Редакция таңдауы
Отандық ғалым көз ауруын емдеудің тиімді әдісін ойлап тапты. Көз ауруларын енді көзге арналған линзалар сияқты, бірақ емдейтін қасиеті бар дәрілік пленкалар арқылы емдеуге болады.
31 Қаңтар, 2024
Екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің сан үлгісін көрсетіп, қыршын кеткен ерлер қаншама? Олардың нақты санын ешкім ешқашан айта алмайды-ау. Олай дейтініміз, сол соғыстан сыр шертетін архив құжаттары әлі күнге ізденушілер мен зерттеушілердің қолына толық берілген емес. Тек бірен-саран зерттеуші сол кезеңнің там-тұм деректерін мерзімді басылымға жариялап жүр. Бұл дегеніміз теңізге тамған тамшыдай. Жалпы, 1941–1945 жылдардағы соғыстың зауалы мен зардабы жайлы да әлі күнге нақты дерек толық жарияланған емес.
31 Қаңтар, 2024
Бұрын елімізде кардиологиялық орталық тек Алматыда ғана болды. Тәуелсіздік жылдарында оған Астана қосылды. Облыс тұрғындардың көбінің қолы осы екі қаладағы емдеу орындарына жете бермеді, өйткені сырқаттар саны көп, кезек үлкен. Біздің облыстың тұрғындары жүрек-қан тамырлары кеселінен емделуге көбінесе Ресейдің көршілес қалаларына сабылатын.
31 Қаңтар, 2024
Кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігі
Өңірде инвесторларға кедергі болып отырған мәселелердің бірыңғай тізілімі жасалатын болды. Бұл кәсіпкерлікті қолдау шараларының өрісін кеңейтіп, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік бермек.
31 Қаңтар, 2024
Петропавлдың жылу жүйесі атақты «СевКазЭнерго» АҚ-тың бір бұтағы «Петропавлдың жылу жүйелері» (ПЖЖ) ЖШС толығымен басқаның басқаруына берілген. Басқаша айтқанда, бәрі жекеменшікте. Атышулы 2-ЖЭО да солардың иелігінде. Дүние жекеменшіктікі болған соң жергілікті әкімдік олардың жұмысына араласпайды, тек апат болып, жылу берілмегенде ғана халықтың қалауымен дауыс көтерген болады.
31 Қаңтар, 2024
Сутек энергиясын алудың арзан жолы
Отандық ғалым, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың меңгерушісі Ақатан Қыдырмолла сутегі энергиясын арзандатудың жолын тапты.
31 Қаңтар, 2024
Ойына келгенін істейтіндер көбейді – депутат
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев кейінгі уақытта заңды белден басып, ойына келгенін істейтіндер көбейіп кеткенін айтып, Премьер-министрге сауал жолдады. Депутат құқықбұзушылықтардың алдын алу дұрыс ұйымдастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2024
Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2024
«Мәйіт донорлығын қалпына келтіру қажет». Экс-министр трансплантациядағы түйткілді айтты
Екі рет Денсаулық сақтау министрі болған білікті трансплантолог Жақсылық Досқалиев елімізде ағза алмастыру кезегінде тұрған 4 мың науқас тек отаны көтере алатындар екенін айтты. Ал ішкі органдары емдеуге келмейтін, отаға жарамайтын жарым көңіл жандардың жалпы саны 12 мыңға жетіп жығылатынын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2024
Жаңа құжат: Судың сұрауы үлкен болады
Премьер-министр Әлихан Смайловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қабылданды. Сондай-ақ отырыста шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау мәселелері де қызу талқыланды.
31 Қаңтар, 2024
Активтерді қайтару: Тізілім толығып жатыр
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару ісі басталғалы бері салық органдарының назарына 2000-нан аса отандасымыз іліккен. Бүгінде олардың мүлікті қандай жолмен алғаны тексеріліп жатыр.
31 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы 2020 жылы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін баса айтқан еді. Салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді көрсеткен Президент өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмей қойма және көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
31 Қаңтар, 2024
«Самұрық-Қазына» жобаларына БЖЗҚ қаражаты тартылады
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің отырысы болып, онда қордың қаржылық ахуалы, бастамалары және жүзеге асқан жобалардың жай-күйі туралы ауқымды ақпарат берілді. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов холдингтің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы туралы әңгімелеп, 2023 жылғы таза пайда шамамен 1,9 трлн теңге деңгейіне жетеді деп болжанып отырғанын мәлімдеді.
31 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісі: Оқиға ошағын дәл болжаған
Ғылымның нәтижелері мен жаңалықтары болашақтағы қауіп-қатер мен құлдырауды, тіпті төтенше жағдайды алдын ала болжауға да қызмет етуге тиіс. Осы ретте біз сала жетістігін қаншалықты пайдаланып отырмыз? Бұл сұрақ кешегі Алматыда болған жер сілкінісінің ошағын былтыр болжаған ғалымдардың еңбегін оқығаннан кейін туып отыр.
31 Қаңтар, 2024
Мұнайлы шаһарда танымал тұлғалардың есімі берілген білім ордасы аз емес. Соның бірі Қ.Қайсенов атындағы №33 орта мектеп Жылыой ауданындағы Сарықамыс елді мекенінің тұрғындары облыс орталығына көшірілгенде салынған.
31 Қаңтар, 2024
Жанна Қыдыралина: Өткенді білмей, болашақты айқындау қиын
Төрт жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, өткен жылдың соңында оның жұмысы қорытыланды. Осы орайда аталған мемлекеттік комиссия жұмыс тобының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанна Қыдыралинамен жазықсыз жапа шеккендердің мұрасын зерттеу, тарихи жадыны қалпына келтіру, ел азаттығы үшін күрескен қаһармандардың тағдыры туралы әңгімелескен едік.
30 Қаңтар, 2024
Мұхит мұрагерлері және «Асыл домбыра»
Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Батыс Қазақстан дәстүрлі ән мектебінің өкілдері «Мұхиттың мұрагерлері» атты концерт берді. Осы кештің аясында «Хабар» арнасы мен «Аssyltas» коғамдық қоры ұйымдастырған «Асыл домбыра-2023» телевизиялық жобасының жеңімпаздарына «Асыл домбыра» салтанатты түрде тапсырылды.
30 Қаңтар, 2024
«Биыл 200-ден аса кітап шығарамыз»
Бүгінде елімізде 300-ге жуық баспа мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істейді. Сан түрлі баспадан әр жылдары мың түрлі кітап басылып шығады. Оқта-текте өтетін жәрмеңкелерде болмаса, қай жерден қандай кітап шығып жатқанын білмейміз. Осы ретте «Фолиант» баспасынан биылғы жоспары мен өткен жылдың қорытындысын сұрап көрдік.
30 Қаңтар, 2024
Илон Масктың «Neuralink» нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант салды. Бұл жаңалықты миллиардер өзінің «Х» парақшасында жариялады.
30 Қаңтар, 2024
Жасанды интеллект – адамның санасына ұқсас сипаттарды қамтитын және тапсырмаларды орындауға арналған компьютерлік жүйе. Кейінгі жылдары жасанды интеллект тез дамып, өміріміздің барлық саласына еніп келеді. Технологиялық алпауыттар да, кішігірім стартаптар да оның әлеуетін зерттеу мен жақсартуға ден қойып отыр.
30 Қаңтар, 2024