Редакция таңдауы
Әлеумет пен әкім, қаншалықты жақын?
Ашықтықтың бір үлгісі облыс әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беруінен де байқалып отыр. Осы орайда, әлеумет пен әкімнің арасы қаншалықты байланыста екенін Алматы облысының басшысы Амандық Баталовтың қорытынды есебін тыңдау барысында бағамдаған едік.
20 Ақпан, 2020
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұртшылық алдында алғашқы есебін берді. Төрт мың адам қатысқан басқосуда тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар ең өзекті мәселелерді қамтыды. Айталық қаланың экологиялық ахуалы, көлік кептелегін реттеу мәселесі тұрғындарды толғандырып отыр.
20 Ақпан, 2020
Кеше Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ел алдында есеп берді. Өңір басшысы өткен жыл нәтижелерін саралап, алдағы жоспарлар туралы айтты. Жалпы былтыр экономиканың барлық саласында экономикалық өсу қарқыны сақталды.
20 Ақпан, 2020
Өндірісті өңірде оң өзгерістер бар
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халық алдындағы есебіне арналған жиында селекторлық байланыс арқылы шалғайдағы қалалар мен аудандардың тұрғындары да қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов пен Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов қатысты.
20 Ақпан, 2020
Кеше облыс әкімі Даниал Ахметов өңір тұрғындарына есеп берді. Жалпы, 2019 жылдың 12 айында облыста барлық салада алға жылжу байқалады. Аймақта өткен жылы әлеуметтік салаға баса мән берілген. Облыста денсаулық сақтауды дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр.
20 Ақпан, 2020
«Сақтықта қорлық жоқ». Қытайдан тараған вирус аз уақытта әлемнің 25-тен астам еліне тарап, 70 мыңнан аса халық зардап шегіп отыр. Күннен-күнге күшейіп бара жатқан індет іргедегі бізге жетпегені, әрине қуантады. Оған елімізде сақтық шаралары себеп болса керек. Әуежайларда алдын алу шаралары жүргізілуде. Ал Қытайдан күні кешеге дейін оқшауланған күйде елге оралған отандастарымыздың ризашылығы бөлек.
20 Ақпан, 2020
Кебiн киiп, кеудесiн оққа тосқан батырлар
Кезінде «Бай-құлақтар мен дiн басыларының Кеңес өкiметiне қарсы контрреволюциялық қарулы көтерiлiсi» ретiнде насихатталып келген 1930 жылғы ақпанның 7-16 аралығында болған Созақ қасыретiнде халықтың қаны қисапсыз төгiлiп, бейбiт ел азабын тартқан едi.
20 Ақпан, 2020
Денсаулық кодексінің жаңа жобасында көп шикілік бар – Әкім Тұрсынов
«Қазақстан» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында тікелей эфирде Мәжілісте қарастырылып жатқан Денсаулық кодексінің жаңа жобасы талқыланды.
19 Ақпан, 2020
«Егемен» көтерген мәселе: Сексеуіл кентінде мектеп салынады
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есепті кездесуінде Арал ауданы Сексеуіл кентінен келген тұрғын пойыз жолды жағалай тұрақтанған халыққа жаңа мектеп қажет екенін айтты.
19 Ақпан, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде баяндады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Ақпан, 2020
Алматы облысында өндірілген жалпы өнім құны 3 триллион теңгені құрады
Өткен жылы Алматы облысындағы жалпы өңірлік өнім көлемі бұрынғыға қарағанда 4,5 пайызға өсіп, қаржылай түсім 3 триллион теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында өтіп жатқан есеп беру жиынында баяндады.
19 Ақпан, 2020
Кемедегі қазақстандықтар елге қашан келеді?
Қытайдан тарап жатқан атышулы індеттен кейін барлық мемлекеттер шекарасын қымтап, Қытайға барып келген жандарды қайта-қайта тексеріп, әбден әлекке түсуде. Соның ішінде Жапониядағы Diamond Princess круиздік лайнері көрпесін тарс бүркеніп, өз алдына бір шағын мемлекет сияқты оқшауланып, жолаушылары екі аптадан бері құрлыққа шыға алмай отыр.
19 Ақпан, 2020
Педагог мәртебесін педагог көтереді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі заңды іске асыру кезеңіне көшетінін мәлімдеді. Ұзақ жылдар бойы мұғалімдердің күткен арманы орындалды, ұстаздар құқығы кеңейтілді. Жүктемесі азайды, қосымша жұмыстардан босады. Жалақы біртіндеп көбейеді. Енді «Шебер педагог», «Үздік педагог» боласың ба, бәрі өзіңе байланысты.
19 Ақпан, 2020
М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетінде саясаттанушылар, заңгерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Қазақстан Республикасындағы бейбіт кездесулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қызу талқылады.
19 Ақпан, 2020
Салық заңнамасын жиі бұзатын салалар
Алматыда Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Жоғарғы сот және Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы ұйымдастырған салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелеріне арналған конференция ұйымдастырылды.
19 Ақпан, 2020
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралып, электронды сауданы дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар бюджет шығыстарын қысқартуға қатысты баяндама оқылды.
19 Ақпан, 2020
БҰҰ Даму бағдарламасы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-мен бірлесіп, жасыл технологияларды іске асыратын компанияларға қаржылық қолдау көрсетуде.
19 Ақпан, 2020
Ұлттық қор банктерге деген «ас мәзіріне» өзгерістер енгізіп, ен қаржыны бұрынғыдай үйіп-төгіп беру жолын шектеді. Ұлттық қор енді «бере салмайды», банктер «бере салғанды» ала алмайды. Алмақтың да салмағы барын екі тарап қаперіне алып жүретін болады.
19 Ақпан, 2020
Елордада Театр жылы басталды. Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен биыл бас шаһар ресми түрде театр қаласы болып жарияланды. Осыған орай Жастар театрының «Ақжелкен» мәжіліс залында сахна саласы мамандарының қатысуымен «Театр диалогы» клубының тұсаукесері өтті.
19 Ақпан, 2020
Қостанай облысында халық тұтынатын электр қуатының бағасы қымбаттайды. Қазіргі тариф бойынша өңірдегі әр отбасы орта есеппен 175 кВт электр қуатын тұтынып, оған айына 2433 теңге төлеп келген. Енді 1 ақпаннан бастап мұның үстіне 175 теңге қосылып, әр отбасы төлейтін токпұл көлемі 2608 теңге болады.
19 Ақпан, 2020