Редакция таңдауы
Алматы маңында екі рет жер сілкінді
Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта 2 рет жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.
16 Сәуір, 2023
Әбілхан Аманқұл үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Сәуір, 2023
Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен жеңді
Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен ұтып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2023
Елордалық полицейлер жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды
Елордада ауа температурасының күрт төмендеуі, жаңбыр түріндегі жауын-шашын мен оның қарға ұласуы, сонымен қатар, көктайғақтың пайда болуы күтіледі. Осы орайда елордалық полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2023
Дархан Қыдырәлі православтықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі православтықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2023
Елена Рыбакина польшалық Вероника Фальковскаяны жеңді
Астанада Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина мен Польша құрамасының ойыншысы Вероника Фальковская арасындағы Билли Джин Кинг кубогінің екінші ойыны аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
14 Сәуір, 2023
Ораза кезінде жиі кездесетін 10 қате
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ораза кезінде жиі кездесетін қателер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2023
Ұлытауда қарттардың қаржысын қолды қылған мекеме басшысы ұсталды
Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік мекеме басшысы мекемеде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2023
Елордадағы ақылы автотұрақтар тексеріледі
Астанадағы автотұрақ мәселесі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия назарына ілікті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Сәуір, 2023
Азаптауға қарсы бірлескен күш-жігер қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында биылғы қаңтардан бастап прокуратура органдарына азаптау мен тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауды бақылап, тергеп-тексеру жүргізуді және оларды жоюды тапсырды.
14 Сәуір, 2023
Мұнайшы қазақ қызы әлемдік жобаларға атсалысып жүр
Биыл «Шеврон» компаниясының Қазақстан Республикасында жұмыс істеп келе жатқанына 30 жыл толды. Трансұлттық компанияда ширек ғасырдан бері инженерлік әзірлемелер мен құрылыс сынды іргелі жобаларды жүргізген жоғары білікті мамандардың бірі – Зайгүл ДОСАЛИЕВАМЕН әңгімелесудің сәті түсті. Кейіпкеріміздің дүниенің әр қиыры мен еліміздің ішінде атқарған жұмыстары шынында да қызғылықты.
14 Сәуір, 2023
Рамазан – ораза тұтумен шектелетін ай емес, мейірім мерекесі. Абайша айтсақ, «Біріңді қазақ бірің дос» көретін әлет. Осы қуаныш жыл оны екі ай жалғасса екен дейсіз. Сондай бір тәтті тілекті құлағымыз шалды. Оны 60 отбасы тегін баспаналы болғанда естідік. Жетісулық жомарт азаматтардың қарекетіне халық қатты сүйсініп қайтты.
14 Сәуір, 2023
Іргетасы қаланғанына он жылдың жүзі болған «Қарағайлы» шағын ауданында әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан әлеуметтік мәселе жетіп артылады. О баста Семей қаласының дамуына, тұрғындарының болашағына қуат беретіндей көрінген «Қарағайлыға» қоныс аударған жұртшылықтың ішінде, әсіресе көпбалалы отбасылардың атқарушы билікке айтар шағымы шашетектен.
14 Сәуір, 2023
Бұрымдыларда – бес жүлде: Жәмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды
Бұл күндері Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер толықтай анықталды. Жалпыкомандалық есепте әдеттегідей Жапония құрамасы алдына жан салмады. Былтыр Ұланбатырда ұйымдастырылған жарыста олар 10 бас жүлденің жетеуін жеңіп алып, барша жанкүйерді таңдай қақтырса, бұл жолы бес алтынға қол жеткізді.
14 Сәуір, 2023
Бес кір сабын бір қойға бағаланған тоқсаныншы жылдары халықтың ақпар алар көзі жоқ еді. Әйтпесе, Құдайдың құтты күні әр үйде сойылып, іш майы іске аспай, ит жеміне айналғанда одан кір сабын жасап шығаруды меңгеріп-ақ алар еді. Осы күні Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылындағы Мейірлан Бодау және Думан Қожакеев есімді азаматтар малдың ішмайынан кір сабын дайындап жатыр. Химиялық қоспасы жоқ, таза табиғи өнім деседі өздері. Сертификатын әлі алып үлгермегеніне қарамастан, ел ішінде айтарлықтай сұранысқа ие болып үлгеріпті.
