Редакция таңдауы
«Егемен»-де жарияланған мақала бойынша депутаттық сауал жолданды
Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan Фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл Нұр-Сұлтан қаласындағы көрнекті көшелердің біріне Жошы хан есімін беруді ұсынды.
11 Қыркүйек, 2019
Д.Абаев: Министрлік масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға дайын
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Astana Media Week іс-шарасының ашылуында айтты.
11 Қыркүйек, 2019
Арыстық балалар – Молдова жерінде
Арыс қаласындағы балалар үйінің төрт тәрбиеленушісі 8 қыркүйекте Молдова астанасына ұшып барды. Балдырғандар саяхат аясында осы елдің тарихи-географиялық, сондай-ақ этномәдени ерекшеліктерімен танысуда.
11 Қыркүйек, 2019
Электронды сауданың үлесі артады
Елімізде электронды коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жүйелі жұмыс жүргізілсе, алдағы алты жылда электронды сауданың үлесі қазіргі 2,9%-дан 5%-ға дейін артуы бек мүмкін.
11 Қыркүйек, 2019
Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференция өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылған мәдени шараға еліміздің археолог-тарихшыларынан бөлек Франция, Түркия, Әзербайжан, Жапония, Ресей мемлекеттерінің ғалымдары, бірнеше елшіліктің ресми өкілдері қатысты.
11 Қыркүйек, 2019
Табиғаттың тылсым сырын ішіне бүккен қызғылт каньон жардан төмен құлаған күйі ағараңдап жатқан жалғыз аяқ жол арқылы өзіне жетелейді. Аңсарыңды аудара қызықтырған қызғылт каньонды географ мамандар кейде «Қамалдар аңғары» деп те жазады. Содан ба, біз өзіндік ерекшелігіне қарай Қызғылт қамалдар аңғары дегенге ықылас таныттық.
11 Қыркүйек, 2019
Баянауылдың бір байлығы – орманы
Сібірдегі орман өрті ресейліктердің мазаларын кетіргенін теледидар арқылы көріп отырдық. Солтүстік өңірде де ыстық болғандықтан Павлодар өңіріндегі орманшылар, өрт сөндірушілер, төтенше жағдайлар басқармасы биыл күндіз-түні табиғат күзетінде болды.
11 Қыркүйек, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ән өнерінің ақтаңгері – Біржан салдың туғанына 185 жыл толуына орай таланттың туған топырағы Біржан сал ауданында ажарлы той өткізілді.
11 Қыркүйек, 2019
Биылғы жаз маусымында темір жол және әуе жолдары арқылы қатынаған қазақстандықтар билеттің қымбаттығына байланысты біраз қиындықтарға тап болғаны белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы пікір білдіріп, тиісті ведомстволарға мәселені тездетіп реттеуге тапсырма берген еді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы брифинг өткізіп, жолаушылар тасымалы нарығындағы бүгінгі ахуалды түсіндірді.
11 Қыркүйек, 2019
Онлайн дауыс беру жергілікті билікті бағалаудың тиімді тетігі бола ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауының «Қуатты өңірлер – қуатты ел» тақырыбымен берілген соңғы V тарауының бірінші бөлігінде жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға назар аударылған.
11 Қыркүйек, 2019
Жауапкершілік жүгі жазадан жеңіл
Ішкі істер министрлігінің жақында таратқан ақпаратын оқығанда еріксіз күрсінесің. Бала – бауыр етің, көз алдыңда жайраңдап жүрген балақайдан қас-қағым сәтте көз жазып қалсаң, қалай болады? Әлбетте, ауыр. Әрі ол бір отбасының жалғызы болса ше? Жаныңды жегідей жейді. Талай түйткілдің түйінін оймақтай ойға сыйғызған қазақ мұндайда бір ауыз сөзбен «Сақтықта қорлық жоқ» деген.
11 Қыркүйек, 2019
1,8 млн қазақстандық атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған
Түркістан облысы Арыс қаласынан Павлодар облысының Майқоңыр ауылына қоныс аударған Серік Жәдігердің көпбалалы отбасысы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. Қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да төлемдерді алып, жаңа, мұқтажсыз өмір сүруді бастай алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
10 Қыркүйек, 2019
БҰҰ Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнінің он жылдығын атап өтті
БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан бастамасымен құрылған Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күнінінің он жылдығын жоғары деңгейдегі ресми пленарлық отырыс форматында атап өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
10 Қыркүйек, 2019
Қасым Аманжолов атындағы республикалық мүшәйраға өтінімдер қабылдау басталды
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 4 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ поэзиясының алыбы, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасын өткізеді. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
10 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатпен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов таныстырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
10 Қыркүйек, 2019
Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын қабылдады
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстан Республикасының Президентінің «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
10 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Президенті Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
10 Қыркүйек, 2019
Полиция жұмысының басты көрсеткіші – халықтың сенімі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевпен әңгіме.
10 Қыркүйек, 2019
Көлік құрастыру қарқыны артады
Елімізде алдағы бес жылда машина жасау саласындағы еңбек өнімділігі, өндіріс және экспорт көлемі 1,2-2 есеге дейін артуға тиіс. Үкімет алға қойып отырған осы нәтижеге «Машина жасауды дамыту жөніндегі жол картасының» талаптарын орындау және қаржыландыру көлемін арттыру арқылы жету жоспарланып отыр.
10 Қыркүйек, 2019
Қуат өндіруде бәсекеге қабілеттілік қажет
2001-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыды. Еліміз энергия жеткізуші ретінде әлемдік және энергетикалық нарықтарға қатысты. Осы факторлардың есебінен бүгінде экономикалық даму мүмкіндіктері шектеліп отыр. Қазіргі уақытта барлық тараптардың, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдің ішкі үдерістерімен айқындалатын энергетикалық саясаттың сапалы жаңару міндеттері жетілді.
10 Қыркүйек, 2019