Редакция таңдауы
Алматы облысының Талғар ауданында жаңа әкім тағайындалды
Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов Талғар ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Тамыз, 2020
Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы құрылыс сапасын қатаң бақылай отырып, кезекті рет атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы Өргебас, Фирдауси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылап, тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Тамыз, 2020
KASE таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Тамыз, 2020
Африкада коронавирустың екінші толқыны басталды
Материк бойынша миллионға жуық адамда коронавирус инфекциясы расталды. Сарапшылар вирустық инфекцияның екінші толқыны басталғанын айтады.
17 Тамыз, 2020
Алматыда эпидемиялық ахуал тұрақтанды
Жаһандық пандемия алдымен ауыз салған Алматы қаласының тіршілігі өз арнасына түсетін күндер де жақындаған сыңайлы. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте 5 шілдеде қайта күшейтілген шектеу шараларының енгізілуі нәтижесінде эпидемиялық ахуал тұрақтанғаны туралы мәлімдеп отыр. Эпидемиялық жағдайдың тұрақтануы КВИ-мен күресуге қатысқан клиникалардың бұрынғыдай, қалыпты жұмыс режіміне біртіндеп көшуіне мүмкіндік берді.
17 Тамыз, 2020
Кеңжолақты интернет келе жатыр...
Дерек бойынша Қазақстанда интернет тұтынатын абоненттер саны 17,5 млн адамға жеткен. Оның ішінде 15 млн тұтынушы ғаламтор қызметін ұялы байланыс желісі арқылы пайдаланып отыр. Ал осы сәтте елімізде жылдамдығы жоғары әрі кеңжолақты интернетті қолданатын 14 млн 800 абонент бар екен.
17 Тамыз, 2020
Ертіс өзенінің алқабы ерекше қорғалмақ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Павлодар қаласының жұртшылығымен кездесуде Ертіс өзенінің алқабына мәртебе беру үшін бұрын аяқталмаған техникалық-экономикалық негіздеме пысықталып жатқанын жеткізді.
17 Тамыз, 2020
Кітап дүкеніндегі балаларға арналған кітаптардың арасынан кездейсоқ «Күлшеқыз» ертегісін көріп қалдым. Бұл ертегіні білмейтін адам жоқ шығар. Біз де бала кезімізде осы ертегі желісімен түсірілген орысша мультфильмдер мен киносын көргенбіз, қазақша кітабы кейін шықса керек.
17 Тамыз, 2020
«Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерді жан-жақты қолдауда
Таяуда орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшиннің қатысуымен онлайн брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында негізінен «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы сөз болды.
17 Тамыз, 2020
Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жемісін айқын мақсатты көздеген мемлекет те, бірлесе әрекет етуге белін буған кәсіпкер де көріп отыр. Алайда елге берер несіп пен өрісі кеңір кәсіпті бизнесмендердің басым көпшілігі түсіне бермейді. Қалтасын қағып, қаржы құюдан тартынады. Мұндайда тиімді жобаны тәптіштеп түсіндіре білетін білікті маманның жұмысы аса маңызды. Мұндай білікті азаматтардың қатарында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ фронт-кеңсесінің бірінші вице-президенті Шынасыл Жеңісұлы Ерназар да бар.
17 Тамыз, 2020
Жастар жылының жалғасы іспетті биылғы 2020 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Волонтер жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы ретте Түркістан облысында Волонтерлер қозғалысы қалай өріс алып жатқанын облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Өміртайдан сұрап білдік.
17 Тамыз, 2020
Жуырда осындай тақырыппен «Егеменнің» ардагері, бүгінде Алматыда тұратын семейлік журналист-жазушы Дәулет Сейсенұлының көрнекті абайтанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедханов туралы деректі кітабы шықты.
17 Тамыз, 2020
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа вирусты жаһандық қауіп деп жариялағалы міне, алты айға жуық уақыт болды. Ол кезде, яғни жыл басында он мыңнан астам адам вирус жұқтырып, екі жүз адамның қайтыс болғаны белгілі еді. Бұл жағдай басында тек Қытайдың мәселесі болып көрінгені де рас.
17 Тамыз, 2020
Келесі аптада қазақстандық футбол командалары 2020/2021 жылғы Еурокубок бәсекелеріндегі жорығын бастайды. Пандемияға байланысты биылғы Еуродода матчтары белгіленген мерзімнен бір айға кеш басталып жатыр. Былтыр бұл уақытта командалар іріктеудің бел ортасынан асып, үшінші кезеңіндегі ойындарын өткізіп жатқан-ды. Жақында жаңа маусым алдында Швейцарияның Ньон қаласында жеребе тарту рәсімі өтіп, байрақты бәсекеде сынға түсетін командаларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
17 Тамыз, 2020
Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады
19 тамызда Қазақстанда теле, радиохабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Egemen.kz "Қазтелерадиоға" сілтеме жасап хабарлайды.
16 Тамыз, 2020
Алматыдан 237 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 тамыз 19 сағат 06 минут 33 секундта Алматы қаласы маңында жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2020
Демалыс күндері бірқатар нысанның жұмысына тыйым салынады
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, демалыс күндері бірқатар нысанның жұмысына тыйым салынады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2020
Қазақстан бас санитар дәрігерінің толықтырулар енгізілген жаңа қаулысы шықты
Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Тамыз, 2020
Елордада карантин шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіледі
17 тамыздан бастап, шектеулі карантин шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Тамыз, 2020
Ақтөбелік жүргізуші СҚО полицейлеріне алғыс білдірді
Жуырда Жезқазған-Петропавл тас жолының 739 шақырымында СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин мен СҚО ПД ППБ Бірінші взводы командирінің міндетін атқарушы Дмитрий Белоусов жолдың жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Бұл Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Исмагуловтың 20 тонна кебек тиелген жүк көлігі екен. Ауыр салмақты ескі дөңгелек көтере алмай жалба-жұлбасы шығып, жарылған.
16 Тамыз, 2020