Редакция таңдауы
«Самұрық-Қазына» Орталық Азиядағы нөмірі бірінші жұмыс беруші болуға талпынады - А.Есімов
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кадрлық саясаты дарынды жастарды іздестіруге бағытталған. Бұл туралы «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
30 Тамыз, 2019
Конституциямыздың орасан зор жасампаз әлеуетінің айғағы - Ж.Түймебаев
Конституция күні қарсаңында қазақстандықтар Негізгі Заңның өлшеусіз және тұрақты әлеуетін ерекше бағамдайтыны белгілі. Оның үстіне, қазіргі сәтте жалпы қоғам жаңа Президенттің өзіне берілген сенім мандатына жауап ретінде ұсынған келешек жоспарлар мен даму бағытын жіті қадағалап, мемлекет көмегіне үлкен үміт артуда. Конституция күнінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын жасайды деген жаңалық та халықтың назарын ерекше аударып отыр.
30 Тамыз, 2019
ІІМ батылдығы үлгі қызметкерлерді марапаттады
Ішкі істер министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ведомство басшылығы, ардагерлер мен жеке құрам қатысқан шарада Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев биыл ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша жоспарланған бірқатар маңызды іс-шара іске асырыла бастағанын атап өтті.
30 Тамыз, 2019
Павлодарда тұрғындарды қабылдау күні өтті
Еліміздегі Конституциялық Кеңес «Негізгі Заң апталығы» жобасын бастап кетті. Апталықтың мақсаты – еліміздің Негізгі Заңына деген халықтың назарын аудару, жалпы, халықтың конституциялық мәдениетін арттыру.
30 Тамыз, 2019
Алматы тұрғындары құқықтық кеңес алды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ата Заңның пәрменін арттырып, еліміздің негізгі құжатының маңызын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында еліміздің Конституциялық Кеңесі өткізген «Негізгі Заң апталығы» аясында Алматы қаласының Әділет басқармасы қала тұрғындарының құқықтық маңызы бар сұрақтарына жауап берді.
30 Тамыз, 2019
Негізгі Заң һәм адамның ар-ожданы
30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы.
30 Тамыз, 2019
Ел бірлігінің мызғымас темірқазығы
Бүгін Ұлы дала елі, барша қазақстандықтар ұлық мереке – еліміз үшін аса маңызды Конституция күнін кең көлемде, жоғары деңгейде атап өтуде. Осынау мән-маңызы жоғары жалпыхалықтық мейрамда еліміздің татулығы мен ынтымағын, тұрақтылығы пен орнықты дамуын қамтамасыз ету ісінде ерекше мәнге ие Негізгі Заңымыздың барлық ізгілікті қағидалары жарқырай көрініп қана қоймай, оның халық билігін орнықтыру, демократиялық құндылықтарға басымдық беру бағытындағы мазмұны айқындала түседі.
30 Тамыз, 2019
Елбасы Лассина Зербоны ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесі үшін алған марапатымен құттықтады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
29 Тамыз, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Мэри Элис Хейуордпен кездесті
Елбасы кездесу барысында Қазақстанның МАГАТЭ-мен ынтымақтастық деңгейінің жоғары және өзара іс-қимылының тиімді екенін атап өтті. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
29 Тамыз, 2019
Қазақстандықтардың несие бойынша борыш жүктемесін азайту шаралары айтылды
Үкіметтің алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова өмірде қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
29 Тамыз, 2019
А. Гуттериш: Қазақстан бұл мәселеде басты қолдаушыларымыздың бірі болды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы А.Гуттериш «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсіміне қатысушыларға видеоүндеу жолдады. Видеоүндеуді Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жариялады.
29 Тамыз, 2019
Міржақып Дулатов: Баспасөзіміз не күйде?
1923 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің № 60 санында 7 бөлімнен тұратын «Баспасөзіміз не күйде?» мақаласы шыққан. Көлемді мақаланы Мадияр атты бүркеншік есіммен Міржақып Дулатов жазған.
29 Тамыз, 2019
Назарбаев сыйлығының иегерлері белгілі болды
«Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының» иегерлері белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29 Тамыз, 2019
СІМ басшысы ЮНИСЕФ Балалар қорының жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Өкілімен кездесті
СІМ басшысы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Өкілі Артур ван Дизенмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Тамыз, 2019
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы өтті
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Тамыз, 2019
Қаржы бөлінсе Алматыда ЛРТ құрылысы басталады - Б.Сағынтаев
Алматыда троллейбустар көбейеді. Алдағы уақытта қоғамдық көліктің бұл түрінің тағы 4 жаңа бағыты ашылады. Ал экологиялық көліктің жүрісін жеделдету үшін қаладағы желілер күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Тамыз, 2019
Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайту талқыланды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен (UNODA) бірлесіп, барлық ядролық қарудан азат аймақтар (ЯҚАА), қызығушылық танытқан халықаралық және өңірлік ұйымдар, бақылаушы мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған семинар өткізуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Тамыз, 2019
Жергілікті кадрлар өнімге жете мән беруде
Қазақстанда британдық AVONProtection лицензиясы бойынша күләпара (капюшон) типті респираторлар өндіріле бастады. Лицензиар – негізінен мұнайгаз жобалары үшін жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жеткізумен айналысатын қазақстандық «QHSE-Akbarys» ЖШС компаниясы.
29 Тамыз, 2019
СІМ өңірлердегі фронт-офистердің жұмысымен танысты
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Тамыз, 2019