Редакция таңдауы
Смайыл Мақышов Phillips Exeter Academy мектебін бітіретін тұңғыш қазақ баласы
Қазақстаннан шыққан оқушы-кәсіпкер Смайыл Мақышов биыл Phillips Exeter Academy мектебін бітіреді. Бұл мектеп Niche рейтингісінің басында #1 болып тұрған АҚШ-тағы әйгілі оқу орны. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг те осы мектептің мақтанышы.
26 Желтоқсан, 2019
Таразда 40 метрлік алып «Сағат» стелласы бой көтерді
Елімізде тұңғыш рет Тараз қаласының орталығынан алып сағат бой көтерді. Облыс орталығындағы «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі алаңның ортасында орналасқан «Сағат» стелласы еліміздегі ең биік нысанның бірі саналады.
26 Желтоқсан, 2019
Түркістанда көпбалалы іскер әйелдер форумы өтті
Табиғи өсімі жоғары Түркістан облысында 90 мыңдай көпбалалы отбасы бар. Олардың арасында кәсіпкерлікпен айналысып, табыс тауып жүргендері аз емес. Бұл орайда «Еңбек» мемлекеттік бағдардамасы аясында 3884 әйел кәсіби оқуға жолданған. Олардың 710-ы көпбалалы аналар. Ал 213 көпбалалы ана тұрақты жұмысқа орналасса, 32 705 әйел жұмыспен қамту шараларына тартылған. Көпбалалы 105 ана өз бизнесін ашыпты.
26 Желтоқсан, 2019
2019 жылы 16 сандық шаруа қожалық және 6 smart-ферма құрылды
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша елімізде 16 шаруа қожалық «сандық» жүйеге көшіп, мал шаруашылығында 6 smart-ферма пайда болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Желтоқсан, 2019
Ерлан Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды
Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26 Желтоқсан, 2019
Латын әліпбиі – түркілік тұтастықтың тұғыры
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу уақыт талабы екенін айтқан болатын. Шынында да бұл бастаманың ұлттың рухани өмірінде де елеулі құбылыс болғаны рас. Бұл орайда білікті ғалымдар бастаманың жүзеге асуына өзіндік үлесін де қосып келеді. Латын әліпбиінің маңыздылығына арнап Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Латын графикасы: түркілік тұтастық және жаһандық ақпараттық кеңістік» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
26 Желтоқсан, 2019
Мұғалімнің методикалық сандығы – Ұстаздар ұстаханасында «Жыл оқытушысы-2019» аяқталды
Жыл аяғында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының «Жыл оқытушысы-2019» байқауы да мәреге жетті.
26 Желтоқсан, 2019
Шардараның төл перзентіне айналған азамат
Халық аманатына адалдық танытып, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан азаматтың бірі – Құдайберген Төлепұлы Ержан асқаралы 60 жасқа толды. Нағыз кемел шағына келген Құдайберген Төлепұлының барлық өмірі, еңбек жолындағы жетістіктері елдің көз алдында өтіп жатыр. Қазақта «50 – ердің жасы, 60 – ағалық жас» дейді. Ағалық жасқа өзінің абыройымен жетіп отырған мерейтой иесінің өткеніне бір сәт көз жүгіртіп, халыққа жасаған қызметі жайлы сыр шертсек деп едік.
26 Желтоқсан, 2019
Салалық түйткілдерді тарқататын заңдарға мән берді
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен 2019 жылды қорытындылаған жалпы отырыс өтті.
26 Желтоқсан, 2019
Айтулы оқиғаларға толы тоғыз ай
Ақорда резиденциясында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне кіріскен сәтінен бергі атқарған жұмыстарына шолу жасады.
26 Желтоқсан, 2019
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Президент Қ.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі қазақ тілін жаңғыртуға байланысты айтқан ойларының негізінде жиын өтті.
26 Желтоқсан, 2019
Сексеуіл ұлттық брендке айналуы мүмкін
Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінен мәлім болды.
26 Желтоқсан, 2019
Мойнақ ГЭС-і еліміздің оңтүстігіне қажет электр энергиясын өндіреді
Желтоқсанның ортасына қарай Мойнақ ГЭС-і электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша МГЭС-тің электр энергиясын өндіруі жылдық жоспардағы 906 млн кВт сағаттың орнына 924,2 млн кВт сағатты құрады.
26 Желтоқсан, 2019
Жұмысы жүйелі Қордай ауданы немесе өңірде атқарылған жұмыстар жайында
Қордай ауданы тұрғындардың саны мен жерінің аумағы жағынан облыс аудандары арасында көш бастап тұрғандықтан бұл жерге деген көзқарас ерекше. Бір жағы қырғыз елімен, бір жағы Алматы облысымен шектесіп жатқан ауданның стратегиялық маңызы да жоғары. Сондықтан экономикалық мүмкіндігі мол, тоғыз жолдың торабында жатқан ауданнан күтер үміт те көп.
26 Желтоқсан, 2019
Маңызды міндетке – жауапты көзқарас
Тұрақтылық – билік пен бұқара арасындағы сенімнен құралады. Ұлт жоспары әділеттілікке бағытталған кірпіштен қаланатын болса, онда ол елдің егемендігі мәңгі, тәуелсіздігі тұғырлы деген сөз. Міне, соған сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау, сондай-ақ азаматтардың бойына адалдықты, әділеттілікті, парасаттылықты сіңіру.
26 Желтоқсан, 2019
«Ақ жол» партиясы Президент Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында берген тапсырмаларын қолдайды.
26 Желтоқсан, 2019
Елордада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы қорытындыланып, спорт, мәдениет, қоғам, медицина, ғылым мен білім, бизнес салаларындағы үздіктер анықталды. Мұндағы басты мақсат – тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету болып табылады.
26 Желтоқсан, 2019
Жаңа Экологиялық кодекс қандай болмақ?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бірнеше мәселе қаралды. Соның ішінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардағы жағдайға назар аударылды. Ішкі істер министрі 1 аптада елімізде 104 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 39 адам қаза тауып, 158 адам түрлі жарақат алғанын айтты.
26 Желтоқсан, 2019
Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген Президенттік жастар кадр резервінің қорытындысы жарияланды. Осыған байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қатысты.
26 Желтоқсан, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Желтоқсан, 2019