Редакция таңдауы
Бейрут айлағында тағы да өрт шықты
Бейрут айлағында тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Қыркүйек, 2020
Министр Қырғызстан және Үндістан СІМ басшыларымен кездесті
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің алаңында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасы мен Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қыркүйек, 2020
Асхат Аймағамбетов "қашықтан оқытуға бөлінген 70 млн доллар" туралы айтты
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға 70 миллион доллар бөлу туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қыркүйек, 2020
17 жастағы студент бие сүтінен косметика жасады
Павлодарлық 17 жастағы студент бие сүтінен косметика шығаруда, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
10 Қыркүйек, 2020
Ең көп жүктелетін мобильді қосымшалар белгілі болды
TikTok 2020 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ең көп жүктелетін мобильді қосымша болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қыркүйек, 2020
Грекиядағы ең ірі босқындар лагері жанып кетті
Грекиядағы ең ірі босқындар лагері түгі қалмай жанып кетті. Бұл Лесбос аралындағы Мориа босқындар лагерінде осы аптада орын алған екінші өрт. Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні болған алғашқы оқиға салдарынан лагерь қатты зардап шеккен еді, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Қыркүйек, 2020
Талапқа сай келмейтін тамақ өнімдері
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының Алматы қаласы бойынша филиалына сараптамаға 434 тамақ өнімдерінің және 120 балалар ойыншықтарының үлгілері жеткізілді. Барлық сынамалар Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі шеңберінде сатып алынды.
10 Қыркүйек, 2020
ГРЕКО атқарушы хатшысы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларына оң пікір білдірді. Джанлука Эспозито Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысты пікірімен бөлісті.
10 Қыркүйек, 2020
Каспийден балық ауласақ қайтеді?
Атырау облысында кәсіптік балық аулау жүзеге асырылатын үш су қоймасы бар. Бұл – Жайық, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінің Қазақстандағы бөлігі. Аталған су айдындарынан 18 балық шаруашылығы құрылымы балық аулайды. Бұл құрылымдарда 617 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Биыл атыраулық балықшылар 6492 тонна балық аулап, квотаның 87 пайызын игерді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәлім етуінше, Қазақстанда ауланатын балықтың 29,2 пайызы атыраулық балықшылардың үлесіне тиеді. Бұл – шамамен 13 мың тонна.
10 Қыркүйек, 2020
«ҚазМұнайГаз» өңірлерді дамытуға 7,6 млрд теңге қаржы бөлді
«Egemen Qazaqstan» газеті бүгінгі материалында «ҚазМұнайГаз»-дың 2019 жылғы тұрақты дамуы туралы есебіне шолу жасап, компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін талқылайды.
10 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі
Мемлекеттік басқарудағы жаңа модельдің бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Бұл мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне, сондай-ақ оларды орындау жауапкершілігіне көзқарасты өзгерту үшін қолға алынған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне тағы да кеңінен тоқталды. Өйткені елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құрудың алғышарты бар.
10 Қыркүйек, 2020
Абыздың абыздығын айқара ашқан
«Абыз Әбіш»... Алаштың аймаңдай дара тұлғаларының біріне айналған Әбіш Кекілбаевтың ойшылдығын толғаған осынау кітапты жазуға салиқалы қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахманов сонау жас шағынан бастап өмір бойы іштей, үзбей, терең дайындық жасағандай көрінеді. Алаштың Әбішін қырық жыл қатар жүрген Сауытбек інісінен артық білер, кеңінен түсінер адам бар да шығар, бірақ некен-саяқ болар.
10 Қыркүйек, 2020
Елбасы резиденциясының есігі ашық
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бірінші резиденциясы ғимаратында орналасқан Елбасы кітапханасы 3 қыркүйектен бастап келушілерге есігін ашты. Мұнда тақырыптық экскурсиялар 10 адамнан аспайтын топтарға алдын ала жазылу арқылы тегін көрсетіледі. Яғни кітапхана карантин кезінде қалыптасқан талаптарды сақтай отырып, көпшілікпен байланыстың жаңа форматына көшті.
10 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі тұжырымдардың астарында, дәл қазіргі жағдайда, халқымыздың санасындағы «Дағдарыс» сөзін «Мүмкіндік» ұғымына біржолата ауыстыру уақыты келгенін меңзейтін ой жатыр. Әрине, бұл – аса батыл, қажетті әрі іске асуы тиіс мақсат.
10 Қыркүйек, 2020
«Әйелге тән емес» кәсіпте әйелдердің жетістігі көп
Энергетика дәстүрлі түрде ерлер саласы болып саналады. Күйзеліске төзімділік, қатаң талапшылдық, жылдамдық және кей кезде салқынқандылық – энергетик жұмысындағы осы қасиеттер мықты ер адамның бейнесін сомдайды. Дегенмен әйелдер де электр энергетикасы саласында бұрыннан өздерінің берік қағидаларын ұстанған.
10 Қыркүйек, 2020
Әр түйір дән алтынға баланған шақ
Биыл облыста 4905,9 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар тұқымы себілді. Мұның ішінде бидай 3698 мың гектарды, арпа 651,6 мың гектарды, сұлы 60 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ тары, қарақұмық, ноқат, бұршақ, майбұршақ және жасымық тұқымдары да былтырғы ауқымнан көп себілді.
10 Қыркүйек, 2020
Тағдырдың жазуына амал бар ма? Сұм ажал тамыздың екінші жұлдызы күні Алаштың арда ұлы, ел мақтанышы Жақсылық Үшкемпіровті арамыздан алып кетті. Төбемізден жай түскендей болды. Жақсылықпен таныс болған қырық жылға таяу уақытта төрт Олимпиада ойындарында, Алматы мен Астанада өткен қысқы Азия ойындарында, бірнеше халықаралық жарыстарда, Өскемен мен Семейде, Шығыстың аудандары Көкпекті, Жармада бірге болған едік. Сонда байқағаным, Жәкең нағыз халықтың сүйікті ұлы болды.
10 Қыркүйек, 2020
10 қыркүйекте көрсетілетін телесабақтардың кестесі
Білім және ғылым министрлігі 10 қыркүйекте өтетін телесабақтардың кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2020
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына қар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
09 Қыркүйек, 2020
Грекияда Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалатын радио ашылды
Грекия елінде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
09 Қыркүйек, 2020