Редакция таңдауы
Оралда дәрігерлерге арналған автобус жүреді
Орал қаласында күшейтілген карантин режіміне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын. Сәуірдің 17-24 аралығында дәрігерлерді арнайы автобустар тасымалдайтын болды.
18 Сәуір, 2020
Қазақтың лирик ақыны Сағи Жиенбаевтің «Әже» өлеңін тыңдай отырыңыз. Сондай-ақ YouTube арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
17 Сәуір, 2020
Ит адамның досы деп көп айтылады. Бұл қаншалықты рас? Бұл сауал сізді де қызықтырса, мына ертегіге құлақ түрейік. Басқа да ертегілерді іздесеңіз, YouTube арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
17 Сәуір, 2020
Тағы 210 мың мұқтаж отбасы «Birgemiz» қорынан қаржылай көмек алады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысында төтенше жағдай кезінде тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына одан әрі көмек көрсету тетіктері талқыланды. Жиынға облыс әкімдерінің орынбасарлары, партия филиалы төрағаларының бірінші орынбасарлары және «Birgemiz» аймақтық қорларының басшылары онлайн-режимінде қатысты.
17 Сәуір, 2020
Қарағанды облысында майдангерлер 1 миллион теңгеден төлем ала бастады
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қан майданның ардагерлері мен мүгедектеріне 1 миллион теңгеден төлем берілді. Сонымен қатар, нацистік концлагерлер тұтқындарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға, тыл еңбеккерлеріне, қайтыс болған майдангерлердің отбасыларына, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан жауынгерлерге, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларға бір реттік материалдық көмек көрсетілді.
17 Сәуір, 2020
Шымкентте індетпен күрес бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда
Тарихта небір аласапыран замандар өтті. Оның кейбірін қауымдар, халықтар мен мемлекеттер бір-бірімен соғысып қолдан жасады. Енді біразы адам баласының еркінен тыс табиғи апаттар мен індеттер түрінде орын алды. Әр ғасырда айналып келіп отырған обаның адамзатқа қандай қайғы-қасірет әкелгеніне қарт тарих куә. Бірақ, адамзат өркениеті соның бәрінен аман-есен өтті. Адамзатты апаттардан алып өткен оның бойындағы күрескерлік рух пен сабыр-төзім, ақыл-парасат пен ғылым-білім, ынтымақ-бірлік пен ТӘРТІП дейтін құндылықтар. Демек, бұл жолы да короновирус пандемиясын осы құндылықтарға арқа сүйеу арқылы ғана жеңе аламыз.
17 Сәуір, 2020
Майк Помпео: Қытай билігінің ашықтығы керек
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытай билігін коронавирустың шыққан тегі туралы нақты мәлімет беруді сұрады. Бұл туралы ол Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.
17 Сәуір, 2020
Франция президенті: Қытайға сену аңғалдық
Франция президенті Эммануэль Макрон Қытайдың коронавирусқа қатысты ақпаратты ашық айтпауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times газетіне берген сұхбатында айтты.
17 Сәуір, 2020
Құлаған ұшақты басқарғандар тәжірибелі ұшқыштар
Қарағанды қаласы маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
17 Сәуір, 2020
Алматыда індет жұқтырған жүкті әйел балпанақтай ұл тапты
Алматыда 13 сәуір күні бұл әйел жүктіліктің 39-шы аптасында вирус жұқтырғандармен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген еді.
17 Сәуір, 2020
Қызылорда: Тағы 12 адам індетке шалдықты
Қызылорда облысында өткен тәулікте тағы 12 тұрғынның бойынан вирус табылып, науқастар саны 143 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.
17 Сәуір, 2020
Оралда індет жұқтырған екінші адам жазылды
Батыс Қазақстан облысында 17 сәуір күні таңертең коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 30-ға жетіп, екінші адам жазылып шықты.
17 Сәуір, 2020
42 500 теңгені тағайындау ережесіне өзгерістер енді
Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
17 Сәуір, 2020
Апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағында екі тәжірибелі әскери ұшқыш болған
Қарағанды қаласы маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарғандары белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Сәуір, 2020
Елбасы қазіргі қиын-қыстау кезеңде, күллі әлем, оның ішінде біздің еліміз пандемиямен жаппай күрес жүргізіп жатқан тұста ақыл-ойымен, көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, жол көрсетіп, қазақстандықтарды шынайы бірлікке шақырды. Тұңғыш Президенттің мақаласы қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылып, ой елегінен өткен ақ тілеулі сөз.
17 Сәуір, 2020
Телеграм мессенджерінде 42500 теңгелік әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғанын бұрын да хабарлаған едік. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды.
17 Сәуір, 2020
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың сайтында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай майданнан келген хат-құжаттардың цифрлы нұсқалары жарияланып жүр. Қазір кітапхана ұжымы «Ерлікке тағзым» жобасын бастап, осы бағытта түрлі іс-шара ұйымдастыруда.
17 Сәуір, 2020
Майданда жүріп Еңбек Ері атанған ақмолалық Жаппархан Асайыновтың ерлігін білеміз бе?!
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қан майданда көрсеткен өшпес ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры жоғары атағының орнына Социалистік Еңбек Ері атағын алған адамдар да бар. Солардың бірі әрі бірегейі ақмолалық Жаппархан Асайынов. Ол бұрынғы Целиноград облысының Астрахан ауданындағы Қоскөл ауылының тумасы. Бұл елді мекен кешегі кеңес дәуірінде «Колутон» кеңшарының бөлімшесі болған. Қазір ауылда жиырма бестей ғана үй қалған көрінеді.
17 Сәуір, 2020
Көшені залалсыздандыратын көлік шығара бастады
Қостанай машина жасау зауыты көшелерді дезинфекциялап залалсыздандыратын құрылғысы бар автокөліктерді шығара бастады.
17 Сәуір, 2020
Ұлтты сақтайтын – рухани құндылық, қадірлі қасиет, салт-сана, тіл, діл, жұртты сақтайтын – иесі саналатын қазақтың киелі жері, несін айтасың, бағын ашар, тағын бекітер байлығы. Осыны түгендеген, түсінген, сөйтіп түлете алған, ұрпағына мирас еткен елдердің іргесі берік, еңсесі биік. Оны қожыратқандардың тірексіз қалған тірлігіне арғы-бергі тарихқа, қазір де шеңбер ішінде шерлі күй көріп жатқандардың үніне ой жіберсең аңғарасың да алаң боласың. Елдігімнен айырма, азаттығымды баянды ет, тіл көзден, сұрқай сөзден сақта дейсің. Кейде жылбырай сөйлеп,сығырая қарап, асыңды ішіп отырып-ақ дастарқаныңды тіліп кететін арам пиғылдар аз еместігін көргенде, көкейіңе бір тас байланып қалғандай боласың. Мұндай оғаштау ойға Қарашаш Тоқсанбайдың «Сыр-сымбат» деген кітабын оқып отырғанда тап болдық. Қай мақаланы, сұхбатты қарасаң да ұлт өкілі: ұлт өнері, ұлт өнерпазы, олармен қанаттас ұлт ардақтылары, ұлттың салт-санасы, оның арғы бастауы, бергі жаңғыруы, қалыбын бұзбай сақтап қалу – бір сөзбен айтқанда, қазақ болмысы алдыңнан шығады.
17 Сәуір, 2020