Редакция таңдауы
Маңғыстау мұнайшылары референдумға белсенді қатысуға ниет білдірді
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Маңғыстау облысында болды. Олар мұнайшылармен, өңір жұртшылығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, Сенек ауылының тұрғындарымен аймақты дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Президент Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді
Заманауи үлгіде жабдықталған кешенде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2024
АЭС салу: Сенаторлар жобаның пайдасы мен қауіпсіздігін түсіндірді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы атом электр станциясын салу туралы референдум өткізу жөніндегі бастамасын халыққа түсіндіру мақсатында сенаторлар еліміздің аймақтарына аттанған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Президент: Әбіш Кекілбайұлы – тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеген қайраткер
Ақтау қаласында халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Жобаны білікті кадрлар жүзеге асырады -Наурызбай Байқадамов
Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысында жастармен және медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады
Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Сенатор: Жергілікті тұрғындардың мүддесі ескеріледі
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Кеген, Нарынқол, Ақбейіт және Сарыжаз ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар атом электр станциясы жобасын жүзеге асырудың экологиялық және экономикалық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Талғат есімді таланттың кино көгінен құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып түскенінен бері де бірнеше онжылдық тарих қойнауына сүңгіпті. Бірақ санада қалған сол бір жарқын бейне архивтегі кино қоржынын қазбалаған сайын үнемі алдымыздан шыға берді. Әсіресе ол сомдаған «XX ғасырдың қарақшылары» экшн-фильміндегі Салех рөлі ел есінде ерекше жатталып, оның есімін кино тарихында тасқа басты. Бүгінде кеңес кинематографі парақтарынан аңыз актер атын тым-тым жиі ұшыратсақ, ол да талантты тұлғаның дария дарынының арқасы болса керек.
27 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі таңда жерұйық философиясы қауіпсіз қоғам ұғымымен сәйкеседі. Расында, үйде жүргендей сыртта да өзіңді еркін, қауіпсіз сезінетін, ұрлық-қарлық пен зорлық-зомбылықтан ада, құқық бұзушылық көрсеткіші жоққа тән қоғамды жерұйық деуге әбден болады. Кез келген мемлекет осындай ізгі қоғам құруға мүдделі. Осы орайда әлемде мұндай мамыражай қоғам құра алған, заң бұзушылық тіркелмейтін мінсіз ел бар ма деген сұрақ туады. Жалпы, адамдар қай елде өзін қауіпсіз сезінеді?
27 Қыркүйек, 2024
Екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік секторға деген ықыласы көңіл көншітпейтінін жиі айтып жүрміз. Банктер жыл басынан бері 1 трлн 38 млрд теңге табыс тапса да, ішкі жалпы өнімдегі қаржыландыру үлесі – айтарлықтай көп емес. Кейінгі кездері сынға түскен бұл мәселені Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірігіп, бірқалыпқа түсіруге тырыспақ. Жыл соңына дейін ел ішіндегі тұтынушылық несиелендіруді азайтамыз дейді.
27 Қыркүйек, 2024
Басты тақырып: Өңірлік БАҚ пен балалар контентінің ахуалы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен елордада өтіп жатқан Astana Media Week-2024 медиа апталығының екінші күнінде отандық бұқаралық ақпарат саласының, әсіресе мерзімді басылымдардың мәселесін көтеріп, түйткілінің тамырын тап басқан қызықты да пайдалы панельдік сессиялар ұйымдастырылды.
