Редакция таңдауы
Worldskills-2019 жүлдегерлеріне құрмет
22-27 тамыз аралығында Татарстан Республикасының астанасы – Қазан қаласында WorldSkills стандарттарының кәсіби шеберлік бойынша 45-ші әлем чемпионаты өткен болатын.
06 Қыркүйек, 2019
Үлгілі отбасын анықтайтын байқау
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізуді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы бекіткен болатын. Отбасы институтын нығайтуға, халқымыздың отбасылық, рухани және адамгершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған байқауға биыл 3204 отбасы қатысқан. Осыған дейін қатысушылардың 36%-ы көп балалы отбасылар болса, биыл 80%-ды құрап отыр. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
06 Қыркүйек, 2019
Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, келер ұрпаққа жеткізген жөн. Осының амалын «Интергаз Орталық Азия» компаниясының жас мамандары қарастырып, аймақтарды көгілдір отынмен қамтуға байланысты тың ойларымен бөлісті. Мұндай мүмкіндік бас қалада ұйымдастырылған «Ұрпақтар сабақтастығы және бүгінгі энергия – болашақ үшін» III жастар слетінде берілді. Жас мамандар құрылтайы биылғы Жастар жылы аясында қолға алынғанын айта кеткен орынды.
06 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Қазақстан мұнай-газ саласының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, еліміздегі мұнай-газ кешенінің барша еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
05 Қыркүйек, 2019
Қазақстанда еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша 79 қылмыстық іс қозғалды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары ағымдағы жылдың 7 айында 5,5 мың кәсіпорындарға тексеру жүргізді, оның барысында 7,9 мың еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 79 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елорданың жекелеген кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының проблемалық мәселелеріне арналған кеңес барысында мәлімдеді.
05 Қыркүйек, 2019
Қытаймен бірлескен жобаларда қазақстандықтар жұмыс істейді - Жеңіс Қасымбек
Қытаймен бірлескен жобаларды іске асыру аясында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, оның 95%-ында қазақстандықтар жұмыс істейді. Қалған 5% - түрлі елдерден келген мамандар, оның ішінде Канада, Қытай т.б. елдерден келгендер. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
05 Қыркүйек, 2019
Жамбыл облысында Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтті
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы іске қосылды. Көрме аясында әуелі Қордай ауданы, Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтті. Салтанатты шараны Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйлеп ашып, жергілікті тұрғындарды «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен таныстырды.
05 Қыркүйек, 2019
Ақмола облысында ауыл әйелдерінің форумы өткізіліп, онда ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл әйелдері мен қыз-келіншектерінің қоғамда алатын орны, оларды қоғамдық-саяси, мәдени өмірдің әр саласында, орта және шағын бизнесте қолдап, жұмысқа орналастыру тәрізді өзекті мәселелер талқыланды.
05 Қыркүйек, 2019
Бағдарламалардың орындалу барысымен танысты
Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы өңірде мемлекеттік бағдарламаларға сай атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
05 Қыркүйек, 2019
Жолдау депутаттарға жауапты міндеттер жүктеді
Кеше Парламент Мәжілісінің бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтіп, бірқатар заң жобасын әзірлеу жөнінде мәселелер талқыланды.
05 Қыркүйек, 2019
Мұнай өндірумен бірге өрілген ғұмыр
Маңғыстауда «Кезби» десең, «ол не еді?» деп кері сұрақ қоятын адам табыла қоймас. Компания бұл деңгейге қиын кезде тығырықтан шығар жол тауып, талай жанның нәпақасын айыруға мұрындық бола алған іскерлік пен ұйымдастырушылық, сондай-ақ қызмет көрсетудегі сапа мен кәсіби шеберлік арқылы қол жеткізді.
05 Қыркүйек, 2019
Сәт Тоқпақбаев! Генерал-полковник, қоғам және мемлекет қайраткері!Желмая уақыт зымырап өтіп жатыр. Бірақ Сәт аға дегенде жүрегім ерекше толқиды. Мүмкін бұл Сәкеңді жас кезімнен білетіндігімнен бе екен? Әлде Парламент Мәжілісіндегі депутаттық қызметімде ол кісі министр кезінде қорғаныс, қауіпсіздік мәселелері бойынша қабылданатын заңдарды талқылау барысындағы сыйластық пен сырластықтың қалыптасуы, кейінірек Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде бірге халық аманатын арқалап қызметтес болғандықтан ба, Сәкеңмен ағалы-інілі бір құрметтестік алтын желі қалыптасты.
05 Қыркүйек, 2019
Президент Жарлығы қалай жүзеге асуда?
Жуырда Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру барысы жөнінде баспасөз конференциясы өтті. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қатысты.
05 Қыркүйек, 2019
Қазақстандағы жаңа кезеңнің жол картасы
Қазақстанның жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың байланысын нығайтуға бағытталған халыққа арналған манифест іспетті Жолдауында елдің келешектегі бағытын айқындап берді.
05 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтік көмек кәсіпкерліктің бастауы
Президент бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жаңғырту керектігін айтып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша Үкіметке қосымша 250 млрд теңге бөлуді тапсырды.
05 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
Премьер-Министр Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, онда Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың өңірлер экономикаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Қыркүйек, 2019
Түркия астанасы Анкарада Қазақстан күндері өтті
3 қыркүйекте Түркияның астанасы Анкара қаласының Этимесгут ауданы мэриясының, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Анадолу күндері» мәдениет және өнер фестивалі аясында «Қазақстан күндері» өтті.
04 Қыркүйек, 2019
Мәжілістің жаңа сессия бойынша алғашқы жалпы отырысы өтті
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның V сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азия қаламгерлерінің І форумында сөйлеген сөзі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азия қаламгерлерінің І форумында сөйлеген сөзін akorda.kz жариялады.
04 Қыркүйек, 2019