Редакция таңдауы
«Қазпошта» қашықтан қызмет көрсетеді
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазпошта» АҚ филиалдарында зейнетақылар мен жәрдемақылардың берілу мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов төтенше жағдай мен карантин режімі басталғалы, пошта және қаржылық қызметтер ұсыну тоқтамағанын хабарлады.
08 Сәуір, 2020
Барша адамзат басына қауіп төндіріп тұрған нәубет – қатерлі коронавирустың зардабынан құтылу үшін еліміз бүгінде шекара шеңберін жауып, адамдардың жұмысқа баруына дейін шектеу қойып, халық өмірін уақытша тұйық арнаға көшірді.
08 Сәуір, 2020
Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті жанында әйгілі Жалаңтөс батыр атын иеленген ауыл бар. Батырлығының арқасында «Тұран жолбарысы» атанып, көрегендігімен Самарқанды ұзақ жыл билеген Жалаңтөс Сейітқұлұлы осы топырақта дүниеге келген екен. Орталық Азиядағы қаһарман қолбасшылардың бірі саналған батыр атындағы ауыл қазір түтіні түзу ұшқан елді мекеннің біріне айналып отыр.
08 Сәуір, 2020
Медицина қызметкерлеріне сыйақы беріле бастады
Коронавирус індетімен өз өмірлерін қатерге тігіп, күн-түн демей күресіп жүрген дәрігерлер қауымына демеу қажет қазіргі уақытта. Мұны Қарағанды облысының басшылығы жақсы сезінеді және нақты істерге қадам жасап отыр.
08 Сәуір, 2020
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі тұрғындар көкейіндегі көптеген сұраққа нақты жауап берді деп ойлаймын.
08 Сәуір, 2020
Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?
Экономистер биыл доллар мен теңге бағамындағы өзгерістерге орай бастапқы нарықтағы жылжымайтын мүлік 13 пайызға қымбаттауы мүмкін екенін айтады. Әрине бұл жай болжам ғана. Десе де, осыдан бес жыл бұрын теңге құнсызданған тұста тұрғын үйдің шаршы метрі 355 мың теңгеге дейін өсіп кеткен болатын. Ендеше елдегі төтенше жағдайдан кейін пәтер бағасының тағы да аспандап кетпесіне кім кепіл?! Әйтеуір дәл қазір баспаналы болуды аңсаған отбасылардың көңілі күпті.
08 Сәуір, 2020
Отандық зарарсыздандыру құралдары өндіріледі
Павлодар қаласындағы «БО-НА» ЖШС дезинфекциялық сұйықтықтар өндіреді. Соңғы уақытта кәсіпорынның өндіріс көлемі күрт өсті. Серіктестік мамандарының айтуынша, бұған дейін компания күніне 300 кило хлорлы таблетка өндірсе, қазір өндіріс көлемі үш есеге өскен. Сұраныс көбейсе, компания өндірісті одан әрі ұлғайтуға дайын.
08 Сәуір, 2020
Ескінің жазығы – жаңаның қазығы
«Тәнін настық, рухын әбілет басқан» деуші еді бір жазушы әңгімесінде. Осы бір тіркесті ұмытуға қанша рет оқталсам да, ойымда ұйып қалмасы бар ма? Міне, бүгін мақаламның алғашқы жолынан орын алып отыр. Қазіргі заманның кейпін суреттейді сол шығармада. Ақылдың бұлағы санар ақсақалы жоқ қоғамды әжуәлайды әлгі қаламгер. Жаныма батқанын-ай! Авторды сөзбен суға бір тұншықтырып та алғанмын оқып отырып. Енді қараңызшы, сол мұңлы кекесінге келіспеске дәрменім болмай тұрғаны...
08 Сәуір, 2020
Жетісу жастарынан құралған волонтерлер тобы да төтенше жағдайда жұмыс істеуге көшкен болатын. Қазір облыстағы 17 аудан мен 3 қалада қайырымдылық шаралары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жастар бүгінге дейін мыңнан астам арнайы акция ұйымдастырып үлгерген.
08 Сәуір, 2020
«Бұл – біздің азаматтық парызымыз»
Пандемияның зіл-батпан ауыр салмағы еліміздегі волонтерлер қозғалысының өкілдеріне жаңа, тың шешімдерді қабылдауды қажет ететіні анық. Осы орайда олар бұған дейін әзірлеген жобалары мен іс-жоспарларын төтенше жағдай талаптарына сәйкестендіру үстінде. Осы ретте Ақтөбе қаласында волонтерлер қатарынан арнайы штаб құрылып, оның мүшелері жауапты істердің бел ортасында жүргенін айту парыз.
08 Сәуір, 2020
«Талибан» келіссөзден бас тартты
«Талибан» ұйымы Ауғанстан үкіметімен мәмілеге келе алмай, тұтқындарды алмасу жөніндегі келіссөзден бас тартатынын хабарлады. Бұл қадам АҚШ пен «Талибан» арасындағы келісімге сызат түсіруі мүмкін.
08 Сәуір, 2020
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі, ойшыл ақын Абай атамыздың мұрасын ұрпақ тәрбиесіне пайдалану үшін нақты қадамдар мен іс-қимылға көшу қажет деді.
08 Сәуір, 2020
Call-орталықтардың жұмысы қызу
Кеше елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде төтенше жағдай кезіндегі интернет желісі мен электронды үкімет порталының жұмыс барысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.
08 Сәуір, 2020
697 науқас: Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам тіркелді
Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 697 жағдай тіркелген.
07 Сәуір, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті: Қажымұқан Мұңайтпасов
Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. 1948 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне Қажымұқан Мұңайтпасов туралы шыққан мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
07 Сәуір, 2020
Қазақстан ОПЕК+ министрлер вебинарына қатысады
ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді.
07 Сәуір, 2020
Егеменнен ертегі. Қожанасырдың қонаққа баруы
Кісіге емес, киімге құрмет көрсеткен үй иесіне Қожанасырдың жауабы қандай?
07 Сәуір, 2020
42 500 теңгеге қатысты жалған ақпарат тарады
Мессенджерлерде 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынып жатыр деген ақпарат тарауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мұның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
07 Сәуір, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминды қабылдады
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті қабылданған іс-шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Сәуір, 2020
ІІМ қызметкерлерге арналған қорғаныс құралдарын таныстырды
Ішкі істер министрлігі төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлері үшін арнайы дайындалған қорғаныс құралдарын таныстырды.
07 Сәуір, 2020