Редакция таңдауы
Алматылық 7 млн теңгеге жалған жолдама сатып алған
Алматылық 7 млн теңгеге туристік жолдама сатып алған. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Қазан, 2020
Премьер-Министр Кеңсесі басшының орынбасары тағайындалды
Премьер-Министрдің Өкімімен Биахметов Асқар Сақтағанұлы Премьер-Министр Кеңсесінің басшының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
21 Қазан, 2020
Облыс әкімі әншіге құрмет көрсетті
Арқа өңірінің атқамінерлері өнер адамына айрықша құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қазан, 2020
Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылады
Бұқар жырау ауданындағы Центральное ауылына Ресейдің Омбысынан келген қонақтан коронавирус инфекциясының белгісі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қазан, 2020
Екібастұзда электр энергиясы арзан әрі мол. Бұлай болуы заңдылық та. Себебі кеншілер шаһары елдегі электр энергиясының 40 пайызын өндіріп отыр. Дәл осы фактор шетелдік инвесторлардың өңірге деген қызығушылығын арттыруда.
21 Қазан, 2020
Спорт пандемияға тізе бүкті ме?
Спорт – көңіл көтеру емес, жаттығу-шынығу, саламатты өмір салтын ұстанудың түпкі мақсаты – иммундық жүйені көтеру. Індет іргесін кеңге жайған шақта жаттығуды күшейту керек еді. Алайда Маңғыстауда спорт тоқырауға түсіп, белді-білекті, тәжірибелі жаттықтырушылардың күнкөріс қамын күйттеп өзге салаларға бет бұруы, таксист болып нәпақа іздеп кетуі кездесуде.
21 Қазан, 2020
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті. Бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індетімен күрес әр елде түрлі бағытта жүріп жатқаны белгілі. Тұманды Альбиондағы беделді саналатын University College London университетінің профессорлары Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның «Айды ату операциясы» (Moonshot operation) деп аталатын бағдарламасын сынға алады. Мақала авторларының пайымдауынша, күнделікті тестілеу санын көп мөлшерде жүргізгенімен, нақты шаралар қабылданбаса, ондай қадам өзінің жемісін бермейді. Керісінше медицина қызметкерлерін шатастырады. Осы орайда, коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қазақстандық саясаткерлер де мақалада айтылған сындарды ескеріп, сабақ алады деп үміттенеміз. Таяуда ғана, 7 қазанда жарық дүниемен қоштасқан ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, Арктиканың еруі – жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған бомба секілді. Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын бомбаның жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай. Бұл мәселеге халықаралық қоғамдастық та бей-жай қарамайтыны түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебатында сөйлеген сөзінде климаттың жылынуына ерекше мән берген еді. «Климаттың өзгеруі – өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз», деген Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге шақырды. Ендеше, М.Молинаның мақаласы Мемлекет басшысы айтқан мәселемен үндесетіні сөзсіз.
21 Қазан, 2020
Маңғыстаулық бапкер Марат Жәкиев бір шоғыр бокс жұлдызын тәрбиелеп, үлкен аренаға шығарғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, Әділбек Ниязымбетов Лондон мен Рио олимпиадаларында, Баку мен Алматыдағы әлем чемпионаттарында күміс алып, Азия ойындарының жеңімпазы және Азия чемпионы атанды. Берік Әбдірахманов – әлем біріншілігінің қола жүлдегері, құрлық чемпионы. Бұл күндері шаршы алаңды шайқап жүрген Бекзат Нұрдәулетовтің әлем чемпионы деген дардай атағы бар. Ал сол Жәкиевтің қол астында жаттыққан жігіттердің арасынан алғашқы болып аса ірі додаларда дараланған Ердос Жаңабергенов еді...
