Редакция таңдауы
Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталса...
Павлодар өңірінде салғырттық салдарынан тілсіз жаудың құрбанына айналып жатқан жандардың қатары азаймай тұр. Жылу маусымы басталғалы өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамау салдарынан бес бірдей адам қаза болды. Өрт сөндірушілер марқұмдардың екеуін жанып кеткен үйдің ішінен тапса, тағы үшеуі пештен бөлінген улы газға тұншығып өлген.
05 Қараша, 2024
Жангелді БИМОЛДИН, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры: Мұрағаты түгел ел мұратына жетеді
– Жангелді Бержанұлы, бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады» деген екен. «Архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деген қағида тағы бар. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?
05 Қараша, 2024
Демографиялық даму – мемлекет тірегі
Демография – кез келген елдің дамуындағы маңызды, шешуші фактор. Мемлекеттің өсіп-өркендеуіне халық саны барынша ықпал етеді. ХХ ғасырдың басында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы жазбаларында сол кездегі халқымыздың саны 6 миллионға жеткені туралы мәлімет бар. Бірақ халықтың басына түскен түрлі нәубет – аштық, қуғын-сүргін, соғыс сынды сұрапыл оқиғалар қазақтың демографиялық өсімін тежеп, 6 миллионды 1,5 миллионға дейін азайтып жіберді. Ал ХХІ ғасырда 20 миллионға жеттік. Бағалай білсек, бұл да болса егемендіктің арқасы, ел тарихындағы ең басты жетістігіміздің бірі.
05 Қараша, 2024
Борышқа белшесінен батқан аурухана
Павлодардағы №3 аурухананың кредиторлық қарызы бір жарым жыл ішінде 44 есе ұлғайған. 2023 жыл басында небәрі 8 млн теңге болған борыш бүгінде 356 млн теңгеге дейін өсіп кетіпті. Өңірдегі емдеу ұйымдарының біразында осындай мәселе байқалып отыр.
05 Қараша, 2024
Балалар денсаулығы – басты назарда
Кейінгі 5 жылда халқымыздың саны 8,8%-ға өсті, оның ішінде жасы 18-ге дейінгі отандастарымыздың саны 6,6 миллионға жетті. Өткен жылы 388 428 нәресте жарық дүниеге келсе, 2024 жылдың 8 айында 245 777 бала туған. Елімізде 250 перзентхана, оның ішінде 39 перинаталдық орталық бар.
05 Қараша, 2024
Әлемнің әйгілі жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов – 100 жаста. Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, соғыс ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлының шығармашылығы ғасыр шеңберіне сыймайды.
05 Қараша, 2024
Елордада халық саны 1 миллион 500 мыңнан асты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астана халқының саны 1 милллион 502 мың 102 адамға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2024
«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасарлары тағайындалды
«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде екі бірдей кадрлық тағайындау өтті. Жаңа қызметкерлерді ұжымға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2024
Үкіметте инфляцияны тежеу шаралары талқыланды
Вице-премьер Серік Жұманғарин сенбі күні инфляция мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Үкіметтің негізгі міндеті – 8%-дан аспайтын инфляция дәлізіне кіру. 10 айдағы деректерді және инфляция индексінің негізгі құрамдас бөліктері – ақылы қызметтер, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бойынша баға жағдайын дамыту перспективаларын ескере отырып, Үкімет жылдық инфляцияны тежеу үшін ықтимал шараларды қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қараша, 2024
Қазақстан азаматтары Ливаннан аман-есен оралды
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
04 Қараша, 2024
Каспий теңізіне 17 млрд текше метрге жуық су жіберілді
Жыл басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2024
Астанада 15 автобустың бағдары уақытша өзгереді
Астанада бүгін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін он бес автобустың бағдары уақытша өзгереді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2024
Қазақ боксшысы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Даниял Райымбеков (85 кг) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2024
Көпбалалы отбасыларды қамтитын жаңа бағдарлама іске қосылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банкте» жаңа бағдарламалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2024
Желтоқсан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады
2024 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Желтоқсанда отандастарымыз мерекеге орай бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2024
Инклюзивті білімнің мүмкіндігін кеңейту маңызды
Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іске асыру жолдарын талқылады. Отырысқа бірқатар министрлік пен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
02 Қараша, 2024
Жазушының шығармашылық зертханасы
Мұндай ғажап та тарихи сәтті қолына қалам ұстаған кез келген қаламгер армандайтын шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір аптаға созылған суреткер шығармашылығын зерделеуге арналған мазмұнды шараның барлығы да жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
02 Қараша, 2024
95 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық Қазақ драма театры еліміздегі ең алғашқы «кәсіби мамандар театры» есебінде тарих бетіне алтын әріппен жазылып қала бермек. Кәсіби маман сөзі бүгінде қалыпты саналғанымен, өткен ғасыр басында оны алып шығу екінің біріне бұйырмаған бақыт болатын. Жұмат Шанин – қазақ театрының негізін қалаған реформаторы болса, Халел Шәженов – Ресейдің мойындалған әйгілі оқу орнынан режиссер атанып шыққан тұңғыш қазақ.
02 Қараша, 2024
Қазақ әйелдері арасында алғаш роман жазған Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толуына орай биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында Ақтөбе облысында жазушы шығармалары таңдалып, қаңтар айынан бастап кітапхана, мектептерде небір маңызды іс-шаралар өтті. Шалқар аудандық орталық кітапханасының коворкинг залында «Өз дәуірінің тамыршысы» атты әдеби кеште ақтөбелік өлкетанушы Жұмабай Асарбаев осыдан қырық жыл бұрын Алматы қаласында Сара Мыңжасаровамен дәмдес болғанын, сол отырыста Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова сынды қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері мен журналист Мәриям Қарақонақова жазушы апамызға керемет құрмет көрсеткенін жеткізіпті.
02 Қараша, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: бастаулары, тарихи сабақтастығы және эволюция» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Мазмұнды іс-шара тарих ғылымдарының докторы, профессор Сатай Сыздықовтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
02 Қараша, 2024