13 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру мақсатында ұсынып жүрген батыл бастамалары мен маңызды бағдарламалары көпшіліктің көңіліне үміт ұялатып, шынайы әрі кең қолдауға ие болып келе жатқанын сезіп те, көріп те жүрміз. Ал осы межеге абыроймен жеткіміз келсе, Президенттің күрделі кезеңнен шығу жолындағы шұғыл іс-шараларды сапалы іске асыруды талап етіп отырған ұсыныстарына тек жауапты мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамның саналы әрбір мүшесінің бейжай қарамай, қолынан келгенше өзіндік үлесін қосып, дер кезінде қолдау көрсеткені абзал.
13 Сәуір, 2023
Бұрын есірткі дегенде негізінен марихуана, героин, гашиш секілді өсімдік тектес қатерлі заттардың аты аталатын. Бірақ кейінгі жылдары заманның жаңа жұлынқұрты – синтетикалық есірткі немесе психобелсенді заттар пайда болды. Негізінен интернет дүкендері арқылы таралатын оларды, әсіресе жастар жағы көп тұтынатыны анықталып отыр.
13 Сәуір, 2023
Қазақ тарихының ақтаңдақ беттерінде жазылған Алаш арыстарының ауыр да азапты, тағылымды да қасіретті тағдыры кім-кімді де толғантпай, ойлантай қоймайды. Ал олардың өмір мен өлім арасында арпалыса жүріп, ұлт ертеңі үшін еңсерген ерен еңбегі шын мәнінде ерліктің, елге қалтқысыз қызмет етудің, ұлтын сүюдің жарқын үлгісі. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі – өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Темір Нарком» атанған Темірбек Жүргенов! Биыл айтулы тұлғаның туғанына – 125 жыл!
13 Сәуір, 2023
Аттар Нишапури – әлемдік тұлға
Ақын-жазушыларымен әлемге мәшһүр, тарихы терең парсы әдебиеті орта ғасырлардан бастап саяхатшылар мен ирантанушылардың көмегімен еуропалық тілдерге аударыла бастады. Парсы әдебиетінде әлемдік деңгейдегі ақын-тұлғалардың ішінде қазақ қоғамына «Шығыстың жеті жұлдызы» ретінде танылған Рудаки, Фердоуси, Низами, Хайям, Сағди, Руми, Хафизді атауға болады. Қазақ әдебиетіне парсы ақын-жазушыларының ықпалы болғаны сөзсіз. Әсіресе ұлы Абай мен Шәкәрім шығармашылығынан осы әсерді нақты аңғарамыз. Сондай-ақ Тұрмағанбет Ізтілеуұлының Фердоусидің «Шахнаме» туындысынан Рүстем дастанын қазақ тілінде жырлауы да – Қазақ елінің Иран әдебиетімен таныстығының жалғасуына себепші. Парсы әдебиетінің алтын дәуірін жасаған ортағасырлық ақын-жазушылар Иран әдебиетін күллі әлемге танымал етті. Әсіресе XII-ХІІІ ғасырлардағы парсы әдебиетінің жарық жұлдыздарының қатарынан осы ел әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан Сағди Ширази, Руми мен Низамиді атап өткен жөн. Осындай кіл жүйріктердің замандасы – Аттар Нишапури.
13 Сәуір, 2023
Әлеуметтік карта не үшін керек?
Биыл жұмыссыз жастардың әлеуметтік картасы жасалады. Бастаманы «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты қолға алды. Ұйым биыл 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар арасындағы өзекті мәселе – жұмыссыздықпен күресу жолында «Жастарға жұмыс» жобасын іске қосты. Бұл туралы «Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев хабарлады.
13 Сәуір, 2023