғы 3 жылда республикада жемқорлық қылмыс үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталған. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде залалы болған.
Медицина • 24 Қаңтар, 2018
Салық кодексінде электронды саудаға қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіндегі бірқатар жаңашылдықтар еліміздегі интернет-саудаға да ықпалын тигізбек. Ендігі уақытта электронды сауда-саттық қалай жүргізіледі? Осы кәсіппен айналысатындарға Салық кодексінде қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бұл туралы Қаржы вице-министрі Қанат БАЕДІЛОВ баяндап берді.
Қазір бұрынғыдай емес, алыс-жақындағы ауыл-аудандардың жай-күйін әлеуметтік желіден көріп-біліп отыратын болдық. Әсіресе табиғат тосын мінез танытқан тұста шалғайдағы өзекті мәселелер еміс-еміс естіліп қалып жатады.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Аязды күнгі өңірлердегі жағдай қалай?
Ауа райы «Аяз – мүйізді, мүйіз – тұқылды қысадының» көкесін көрсетіп тұрғанына бірнеше күн болды. Қызылшұнақ қаһарына мінерден бірер күн бұрын-ақ синоптиктер, төтенше жағдайлар комитеті елге ескерту жіберіп, қамдану керектігін айтқан-ды. Қазір оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, қызу жұмыс жүріп жатыр.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Дархан Мыңбай: «Тәуелсіздік дәуірі» – тұтас бір кезеңнің құнды дәуірнамасы
Ұлысымыздың ұлы күніне, яғни ең басты құндылығымызды байыптайтын ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күніне еліміз ерекше дайындалады. Бұл – елдік дәстүрдің айнымас жолы. Өйткені біз ширек ғасырда күллі нәтижеге Елбасының салиқалы саясатымен, еліміздің баянды еңбегімен, айрандай ұйыған этностардың береке-бірлігімен жеттік.
Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2018
Қысқы Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні мәлім болды
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатындары белгілі болды.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018
Ертең Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды
Астана қаласының Білім басқармасы күннің суықтығына байланысты ертең де мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлайды.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2018
Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру, құқық қорғау қызметін, атқарушылық іс жүргізу мен сот сараптамасының мәліметтерін цифрландыру жайы, сонымен қатар азаматтық авиацияны одан әрі дамыту мәселелері қаралды.