Редакция таңдауы
Жаны нәзік демесеңіз, әйел баласы қоғам дамуына қозғау салатын қай істің де бел ортасынан табылып, ел өркендеуі жолында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді. Біздің айналамызда мұндай қайсар ханымдар аз емес. Солардың бірі – бар қажыр-қайратын әскери журналистикаға арнаған әріптесіміз Тамара Дәулетбаева.
07 Наурыз, 2023
Қазақ ғылымына өз үлесімізді қоссақ деп талпынып жүрген жастар аз емес. Шыны керек олардың білімін тереңдетіп, тәжірибесін жетілдіруге «Болашақ» бағдарламасының маңызы зор. Бағдарлама аясында қазақтың білім қуған ұл-қыздары әлемнің әр қиырындағы маңдайалды оқу орындарына түсіп, тәжірибе алмасып, қанаттарын қатайтты. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі ғылым саласына үлес қосып жүрген жастар баршылық. Соның бірі – Арай Ильясова-Шенфельд. Ол «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері. Кейіпкеріміз 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік оқу орны Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітіріп, кейін 2017 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
07 Наурыз, 2023
Жас ғалым Жанар Айменова келешекте ұлт саулығын сақтауға пайдасы тиетін маңызды жобамен айналысып жатыр. Онысы – Ақсу-Жабағылы қорығында өсетін сирек өсімдік – көктем гүлін зерттеп, қайта көбейту және одан ісікке қарсы биологиялық белсенді қоспа дайындау.
07 Наурыз, 2023
Түркиядағы ғасырлық апат Алматының уайымын еселеді. Қашанда сейсмикалық белсенділігі жоғары қалалардан қауіп көп. Зәулім ғимараттар қирап қана қоймай, тұрғындарды басып қалуы мүмкін. Құтқарушылар келгенімен, үйінді астынан бәрін аман алып қалу өте қиын. Осы ретте жас ғалымдар «Saver» роботын ойлап тапты. Бұл – қиранды астындағы адамдарға араша болар алғашқы көмек.
07 Наурыз, 2023
М.Жұмабаев атындағы гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Әлжанова: «Мен ақын емеспін, бірақ ойымды өлеңмен өрнектейтінім бар», дейді. Ал былайғы жұрт оны ақын деседі және «өлеңге таласы бардың» бәрі мойындайды да. Ақындығы өз алдына. Бүгінгі әңгіме – ақындығы емес, ұстаздығы туралы. Еліміздің «Үздік ұстазы» атанған Мөлдір Жақсыбайқызы «Мен шәкірттің шырағын жағу үшін мектептемін» (Мағжан), дейді.
07 Наурыз, 2023
Үш-төрт жас шамасындағы кішкентай сәби томпаңдап жүгіріп келіп әжесінің алдына отыра кеткен. Өз тілінде былдырлап бірдеңе айтады. Әжесі ести қоймады ма қайдам, назар аудармап еді, жеңінен жұлқылап, бетімнен сүйші дегендей ишара жасады. Әже де мейірін төге салған. Екеуінің жан тебірентерлік сүйкімді суреті көңіліңді көктем етеді екен. Әдемі жарастық.
07 Наурыз, 2023
Алғысқа бөленген етікші келіншек
Маңдай терімен табыс табатын қарапайым мамандық иелерінің қатарында етікші де бар. Бірақ етікшінің еңбегін кім елеп жатыр? Жұрт күнделікті киіп жүрген аяқкиімінің сырмасы бұзылып, ұлтаны тозса ғана етікшінің көмегіне жүгінеді.
07 Наурыз, 2023
Айманда бәрі бар. Атақ, абырой, қызмет, дос, жолдас... Алайда Айманды қазақ көрермені мен тыңдарманы біле бермейді. Ол рас. Өйткені Айманның өнері – киелі, текті өнер. Мұхтар Шаханов айтпақшы, «Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін» асқар да асқақ дүние.
07 Наурыз, 2023
Біздің ата-бабаларымыздың мыңжылдық тарихында аналарға деген құрмет балбал тастардағы мүсіндерден де көрінетін шығар. Ұлы дала төсіндегі тас мүсіндер, балбал тасқа айналған әзіз аналар қасын керіп, ерінің қасында кең даласын әлі күнге күзетіп тұрғандай. Түркілер мәдениетіне жататын таңғажайып ескерткіштердің тылсымы, құпиялы күрсінісі жаныңды баурамай қоймайды. Еріксіз айналып келіп қайта қарайсың.
