Редакция таңдауы
Кореялық ақын: Азия әдебиеті Еуропа әдебиетін жасартты, тың леп қосты
Азиялық ақын-жазушылардың жиыны 300-ден астам қаламгердің басын қосты. Оның ішінде, 38 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының Төрағалары сынды 70-ке жуық шетел қаламгерлері бар.
04 Қыркүйек, 2019
Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан фоторепортаж
Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр.
04 Қыркүйек, 2019
«Еңбекшіл қазақ» газеті: Дұрысында жазудың, әдебиеттің қызметі тілге әсер беру
«Жазу мәселесі» мақаласы 1924 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №213 санына шыққан.
04 Қыркүйек, 2019
Жамбылда Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі басталды
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы іске қосылды.
04 Қыркүйек, 2019
Гүлшара Әбдіқалықова Мәжіліс комитетінің төрағасы болды
Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
04 Қыркүйек, 2019
Өз уақытында, халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдаймыз - Н. Нығматулин
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның V сессиядағы алғашқы жалпы отырысы басталды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия алыбы әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.
04 Қыркүйек, 2019
Зарина Алтынбаева Италияны тәнті етті
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаева Италияда өткен «Montecatini Opera Competition – 2019» халықаралық байқауынан жүлделі 2-орын иеленіп, лауреат болып қайтты.
04 Қыркүйек, 2019
Алаш тарихына арналған жинақ шықты
Орал қаласында белгілі қаламгер, журналистика саласының ардагері, осыдан бір жыл бұрын дүниеден өткен Амантай Боранқұл ағамызды еске алу кеші өтті. Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық кітапханасында болған шара өлкетанушының әріптестері, туыстары жиналды. Осы кеште «Азаттық жолындағы азапты өмір» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.
04 Қыркүйек, 2019
Алатаудың етегінде аспанмен таласқан зәулім үйлердің тасасында тарихы ерекше қараша үй бар. Аядай ғана аулада орналасқан темір көрікте жарты ғасырға жуық болат балқытып, теміршілік өнерді кәсіп етіп келе жатқан ағайынды ұсталар Махмұт, Айтберген, Тұрсынжан Құлментегілердің шеберлігіне бүгінде шартарап тәнті. Кәсібінен пайда табуды емес, атакәсіпке адалдықты місе тұтқан шеберлер темір балқытып, бұйым жасаумен қатар оны ғылыми тұрғыдан зерттеумен де айналысып келеді.
04 Қыркүйек, 2019
Резонанс тудырған жиын еді - Дулат Исабеков
1973 жылы өткен Азия мен Африка елдері қаламгерлерінің конференциясы сол уақытта қазақ әдеби ортасында, жалпы қоғамда үлкен дүрбелең туғызды. Бұл дүние жүзі ақын-жазушыларының қазақ еліне тұңғыш рет келуі еді. Және біздің жат құрлықтың қаламгерлерімен танысып, білісуіміздің де алғашқы қадамы болды.
04 Қыркүйек, 2019
Таныс болыңыз: Азия ақтаңгерлері
4-6 қыркүйек күндері ел астанасында әлем әдебиетінің жылнамасына еніп, тарих бетінде қалатын үлкен әдеби форум өтеді. Бұл алқалы жиында Азияның қабырғалы қаламгерлері бас қосады. Мәртебелі жиынға сары құрлықтың әр түкпірінен арнайы келген танымал ақын-жазушылардың оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
04 Қыркүйек, 2019
Қызмет көрсету деңгейі бағаланды
Жуырда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық мекемелердің жыл сайынғы рейтингін жариялаған болатын. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмек көрсететін барлық мекемелердің қызметін бағалайтын рейтинг осы саладағы 50-ге жуық индикатор негізінде жасалса керек. Рейтингке жеке медициналық мекемелер де, ғылыми орталықтар мен институттар да, қысқасы түрлі медициналық мекемелер қатысқан. Сөйтіп еліміздегі медициналық мекемелердің 2018 жылғы қызмет көрсету деңгейі бағаланды.
04 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу бойынша әзірлік жұмыстарымен танысты, одан кейін қаладағы емханалардың бірін аралап көрді. Сондай-ақ министр Абай қаласында бір топ жас дәрігерлерге ведомстволық пәтерлердің кілттерін тапсыру рәсіміне қатысып, жаңадан ашылған кардиооңалту орталығында болды.
04 Қыркүйек, 2019
«Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады
Шілде айында басталған республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оқу жылы басталар тұста тіптен қарқын ала бастады. Бұрын қыркүйектің соңына дейін ғана жалғасатын акция биылдан бастап жыл бойы өтеді. Қазіргі таңда оқушыларды мектепке дайындауға қайырымды азаматтар мен компаниялар, кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысып жатыр.
04 Қыркүйек, 2019
Жамбыл облысында бірқатар білім ошағы пайдалануға берілді
Білім күніне орай Жамбыл облысында бірқатар білім ошақтары пайдалануға берілді. Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектептің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, мекеме ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
04 Қыркүйек, 2019
«...Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?»
Алла тағала қазақтың иелігіне асты мен үсті байлыққа толы кең-байтақ жерді нәсіп еткені көңіл марқайтпай қоймайды. Алайда осынау Ұлы даламыздың, оның қойнауындағы ризық-несібеміздің қадірін біліп, оны құныттап пайдалану, жанын сала қорғау жағынан келгенде әттеген-ай дейтін тұстарымыз көп-ақ...
04 Қыркүйек, 2019
Жаңғырту кәсіпорынды күшейтеді
Қарағандыдағы құю-машина жасау зауытының отандық нарықта жұмыс істеп келе жатқанына да 80 жыл болды. Соңғы төрт жылда кәсіпорын кең ауқымдағы жаңғырту үдерісіне бет түзеген болатын. Бұған дейін шахтаға қажетті құрал-сайман, құрылғылар жасап, кеншілерге қызмет көрсететін зауыт енді тау-кен жабдықтарын жөндеу бағытында да өз күшін сынай бастады. Мұндай мүмкіндікке кәсіпорын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің құрамына енгеннен кейін қол жеткізген еді. Бүгінде түгелдей түлеген зауыт атауын да өзгертіп, «Мэйкер» ЖШС ретінде танымал бола бастады.
04 Қыркүйек, 2019
Қызылжар – тарихи, археологиялық ескерткіштерге бай өңір. Бүгінде 25 нысан ұлттық және жергілікті киелі жерлер картасына жатқызылған.
04 Қыркүйек, 2019
Мұхтар Әуезов: «Абай жатқан бір дария, ал мен одан шөміштеп қана алдым», деген екен. Келер жылы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын ел ішінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде тойлағалы отырмыз. Той демекші, бұған дейін де Абайдың әлденеше рет тойы өтті. Ал бұл мерекенің бұрынғысынан ерекшелігі, артықшылығы неде, біз Абай үшін не істей алдық, Абайдың қадір-қасиетіне жете алып жүрміз бе? Әрине ауызды қу шөппен сүрте беруге болмас, ақын еңбектерін араб, ағылшын, орыс, өзбек, қытай т.б. тілдерге аудардық, қыруар шаруалар атқарылды.
04 Қыркүйек, 2019