Редакция таңдауы
Үдемелі салық жүйесінде шетелдік тәжірибелер ескеріле ме?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан үдемелі салық мәселесі қызу талқыға түсті. Қоғамды алаңдатқан бұл мәселенің футболшы Криштиану Роналду мен актер Жерар Депарьдеге қандай қатысы бар? Осы орайда Мемлекет басшысы ұсынған жүйенің әлемдік тәжірибеде қалай қолданылып жүргеніне көз жүгіртіп көрген едік.
21 Мамыр, 2020
Пешке жасырылған құжаттың құпиясы
Тереңкөл ауданына қарасты Тегістік ертеректен бері сақталып қалған шағын ауыл. Қуғын-сүргін кезінде ауылға келген 25 неміс отбасының ішінде Шнайдерлер де болды. Кейін Тегістікте Бишельдер, Шнайдерлер ғана тұрақтап қалды. Біз сол ауылға барып, Шнайдерлер әулетінің келіні Валентина Николайқызымен, оның ұлы Владимир Шнайдермен кездесіп, әңгімелескен едік.
21 Мамыр, 2020
Ақтөбе облысы – тау түгілі, төбесі жоқ дерліктей қазақтың кең жазық даласындағы өңірлердің бірі. Дегенмен, аймақ аумағында шоқылар мен жоталар жетерлік. Ақтөбе қаласының маңындағы осындай шоқылардың бірін жергілікті тұрғындар Түйетөбе деп атап кетіпті. Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдар жаңғырығы дәл осы тұстан елес беріп тұрғандай. 30-жылдары Ақтөбе өңірінде 8 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге тап болып, олардың екі мыңнан астамы ату жазасына кесілген екен. Көпшілігінің мүрдесі осы Түйетөбе сайында жатыр.
21 Мамыр, 2020
Сүйікті газетім «Еgemen Qazaqstan» қашанда игі істердің басында жүреді. Солардың қатарынан кейінгі сандарында жарияланған амандасу туралы мақалалар ойып орын алады, санасы барға ой салады. Мақала жазып, ой қозғағандарға мың да бір алғыс айтамын.
21 Мамыр, 2020
Қадірлі қария болғыңыз келсе...
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген тәмсілді жиі қолданамыз. Бірақ сол қазынамыздың қадіріне жете білдік пе? Төрімізде отырып төрелік айтатын төрешілерімізді төмендетіп алған жоқпыз ба? Алатаудай ақылшыларымыз аласарып қалған жоқ па? Олардың бүгінгі бедел биігі өз деңгейінде ме? Атаның айтқанына, кейуананың кеңесіне құлақ түріп, құп алатын жастар бар ма? Үлкендердің үні, бағыт-бағдары – бүгінгі қоғамға ауадай қажет. Себебі мың жерден заман дамыды десең де, ғаламтор ғажайып десең де, оның да білмейтін тұстары жетерлік.
21 Мамыр, 2020
Митингтер туралы заңның тиімді тұстары көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның митингтер туралы заңнамасын жетілдіру туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы қызу талқыланып жатыр.
21 Мамыр, 2020
Жаңа оқу жылында мектептер қандай форматта оқытады?
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылы қандай форматта басталуы мүмкін екенін айтты.
20 Мамыр, 2020
Шетелдік БАҚ-қа шолу: Стратегиялық құжаттың кемшін тұсы бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысқаны мәлім. Аталған онлайн жиын барысында 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық дамуы талқыланды. Президент осы құжаттың кей бөлімін қайта талқылап, әлі де пысықтай түсу керектігіне назар аударған. Қ.Тоқаевтың осы ұсынысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен айтылды.
20 Мамыр, 2020
Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы біздің қоғамның талабына сай келеді - министр
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді.
20 Мамыр, 2020
Митинг туралы заң: Сенат енгізген түзетулер Мәжілісте мақұлданды
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан қолдады.
20 Мамыр, 2020
Зеленский Құрбан айт пен Ораза айтты мемлекеттік мереке етіп бекітеді
Украина президенті В.Зеленский Құрбан айт пен Ораза айтты мемлекеттік мереке етіп бекітіп, Киевте үлкен мешіт салуға ниетті. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
20 Мамыр, 2020
Баспаналы болу жеңілдеп келеді
Әлемді әлекке салған індет соңғы екі айда біздің елдің тұрғындарын да есеңгіретіп тастағаны рас. Халық төтенше жағдай режімін де көрді. Көнді. Аллаға шүкіршілік, енді төтенше жағдай режімі аяқталды. Бірақ карантин жалғасуда. Бұл нені аңғартады? Бұл індеттің беті әлі қайтпағанын, сақтық шараларының әлі де қажет екенін білдіреді.
