Соңғы жаңалықтар
Ауа райы • 06 Қаңтар, 2010
Қысқы шілдеде Қостанайдың ауа райы құбылып берсін. Өңірде қыс биыл да кеш түскен. Қарды қостанайлықтар желтоқсанның ортасы ауа көрді. Қармен бірге аяз келді, сынап бағанасы 40-қа дейін төмен түсіп кеткенде жұрт табиғаттың тамаша құбылысын қызықтады – таяқ тастам жер көрінбес ақ тұман тұрып алған.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2010
СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСА БЕРЕДІ Жаңа жыл облыстағы Май, Железинка аудандары мен Ақсу қаласы тұрғындары үшін қуанышты көңілмен басталды. Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы аудан орталықтары Көктөбе мен Железинкада, өндірісті Ақсу қаласында жарқыраған жаңа ауруханалар пайдалануға берілді.
Оқиға • 01 Қаңтар, 2010
Жазушы Әлібек Асқаровқа арнаймын: Қабырғасына ұлылардың үні ұя сап қалған Ла Скаланың алдында тұрдым. Әйгілі театрды әлемнің әр қиырынан табан тоздырып жеткен жұрт қоймай қызықтайды. Әр тасына тамсанады.
Басылым • 01 Қаңтар, 2010
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ БАЙЫРҒЫ БАСЫЛЫМЫ: Дүбірлі дәуіріміздің ірілі-ұсақты оқиғалары зымыран Уақыт таразысына тартылып, елеп-екшеле келе, тарих тәбәрігіне айналады емес пе. Егемен еліміздің байырғы басылымдарының бірі –“Казахстанская правданың” бастауында тұрған “Известия Киргизского края” газетінің сарғайған нөмірлерін қолыма алғанда ерекше бір күйге бөленемін. Аумалы-төкпелі төңкерістен кейін іле-шала азамат соғысына ұласқан сұрапыл жылдарда жалын жұтып, от шайнаған жаңа заман жаршылары – газет кейіпкерлерімен емен-жарқын әңгімелесіп, сұхбат құрғандай боламын. Қорғасын әріптермен өрілген көмескі жолдарда Замана шежіресі хатқа түсірілген. Бұл шежіреге де, міне, тоқсан жыл толып отыр.
Сатира • 01 Қаңтар, 2010
ЕСКЕРТКІШ Қарапайым өңді, кең жауырынды, қолдары сүйел” деп таңдағаны зауыттың бас есепшісі болып шығады... Бас есепшінің қаланың қақ ортасында тұруына зауыт дирекциясы бірден қарсылық білдірді. Оның үстіне ол жарықтық есеп-қисаптан мүлт кетіп, ісі әне-міне сотқа тапсырылмақ екен. Таңдауға дирекция өзі кірісіп, еңбек көрсеткіші тәуір деген екі адамға тоқталған екен, оның бірі...