27 Қыркүйек, 2024
Цифрлы әлемнің есігін қағып тұрмыз
Неміс экономисі Вернер Зомбарт «Экономиканың басты қағидасы – алысқа қарау» дейді. Уақыт сынынан өткен бұл пікірге ешкімнің шүбәсі жоқ. Егер дәл қазір алысқа қарар болсақ, цифрлық трансформация төрімізден орын алуы қажет. Оның ішінде қаржы саласының цифрлық экожүйесін құру маңызды. Сөзімді қуаттай түсу үшін «KPMG» жүргізген зерттеуді мысалға алайын. Сатылымы 1 млрд доллардан асатын компаниялардың 59%-ы қаржылық үдеріске жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданған. Ал «Cofinpro AG» жүргізген зерттеуден бәсі биік банктердің 52%-ы машиналық оқыту әдісін енгізгенін көреміз. Осы тұста оқып отырған сізді, жазып отырған мені де мазалайтын екі сұрақ бар: Жаһанды жаулаған осы үдеріске біз үлгердік пе? Банктеріміздің бабы келісті ме?
27 Қыркүйек, 2024
Алматы агломерациясының даму қарқыны қандай?
Елдегі ішкі көші-қон үдерісінің елеулі бөлігі Алматыға тиесілі. Жан-жағын магниттей тартып, тіршілігі қыз-қыз қайнаған алып қаланың аумағы агломерация есебінен күн сайын ұлғайып келеді. Құрамына 3 қала, 4 аудан, 31 ауылдық округ, 98 елді мекен кіретін Алматы агломерациясы – тұтас ел аумағындағы ең үлкен әлеуметтік-экономикалық орталық.
27 Қыркүйек, 2024
Кеңшілік Тиышханұлы: Сенім сетінемеу керек
Қазір Абай мен Шәкәрімнің діни көзқарасы хақында сауал аз емес. Осы орайда белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тиышханұлымен бабаларымыздың діннің кейбір доктриналарына көзқарасы, дінаралық диалог, оның біріктірушілік қасиеті және дербес тұлғаның діни құндылықтарды қабылдау кезіндегі ұстанымы тақырыбында әңгіме өрбіттік.
27 Қыркүйек, 2024
Әулиелі жер туриске де тартымды
Қайбір жылдары рухани сапармен Түркістан облысында болдық. Сапар басы Отырар ауданындағы Арыстан бабтан басталған еді. Облыс орталығынан 50 шақырымнан әрі жатқан Шәуілдірдегі киелі орынға қою қараңғыда жеттік.
27 Қыркүйек, 2024
Биыл жазда еліміздің солтүстігіндегі өлкелер жауын-шашынды болғанына қарамастан, туристік маусымда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жарты миллионға жуық қонақ барған.
27 Қыркүйек, 2024
Ел азаматтары отандық демалыс орындарында саяхаттауды жиілете бастаған. Мұны ресми деректер де растайды. Қазір еліміздегі туризмнің ахуалы қандай? Бұл саланың біз күткендей дәрежеге жетуіне қандай факторлар кедергі болып отыр? Мәселенің мән-жайы Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында «Қазақстандағы тұрақты туризм» тақырыбында Fishbowl-пікірталас алаңында талқыланды.
27 Қыркүйек, 2024
Еліміздегі 2,5 мыңға жуық мектеп тексеріледі. Аталған тексеріс білім сапасын қамтамасыз ету бойынша жүргізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
27 Қыркүйек, 2024
«Astana Hub» халықаралық технопаркі елімізде жасанды интеллектіні (ЖИ) дамытатын «AI Movement» бастамасын іске қосты. Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.
27 Қыркүйек, 2024
Тәуелсіздіктің арқасында қазақ қоғамы өзгерді. Технократияға ұмтылыс басымдық алды. Әрине, оның шаруаға тигізетін пайдасы аз емес. Ұлттық руханияттың жағдайы да экономикамен бірге ширауы керек еді. Ата-бабадан қалған айнымас жолымыз бар. Бәрі санамызда кестеленіп, миымызға орнықпаса, қарын тойдырғанның біржақты көрсеткіші кемелденудің кепілі бола алмайды. Сондықтан руханияттың өзекті саласының бірі – көркемсуретті өркениет талаптарына сай өнегелеуге міндеттіміз.
27 Қыркүйек, 2024