07 Наурыз, 2023
XX ғасырда қазақ жазушылары көтерген «әйел теңдігі» мәселесі ауқымды тақырыпқа айналды. Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов бірігіп жазған «Адамдық негізі – әйел» мақаласында: «Әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» деп ұлтқа үндеу тастады. Сол тұста дінді дұрыс түсінбеген әм түсіндіре алмаған дүмше молдалар себебінен әйелдер дәрменсіз, орайы келсе сабап алуға болатын, мал саудасын үдетер тиімді зат секілді дәрежеге түсті. Жеке құқықтары аяққа тапталды. Бұл жайлы «Қалың мал», «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі», «Ақбілек» секілді шығармаларда жазылған болатын.
07 Наурыз, 2023
Қыз Жібек – сұлулық пен әсемдік нышаны
Қазақтың рухани көне мұраларының бірі – «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырында қаймағы бұзылмаған қазақ қоғамының сипаты анық көрінеді. Жырда ел бірлігін сақтау мен туған жерді қорғау ісінің маңыздылығын негізгі ұстын ете отырып, адамгершілік, махаббат, адалдық, тазалық, сұлулық тақырыптары кеңінен қозғалған. Мұнда Қыз Жібектің бейнесі, іс-қимылы арқылы сұлулық пен әсемдіктің табиғатын жүрек көзімен көресің, қазақ қызына тән ұяңдық пен өрлікті, нәзіктік мен қайсарлықты жан дүниеңмен сезінесің.
07 Наурыз, 2023
Әбиба Әбужақынова: Басты мақсатым – Олимпиадада жеңіске жету
Қазақстанда әйелдер дзюдосының даму барысы тым баяу екені белгілі. Ширек ғасырға жуық әлемдік деңгейдегі додаларда бірде-бір балуанымыз жүлде алмағандықтан, Моңғолиядан Галбадрах Отгонцэцэгті шақырттық. Біздің елдің туы астында өнер көрсеткен ол көптеген биік белесті бағындырды. Атап айтсақ, 2015-2021 жылдар аралығында Галбадрах Рио Олимпиадасы мен екі бірдей әлем чемпионатында және Азия ойындарында қола медаль иеленіп, құрлық чемпионы атанды. Моңғол спортшысы татамимен қоштасқаннан кейін Әбиба Әбужақынова жарқ етіп шықты. Қарғадай қазақ қызы бұл күндері өрелі өнерімен жанкүйерлерді қуантып жүр. Дәл осы халықаралық әйелдер күні қарсаңында Әбибамен тілдесудің реті келді.
07 Наурыз, 2023
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұсынды.
07 Наурыз, 2023
«Аруана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздары анықталды
Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген «Аруана» үздік әйелдер жобасы байқауы жеңімпаздарының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
07 Наурыз, 2023
Қызмет барысында батылдық танытқан қызметкерлер «Айбын» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін бірқатар қызметкерлер ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Наурыз, 2023
Елімізде әйелдер саны 10 миллионнан асты
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әйелдерге қатысты жаңа ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2023
Әлихан Смайылов: Бала қауіпсіздігі – басты назарда
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Наурыз, 2023
Қазақстанда гүл экспорты 10,1% өсті
2022 жылы елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің саудасы 48,8 миллион долларды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға жоғары. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
07 Наурыз, 2023
Ақпараттандыру және қолжетімділік сайлауға дайындықтың алғышарттары
Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі инспекциялық сапарлары бұл жолы Ақтөбе және Қостанай облыстарында жалғасты. Комиссия мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина аймақтарға сапар аясында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңестер өткізіп, саяси науқанға дайындықтың ең басты алғышарты – ақпараттандыру және қолжетімділік екенін атап өтті.
07 Наурыз, 2023
Құрылыс материалдары өндірісінің деңгейі
Құрылыс материалдарын шығаратын отандық өндірушілер былтыр алдыңғы жылдың жетістігін қайталай алмаған. 2022 жылы желтоқсанда саладағы өндіріс көлемінің физикалық индексі 101,3 пайыз болған. Ал 2021 жылдың 12 айында көрсеткіш 109,8 пайызды құраған. Соңғы рет құрылыс саласы мұндай оң нәтижеге 2013 жылы қол жеткізген екен.
07 Наурыз, 2023