21 Қазан, 2020
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ұлттың абыройын ұлықтаған» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
21 Қазан, 2020
Қазірде небір ықылым заманнан бері қалыптасқан және тереңге тартқан тамыр қуатынан айырылған, жартылай шөлді аймаққа айналып құрып бара жатқан Ақтоғайдың сайын даласына қарап отырып жанарымызға жас толады, көңілді мұң қамайды. Аспанын ғарыш кемелері тілгілеп, жерін оның протонға толы ракеталары улады. Өкпек жел мен тасқын сулары шайып, ежелден бері халқына құтты қоныс болған кең байтақ өлкесі ХХ ғасырдың аяғында сырқат халге тап болды. Қазір бүкіл аймақ апат алдында тұр. Бір кездері төрт түлік мыңғырған малға өріс болған жайылымдар тозып, өзен суы азайып, бұлақтары сарқылып, орман-тоғайы сиреп, жер азды. Түйеден – жампоз, жылқыдан – тұлпар, қойдан – бағылан, ешкіден асыл тұқым өсіріп емін-еркін күн кешкен ел-жұрт егемендік алғаннан кейін ертеңіне елеңдей бастады.
21 Қазан, 2020
Алан Бөрібаев: Бұл жоба ілгерідегі ізденістерімнің жалғасы
Жақында «Астана Опера» театры сахнасында әлемдік деңгейдегі әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаевтың «Мольер, Вольтер және Бомарше немесе француз комедиясының негізін салушылар» атты бірегей авторлық жобасының премьерасы зор табыспен өтті. Маэстро кезекті рет көрермендер аудиториясына отандық қана емес, сонымен қатар халықаралық музыка әлемінде де теңдесі жоқ бағдарлама ұсынуға қабілетті жоғары деңгейдегі кәсіби маман екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Кеш соңында айтулы жоба турасында талантты дирижермен аз-кем ой бөліскен едік.
21 Қазан, 2020
«Адамзаттың ақыл-ойы табиғат заңымен үйлеспесе, онда ол бақытсыздыққа ұшырайды», деген екен Анахарсис. Бүгінде әлемде адамзатқа ортақ проблема көп. Соның бірі әрі бірегейі – қоршаған ортаны қорғау. Кейінгі кезде оның жағдайы туралы дүние жүзіндегі аты шулы ғалымдар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар аз дабыл қағып жатқан жоқ.
21 Қазан, 2020
Шағын ауданның мәселесі шаш-етектен
Баланың лего құрастырғанындай Өскеменнің 19-шағын ауданына көпқабатты үйлерді бірінен соң бірін салып-ақ жатыр. Алыстан қарасаңыз, сәулетіне көз тояды. Ал сапасы талайды сан соқтырған.
21 Қазан, 2020
Ерте кезден Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы мен кесенесі Түркі дүниесінің киелі рухани құбылысы болғанмен, тарихи шаһардың тағдыры да, жөні де бөлек. Кесене ХІІ ғасырдағы ақын, ойшыл, ағартушы, сопылық ілімінің негізін қалаған Қожа Ахмет Яcауидің құрметіне салынған. Ел арасында дәстүрлі атауы – «Әзірет Сұлтан». Қала ныспысына келсек, ХVІ ғасырдан бастап құжаттарда «Түркістан» деп жиі қолданылады.
21 Қазан, 2020
Павлодар қаласының әкімі қанша айлық алатынын айтты
Павлодар қаласының әкімі қанша айлық алатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Қазан, 2020
Үкімет басшысы Сума Чакрабартимен кездесу өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Қазан, 2020
Әншілер әннің фонограмма екенін ескертетін болады
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қазан, 2020
Чикагода Трамппен кездесуді талап еткен қырғыз жігіті жазалана ма?
Чикагода белгісіз ер адам Trump Tower ғимаратына арқан байлап мініп, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Қазан, 2020
Айдың бірінші жартысында Республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады. Қараша айында жауын-шашын, қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қазан, 2020
Шуда полицейлерге қарсы арнайы операция жүргізілді
Жамбыл облысы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және арнайы мақсаттағы бөлімшелер есірткі сатады деген күдікке ілінген полицейлерді ұстау үшін арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Қазан, 2020