Редакция таңдауы
Қазақстанда автоматты түрде тағайындалатын жәрдемақылар
Қазан айында зейнетақы алатын мүгедектерге арнайы жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ тағы жеті төлемді ресімдеу мерзімі қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2023
Әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жеткен қазақ балуанын алтын медальға жеткізбеді
Албанияның бас шаһары Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгілер арасында еркін күрестен Асылжан Есенгелді күміс медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
26 Қазан, 2023
Абай облысында өрттен төрт бала көз жұмды
Кеше сағат 10:49-да Аягөз қаласы, Барақ батыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шықты. Оқыс оқиға салдарынан 4 бүлдіршіннің ғұмыры қиылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2023
Бала көз жұмған жағдайда ұлттық қордағы ақшасы қайда кетеді? Министр жауабы
Бала көз жұмған жағдайда оның атына ұлттық қордан түскен ақша отбасында қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қазан, 2023
Франция және халықаралык кітап қоры қазақ әдебиетімен толықты. Францияның Халықаралық Конкорд Академиясының мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылым Академиясының толық мүшесі-академигі Алпысбай Мұсаевтың үш томдық таңдамалы шығармалар жинағына оның зерттеу, әдеби сын және ғылыми мақалалары, монографиялары енгізілген. Париждегі «Editions du Jipto» басылымында жарық көрген шығармалар жинағы оқырмандарға электрондық каталогта да қолжетімді.
25 Қазан, 2023
Сарғайған газет шежіресі: «Ерекше маңызды құжат»
Еліміздің азаттығы туралы әңгімелер айтылып жатқан кезеңде «Социалистік Қазақстан» газетінде тәуелсіздік декларациясына қатысты мақалалар жарияланды. Сол кезде депутаттардан ғана емес, жалпы жұрттан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөніндегі арнайы құрылған комиссия бір аптадан астам уақыт жұмыс істеген, аталған комиссияның төрағасы болған депутат Салық Зимановтың «Ерекше маңызды құжат» мақаласы «Социалистік Қазақстанның» 1990 жылғы 28 қазандағы нөмірінде жарық көрді, көлемділеу мақаланы ықшамдап ұсындық.
25 Қазан, 2023
Республика күніне орай шет мемлекеттердің президенттерінен құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қазан, 2023
Қазақстанның Еңбек Ері мен Халық жазушысына қандай жеңілдіктер бар?
Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ел дамуына үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды. Осы орайда 1994 жылы тоқтатылған «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі» атақтары биыл қайта жаңғыртылып, аталған сыйлыққа бірқатар тұлғаларымыз ие болды.
25 Қазан, 2023
Зарина Рафимова Азия Пара ойындарында күміс медаль алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV жазғы Азия Пара ойындарында Зарина Раифова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қазан, 2023
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қазан, 2023
Димашқа Қазақстанның халық әртісі атағы берілетіні 1999 жылы айтылған (видео)
Президенттің Жарлығымен Қазақстанның халық әртісі атағын алған әйгілі әнші Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында еліміздің айтулы мерекесі Республика күнімен құттықтап, архивтік бейнежазба жариялады.
25 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бірқатар мүшесіне мемлекеттік марапат тапсырды.
25 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
25 Қазан, 2023
Бұл күн есімнен кетпейді. Елдің, Отанның қуанышы не екенін туған жерден шалғайда жүргендер жақсы біледі. Мәскеуде ғарышкерлер құрамында жүрген 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Төбем көкке жеткендей қуанғаным әлі есімде.
25 Қазан, 2023
Қадыр Мырзалиев: 1990 жылғы 25 қазан күнгі 18 сағат 55 минөтті есімізге сақтайық
Егемендік декларациясы қабылданар тұста «Социалистік Қазақстан» газетінде тарихи құжат туралы бірқатар мақала жарияланды. Газеттің 1990 жылғы қазан айындағы шығарылымдарын ақтарып отырып соның бірнешеуіне көзіміз түсті. Мәселен басылымның 26 қазандағы нөмірі егемендігімізді сүйіншілеген. Газеттің маңдайшасына «Кеше, 1990 жылғы 25 қазанда, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің екінші сессиясы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендігің құтты болсын, елім!», деп жазылған. Парламенттегі тілшілер Г.Еңсепова мен Ә.Әлібековтың «Егемендік ел үміті еді» атты мақаласы бірінші бетке беріліпті.
25 Қазан, 2023
Республика күні – еліміздің барлық азаматтары үшін айрықша тағылымды мереке. Бұл күнді атап өту қоғамды ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік маңызды мәселелер төңірегінде топтастыруға, ел тұрғындарының Әділетті Қазақстан құру идеясына азаматтық қатысу сезімін нығайтуға ықпал етеді.
25 Қазан, 2023
Қасымхан Алдабергенұлы – 99 жасқа қадам басқан қарт журналист, соғыс ардагері. Ахмет Байтұрсынұлы туған өңірдің көнекөз абызы. Республика күніне орай дана қариядан бата сұраған едік.
25 Қазан, 2023
Бүгінде азаттығын бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған дербес мемлекетпіз. Оның тарихи маңызының қандай екендігін танытатын бірден-бір жол – Республика күні. Бұл мерекеге жалпыхалықтық сипат берілуі де бекер емес.
25 Қазан, 2023
8 миллиардтан 85 миллиардқа дейін
Кеңес одағының шаңырағы гүрс етіп қақ ортаға түскен бетте-ақ күллі экономикамыздың жон арқасынан басып қалды. Дербес экономика құру, валюта шығару, өнім өндіру, тауар сатып алу, тауар сату, әлеуметтік ахуалды түзеу дейтін түйткілдер тізбектеліп, бірінің артынан бірі шыға берді. Қаптаған шаруаның қайсысынан бастарыңды білмей, қарадай шаршайтын кез. Осы құрылымда экспорттың орны ерек еді. Ел болған соң өз қазаныңда қайнай бермей, сыртқа өнім саудалап, табыс тапқаның жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы деуге болатын (өйткені егемендікті 1991 жылдың соңында жарияладық емес пе) 1992 жылы небәрі 1,4 млрд доллардың тауарын экспорттадық. Арада он жыл өткенде – 2001 жылы бұл көрсеткіш 8,6 млрд доллар болды.
25 Қазан, 2023