Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді
Белгілі қоғам қайраткері, публицист Сейдахмет Құттықадаммен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының өзекті аспектілері, аталған диалог алаңының еліміздің әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Тамыз, 2019
Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
28 Тамыз, 2019
Грекия Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады
Бүгін Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Грекия Елшісі Александрос Катранисті Қазақстан Республикасындағы миссиясының аяқталуына орай қабылдады. Кездесу барысында СІМ басшысы А.Катраниске екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, оған естелік сыйлық табыс етті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Тамыз, 2019
Алматы авиажөндеу зауыты «Ми» тікұшақтарын құрастырады
Жуковский қаласында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «МАКС-2019» 14-ші халықаралық авиациялық-ғарыштық салонына қатысып, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Тамыз, 2019
Әділет министрлігі заңдарды әзірлеу және қабылдау тәртібін жетілдіреді
Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы кезінде Әділет министрі Марат Бекетаев заңдарды әзірлеу және қабылдау шараларын жетілдіру туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
28 Тамыз, 2019
Балалардың терезеден құлауы: қайғылы жағдай болмас үшін не істеу керек
Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі - терезеден құлау оқиғасы. Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес. Қайғылы жағдай болмас үшін не істеу керек екендігін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.
28 Тамыз, 2019
Роза Мұқанова: Өлеңдерінен Фаризаның өзін іздедім...
Жақында әлеуметтік желіде жарқ ете қалған Фариза Оңғарсынова туралы қойылғалы жатқан «Фариза» спектаклінің афишасын көре салғаннан-ақ көңілді ерекше бір қуаныш кернеді. Бұл сезім тек біздің ғана емес, ақын өлеңін жастана оқыған әрбір оқырманға ортақ толғаныс екені анық. Өйткені өлеңін өміріне балап, ғұмыр бойы аялап өткен ақын жанының бар сыры мен болмысы қай кезде де оқырманын бейжай қалдырып көрген емес. Ал сол «Фариза» сахна арқылы тіл қатса, тіпті ғажап! Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында 5-6 қыркүйекте өтетін спектакль премьерасына дейін санаулы-ақ күн қалды. Осы орайда «Фариза» драмасының авторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы-драматург Роза Мұқановадан өзі танып, туындысына өзек еткен ақын әлемі туралы сыр бөлісуін сұраған едік.
28 Тамыз, 2019
Денсаулық саласына салынған қаржы көлемі өсті
Елімізде денсаулық сақтау саласына салынған негізгі қаржы көлемі былтырдан бері 13 пайызға өскен. Алайда, бұл мөлшер негізгі капиталға салынған жалпы инвестицияның 1 пайызына да жетпейді, дәрілек айтсақ 0,9 пайыз ғана. Бірақ былтырғы жеті аймен салыстырғанда биыл денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынған инвестиция көлемінде өсім бар.
28 Тамыз, 2019
Жөлекте болған екен хан базары
Шиелі ауданының орталығынан солтүстік батысқа қарай 34 шақырым қашықтықта Жөлек атты ауыл бар. Бұл ауылды сөз еткенде алдымен осы өлкеде кезінде үлкен бекініс болғанын атап өту қажет. Тоғыз жолдың торабында орналасқан бекіністе Ұлы Жібек жолының бойындағы үлкен базардың бірі орналасқан екен.
28 Тамыз, 2019
«Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген ескілерден қалған сөз бар. Сол ескілерден қалған сөз ескірейін деді ме... Әйтеуір қазір малдың еті мен сүт-майы қымбаттаса да, терісі ешкімге керексіз болып, әр жерде шіріп жатады.
28 Тамыз, 2019
Әлемге бейбітшілік нұрын шашқан
Қазақ халқы үшін 29 тамыз екі тарихи оқиғамен тығыз байланысты. Оның бірі халқымызға орасан зор қасірет әкелген ядролық сынақтардың Семей өңірінде басталуына байланысты болса (осыдан тура 70 жыл бұрын, яғни 1949 жылғы 29 тамызда Семей сынақ алаңында қуаты 22 килотонна болатын атом бомбасы жарылды), екінші оқиға – Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туған халқының алдында азаматтық парызын орындап, мәскеулік биліктің саясатына кереғар шешім – Семей полигонын біржолата жабу туралы Жарлығына қатысты (аталған Жарлыққа 1991 жылдың 29 тамызында қол қойылған). Кейін, 2009 жылдың желтоқсанында Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдап, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде бекітті.
28 Тамыз, 2019
Төрт жылдық даму болжамдары қандай?
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020–2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлданды. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің ішінде 2020–2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы баяндалып, педагог мәртебесін айқындау бойынша баяндамалар тыңдалды.
28 Тамыз, 2019
Халықаралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар жылы аясында ұйымдастырған этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының қатысуымен өтетін халықаралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады.
28 Тамыз, 2019
Танымал блогерлер Қазақстанды таныстырды
Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстанды таны» атты халықаралық блогерлер форумы өтті.
28 Тамыз, 2019
Депутаттар жұртшылықпен жүздесті
Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков Алматы облысы Қарасай ауданында болды. Тұрғындармен жүздесу барысында өнеркәсіпті, спортты дамытуға, коммуналдық сала мен тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер көтерілді. Сенатор Ұмтыл ауылдық округінің әкімімен, коммуналдық қызмет басшылары және өкілдерімен кездесу өткізіп, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, электр қуатын толассыз беру, жолды жөндеу және жарықтандыру мәселелеріне байланысты Көлді ауылы тұрғындарының ұжымдық өтініштерін қарады.
28 Тамыз, 2019
«Қайырымдылық керуені» жолға шықты
Биыл екінші рет қолға алынған республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдау қыркүйектің 2-сінен басталмақ. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушылары Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
28 Тамыз, 2019
Қарқаралыда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды
Қасиетті Қарқаралы топырағына Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның және Әлімхан Ермековтің тұлғалары қоладан құйылған ескерткіш болып орнықты.
27 Тамыз, 2019
Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Қарағанды оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі
Жаңа оқу жылында Қарағанды мектептерінің барлық оқушылары бюджет есебінен оқулықтармен толықтай қамтамасыз етіледі. Тіпті, 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге оқулықпен қоса дәптерлер жиынтығы да тарту етілетін болады.
27 Тамыз, 2019