Редакция таңдауы
Бүгін қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Ата заң 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Тамыз, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында Қазақстанның 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы мен республикалық бюджеттің және Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған трансферттердің параметрлері қаралды. Сондай-ақ еліміздегі геология саласын одан әрі дамыту шаралары да күн тәртібіне қойылды.
29 Тамыз, 2023
Шәмші мен сыған қызы: анығы һәм аңызы
«Қазақ вальсінің патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың қай әні де жүректі тербетер сырлы сазымен ғана емес, қызықты тарихымен де тыңдарманын елітіп әкетеді. Әр әнінде әсемдік әдіптеліп, сыршылдық әспеттелетін композитор туындыларының ішінде әсіресе «Сыған серенадасының» орны ерек. Сазы да, сыры да бөлек туынды жарыққа шыққанынан-ақ ән төңірегінде түрлі әңгімелер де қатар ерді.
29 Тамыз, 2023
Композитор Мэлс Өзбековтің әндерін әуенінен жазбай танисың. Стиль дегеніміз де сол шығар. Жамбылдық композитор Дүйсенәлі Бықыбаев «Мэлс ағаның әндері қай кезде де адам жанының емшісі сияқты көрінеді. Мэлстің стилін кез келген музыкант бірден біледі», дейді. Расында, оның әндерін тыңдағанда өн бойыңды бір алау шарпып өткендей болады.
29 Тамыз, 2023
Талантты жанның сыры мен сезімі, жүрек сөзі ең алдымен өнерінен көрінсе керек. Көңілді толқытар әр сәттен әсер алған шығармашыл жан кешкен күйін туындысы арқылы суреттегісі келеді. Ішіңді түнгі дауылдай тулатқан сезім өнерге жан бітіреді. Сондай ақ сезімнің толқынынан туған аңыз-әндердің бірі – Біржан салдың «Ләйлім шырағы». Иә, бұл ай мен күннен де сұлу Ләйліге арналған жалғыз туынды емес. «Ләйлім», «Жалғыз арша», «Шідер» әндері де ақ махаббаттың куәсі-сынды.
29 Тамыз, 2023
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2023
Әлихан Смайылов Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция күніне орай өткізген арнайы жиында ауыл тұрғындары қандай мәселені жиі көтеретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2023
Омбудсмен мен Арнайы мандатқа ие уәкілдер қызметінің тиімділігі артады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2023
Конституциялық Соттың жұмысын жетілдіру қажет - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2023
Ата заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін құжат - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ата заңымыздың әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана елде әділдік пен заң үстемдігі орнығады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2023
Азаматтардың омбудсмендермен қарым-қатынасы жандана түсті - Мемлекет басшысы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2023
Исхар Құрбаев, әлем чемпионы: Бұл менің соңғы мүмкіндігім еді
Жуырда Иорданияның астанасы Амман қаласында 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасында өткен әлем чемпионатында жетісулық балуан Исхар Құрбаев 55 келі салмақта алтын медаль иеленді. Жастар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалі біздің елдің өрендеріне бұйырмай келе жатқанына жеті жылдың жүзі болып еді. Ойсырап тұрған олқылықты Мұхамедтің балуан ұлы бүтіндеп берді. Тәуелсіз еліміздің тарихында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралған саңлақтар тіпті санаулы. Тіпті грек-рим, еркін және әйелдер күресін қоса алғанда алтын медаль иеленген балуандар қадау-қадау ғана. Солардың сапына Исхар да қосылды. Аммандағы аламан қалай өрбігенін сұрап, Исхар Мұхамедұлынан сұхбат алдық.
29 Тамыз, 2023
Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады. Егемендік алғаннан кейін атом бомбасының арсеналы жөнінен әлемдегі төртінші орын алатын еліміз мұндай қарудан өз еркімен бас тартты.
29 Тамыз, 2023
Мектепке дайындық осал топтағы отбасыларға оңай соқпай тұр
Әне-міне дегенше жаңа оқу жылы басталады. Күз жақындаған сайын баласын ертіп базарға жүгірген жұрттың қарасы қалың. Бұл – мектепке дайындық қамына кіріскен ата-ананың борышы. Ал мұндай сұраныс бар жерде бағаның аспандайтыны сөзсіз. Оны кей ата-аналардың қалтасы көтере ме?
29 Тамыз, 2023
«Қазақстанда жасалған» жобасы неге отандық өндірушілерді қорғай алмады?
Жақында Астанада Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде өткен кездесуде отандық азық-түлік өнімдерін өндіретін салалық одақтар өкілдері өз өнімдерін ел ішінде сатуда үлкен кедергіге тап болып отырғанын алға тартты. Себебі жергілікті сауда желілеріне импорттық тауарлармен жұмыс істеген тиімдірек, ал мемлекет сауда орталықтары мен гипермаркеттердің «коммерциялық тәбетін» қанағаттандыруға тіптен ұмтылмаған да деуге болады.
29 Тамыз, 2023
Конституциялық сот: халыққа қызмет көрсетудің тиімді жобасы басталды
Елордамыздағы Конституциялық сот ғимаратында республикалық бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңадан құрылған құқық қорғау мекемесінің қызмет бағытын таныстыру және журналистер қауымымен ынтымақтастықты нығайту.
29 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Ұсынылған 56 түзетуді дауыс беруге қатысқан Қазақстан азаматтарының 77,18 пайызы қолдап, жаңартылған Ата Заң халық мүддесін көздеген игі істерге жол ашты.
29 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға таман суармалы алқаптарды 2,2 млн гектарға жеткізу туралы Үкіметке пәрмен берген еді. Бұл ретте өңірімізде суармалы алқап ұлғайып келеді. Егістіктегі шаруалардың жұмысы ширап, қамба құнарлы астыққа тола бастады. Әсіресе, астықты Абай ауданындағы диқандар мемлекеттің демеуін сезініп, егістіктегі өнімдерін еселеп алып жатыр.
29 Тамыз, 2023