20 Мамыр, 2020
Абайға аялдамадан ғана орын тиген бе?!
Облыс орталығындағы Лермонтов атындағы орталық көшенің бойындағы аялдамалардың әбден-ақ тозығы жетіп, төбелерінен су ағып, құлайын деп әзер-ақ тұр.
20 Мамыр, 2020
Алессиа Мемола: Италия Үкіметі кеш шешім қабылдады
Коронавирустан қатты зардап шеккен елдердің бірі – Италия. Қаншама мың адам вирус жұқтырған, бірақ ауырғандар саны күн санап азайып келеді. Бұл да болса көңілге жұбаныш. Билік карантиннің қатаң шектеулерін алып тастағанмен, бақылауды ұзартып отыр. Осы орайда Италияның Тоскана облысының орталығы Ареццо тұрғыны Алессиа Мемоламен онлайн әңгімелесіп, елдің бүгінгі жағдайын сұрап білдік.
20 Мамыр, 2020
«Ой, бұл кісі күлдіріп, күшті емдейді»
«Жақсы жұмыс істегеннен кейін, халық көп барғаннан соң жұмысынан босауға мәжбүр болыпты». Бүгінгі кейіпкеріміз, ақжарлық дәрігер Ермек Шағалақов туралы екі жыл бұрын осындай әңгіме естіген едім. «Жақсы жұмыс істеген адамның жұмыстан босап қалғаны қалай?!» деп өз-өзіме сұрақ қойғаным да рас сол кезде. Жақында Ақжардағы Мәдениет үйінде аяқастынан, күтпеген жерден ол кісімен кездесудің сәті түсті.
20 Мамыр, 2020
Қазақ балалары үздік «алтылықта»
Әлемге мәшһүр Microsoft корпорациясының «The next AI Guardians» халықаралық байқауы биылғы қаңтарда басталған еді.
20 Мамыр, 2020
Рамазан - махаббатыңды дәлелдейтін ай
Рамазан – рухани тәрбие айы, Аллаға деген махаббатыңды дәлелдейтін сәт. Алланың разылығын алуға адамның бүкіл ғұмыры жетпеуі мүмкін. Алайда мүмін өзінің өлшеулі өмірінің сәті келген кезінде шын ниетпен кішкентай амал жасап, Алланы риза етіп жіберуі әбден мүмкін. Сондай сәттің бірі – ораза...
20 Мамыр, 2020
«Отандық экономикаға сенімді қадам керек» - маман
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елдің дамуы туралы нақты бағыттарды анықтап берді.
20 Мамыр, 2020
Есенберлин ұлтшылдық жаласына ілігуден қорықпады
Тарихи тақырыпта тыңнан түрен салған көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогиялары – ел тарихын көркемдікпен түгендеудің үлгісі. Жазушының «Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын Орда» трилогиясын жазуы, оның қазақтың халық болып, Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуын көркем туынды арқылы жан-жақты бейнелеуге ұмтылғанын байқатады. Жазушының екі трилогияға жеті ғасырлық тарихтың елеулі оқиғаларын сыйғыза білуі, оның тарих бедеріндегі маңызды әрі басты көріністерді дөп баса білгенін көрсетеді. Оның тарихи туындылары қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерді бейнелеген құнды туындылар.
20 Мамыр, 2020
Оңдасын Елубай - қаламын еркін сермеген журналист
Спорт! Осынау жалғыз ауыз сөздің аясы өте кең. Құдіреті де, ғажайып өнердің қиял құшағы жетпейтін, сыр-сипатын әйгілі спорт тамыршысы, сайыпқыран суреткер қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов «Арбаған мені бір сиқыр» деп тамаша бедерлеп, бейнелеген ғой. Ақиқатын айту керек, спорт тылсымын сөз зергері, сүйікті ұстаз Сейдағаңдай жеріне жеткізіп, жілігін шағып, майын тамызып, мөлдіретіп тербеген нағыз алаугер журналист, жанкешті жазушы некен-саяқ. Әй қайдам, жоқтың қасы десек те болар еді. Сөйтсе де ауызды қу шөппен сүртпелік. Спорт тақырыбын тереңнен қаузап, жан-жақты зерттеп, ұңғыл-шұңғылын қопарып жазып жүрген спорт журналистерінің қатарын тізсек , екі қолымыздың саусақтарын санамаласақ та толтыра алмаймыз. Тағы да қайта қинала ескертеміз, спорт тақырыбының білгірлері тым аз.
20 Мамыр, 2020