Редакция таңдауы
Көрікті Қазақстанға әлем көз тігеді
Желтоқсан айында Англияның бас шаһары – Лондонда 69-рет ұйымдастырылатын халықаралық «Әлем аруы» байқауы өтеді. Әлемнің сұлулары бақ сынайтын додада осы жылы «Қазақстан аруы» атанған отандасымыз Мәдина Батық та бақ сынайды. Болашақ туризм саласының маманы «Әлем аруы» байқауында өз өнерін көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның көз тартар көрікті жерлерін таныстырады.
26 Қараша, 2019
«Әлеуметтік қызмет» порталының әлеуеті қандай?
Бүгінде елімізде 690 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар. Ал оның 90 мыңнан астамы бесіктен белі шықпаған сәбилер, балалар мен жасөспірімдер. Жыл сайын олардың қатарына жол апатынан, өндірісте, спортта жарымжан болып қалған 2 мыңдай адам қосылып отырады. Осыншама тағдырды керек-жарағымен қамтып, мұқтаждығын өтеп, мәселесін шешу үшін алдағы 2020 жылы әлеуметтік қызмет көрсету порталы іске кіріседі. Ендігі жерде «Әлеуметтік қызмет» порталының әлеуетін ерекше күтімді қажет ететін жандар өз таңдауымен толық пайдалана ала ма?
26 Қараша, 2019
«Жан Шуақ» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Елордада Nur Otan партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған дәстүрлі «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Аталған сыйлық елдің мәдени, спорт және қоғамдық өміріне белсене араласқан мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтардың тұрмысын жақсартуға үлес қосқандарға беріледі.
26 Қараша, 2019
Биылғы 1 тамыз және 30 қыркүйек күндерінде «Еgemen Qazaqstan» газетінен дауысы да, тағдыры да бөлек әнші Ерік Құрманғалиев жайында екі дүркін мақала оқыған соң әлемнің білікті музыка мамандары ерекше құбылыс атаған сахна саңлағының тамаша талантымен, сирек кездесетін дауысымен, қол жеткен табыстарымен Қазақстан оқырмандарын алғаш рет таныстырған жұбайым Сапар Байжанов екеуміз екеніміз есіме түсті. Әр нәрсенің бір ойламаған жерден сәті түсетіні бар. Әңгімені содан бастағанды жөн көрдім.
26 Қараша, 2019
Qorgau жобасы азаматтарға қолұшын созады
Уақтылы және сапалы заңгерлік көмекке көпшілігіміз мұқтажбыз. Соның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған адамдар аса зәру. Кәсіби заңгерлердің қызмет көрсету ақысы қымбат, оны көп адамның қалтасы көтере бермейді. Сол себепті де өз құқығын жете білмейтін жандар көп ретте тағдыр тоғысында қорғансыз қалып жатады. Соның салдарынан құқықтық нигилизм орнайды және халықтың билік құрылымдарына, тұтастай мемлекетке деген сенімсіздігі артады.
26 Қараша, 2019
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы жұмыстар жайлы айтылып, өңірдің осы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы сөз болды
26 Қараша, 2019
Өмір сапасын жақсартуға бағытталады
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанайға жасаған сапарында негізінен өңірдің әлеуметтік тынысына көңіл бөлді. Федоров ауданындағы Таза Шаңдақ ауылында ашылған фельдшерлік-акушерлік пунктті қарады, жас мамандарға жалға берілетін үйлерді көрді.
26 Қараша, 2019
Атырау газ-химия кешені – оның құрылысы 2021 жылы аяқталады
Атырау облысындағы бірегей жоба – Kazakhstan Petrochemical Industries интегрецияланған газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының 53 пайызы аяқталады.
26 Қараша, 2019
Басты мақсат – әлеуметтің әлеуетін көтеру
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда Мәжіліс мақұлдаған бірқатар заң жобасы талқыланды. Отырысқа Үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты.
26 Қараша, 2019
Алматы поэзия падишасын ардақтады
Алматы көшелері тағы бір жаңа атаумен толықты. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай Алатау баурайындағы алып шаһардың ұзын әрі кең көшелерінің біріне ақын есімі берілді.
25 Қараша, 2019
«Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды
Жаңа басшыны радио ұжымына корпорация төрайымы Ләззат Танысбай таныстырды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
25 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады
Кездесу барысында стратегиялық жоспарлау, бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің тиімділігі, мемлекеттік органдардағы бюрократиялық рәсімдерді қысқарту, сондай-ақ, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25 Қараша, 2019
Алматылық жас суретшілер Жастар жылына тарту жасады
Күнделікті өмірде біз жиі көріп жүрсек те, сыры мен сымбатына зер салып жанымызбен үңіле бермейтін әр сәттің әдемі көрінісі суретшілердің қиялына қанат бітіргендей. Баябан даланы мыңбояуға шомылдырған әсем гүлдер, жазғы жазира, дүниеге жан бітірген шұғылалы көктем, сылдырап аққан тау өзені, буырқанған асау теңіз олардың кенебінде қаз-қалпында көз алдыңа келеді.
25 Қараша, 2019
Ақтоты Райымқұлова Ержан Максимді құттықтады
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Junior Eurovision - 2019 ән байқауында жүлделі 2-орын алған Ержан Максимді жеңісімен құттықтады.
25 Қараша, 2019
Ержан Максим Junior Eurovision байқауында екінші орын алды
Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision-2019 ән байқауында өнер көрсеткен Ержан Максим жүлделі екінші орын алды.
25 Қараша, 2019
Ұлттық академиялық кітапханада Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен Түркияның ғылыми және әдеби шығармалар авторларының кәсіптік ұйымының (İLESAM) ұйымдастыруымен кітап сыйға тарту шарасы өтті.
25 Қараша, 2019
Жапония әуежайы қазақша сөйледі
Дүние жүзіне танымал әнші Димаш Құдайберген 19 қарашада Жапония астанасы Токиода өткен ABU TV Song Festival 2019 деп аталатын Азия-Тынық мұхиты елдері арасындағы фестивальге қатысты. 20-дан астам мемлекеттен әншілер жиналған концертте әр қатысушы өз ана тілінде ән шырқауы керек болатын. Димаш бұл жолы да дараланып, көптің көңілінен шыға білді. Олай болса, шетелдік басылымдардың Димаш Құдайберген туралы пікіріне назар аударайық.
25 Қараша, 2019
Бірлескен жобалардың әлеуеті зор
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков Канада Премьер-министрінің Еуропалық одақ және Еуропа жөніндегі арнаулы уәкілі – Канаданың Германиядағы елшісі С. Дионмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
25 Қараша, 2019
«Жаңа Алматы» – халық тілегінен туған жоба
Олар Париждің айналасындағы көңілсіз құжыраларда тұратын. Бірақ сұрағандарға Парижде тұрамыз десетін. Мұны айтқан Эмиль Золя болу керек. Парижді қара сөзбен Эмиль Золядай ешкім жырламаған шығар. Меңзеліп отырған уақыт – ХІХ ғасыр.
25 Қараша, 2019