Редакция таңдауы
Конституциялық соттың мәртебесі айқындалды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында бірқатар конституциялық заң жобасы мақұлданып, жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Палатаға 2022 жылғы 5 маусымда референдумда қабылданған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру мәселелері бойынша заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау ұсынылды.
07 Қыркүйек, 2022
Алапат өрт біржола ауыздықталды
Таңертең Аманқарағай, Әулиекөлді бетке алып жолға шыққанбыз. Осыдан бес күн бұрын орманы отқа оранған Аманқарағайда жаңбыр себелеп тұр. Қабарған бұлт астындағы күйген қарағай құдды біреу үстінен қара май құйып жібергендей қарауытып көрінеді. Қара жалаңаш ағаштың арасынан әрегідік болса да бықсыған түтін шығып жатыр. Күре жолдың бойында әлі де ыс иісі бар. Алапат өрттің біржола ауыздықталғанын жол үстінде естідік.
07 Қыркүйек, 2022
Жаңа Салық кодексінің жақсылығы неде?
Келесі жылы елімізде жаңа Салық кодексі әзірленіп, қолданысқа берілуге тиіс. Соның ішінде, әсіресе, салықтық әкімшілендіру мәселесі тұтасымен қайта жазылмақ. Президенттің өзі осындай міндет жүктеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда салық мәселесіне арнайы тоқталып, экономиканың әртүрлі секторында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшу қажеттілігін атады.
07 Қыркүйек, 2022
Бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктері әзірленді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен және көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
07 Қыркүйек, 2022
Өрттің шығуы мен шығыны анықталады
«Қостанайдағы өрт ауыздықталды» деп айтып ауыз жиғанша болған жоқ, тілсіз жау Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан аймақтарында ашуына мінді. Сәйкестік пе? Әлде қолдан жасалған қастандық па? Жұртшылықты алаңдатқан бұл сауалдың жауабын кейін арнайы комиссияның өкілдері бермек.
07 Қыркүйек, 2022
Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «Біртұтас ұлт: сапа және инклюзивті өсім негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған еліміздің ғылыми-сарапшылар қауымдастығының өкілдері, республикалық және қалалық жастар ұйымдарының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.
07 Қыркүйек, 2022
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Достық үйінде ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысына жиналғандар маңызды құжатта айтылған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын жүзеге асырудың тетіктерін ұсынды.
07 Қыркүйек, 2022
Пәкістандағы су тасқыны елге оңайға тимей тұр. Мал-жан шығынынан бөлек, оның салдары да ауырға соғуы мүмкін. Өйткені алапат су бастапқыда талайдың өмірін жалмаса, енді экономикаға орасан зор шығын әкелді.
07 Қыркүйек, 2022
Ислам – ойлануға шақыратын дін
Бірнеше күннен кейін Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Шартараптағы дін көшбасшыларының басын бір алаңға жинайтын іргелі іс-шараны халықаралық қоғамдастық жоғары бағалайтыны белгілі. Осы орайда съезд қарсаңында Нұр-Мүбәрак университетінің ректоры, профессор Мұхаммед аш-Шаххат әл-Джиндимен аз-кем әңгімелескен едік.
07 Қыркүйек, 2022
Әдебиет дейтін әдібі мен әдебін жүрек төріне ұясын қатар салар жұмбақ әлемге әр қаламгер өз мәнері мен стилін айқындар өз жолымен келеді. Басы түнгі жұлдыздармен сырласып, мына алып ғаламның айдынына із салған бозбала күнгі ой мен сезімнің алғашқы сүрлеу-соқпағы келе-келе шығармашылық үлкен жолға жалғасады. Үлкен жол кеңістікке жетелейді.
07 Қыркүйек, 2022
Тарихын танымағанның болашағы бұлыңғыр
Рас, бұл – аксиома. Ал оны таныту, ұлтқа ұран, ұрпаққа мұра етіп қалдыру – парасатты ердің пайымы. Бұл тұрғыда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алға қарай қарышты қадам басты. Биылдың өзінде өткенімізді өрнектеу жолында жоспарлы жұмыстар қолға алынды. Айталық, «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы аясында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылды.
07 Қыркүйек, 2022
Биылғы жылдың 16 маусымында жаңадан құрылған Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтай мен Мемлекет басшысының таяуда ғана жария еткен Жолдауының арасында жарасымды жалғастық бар. Мұраттар табысқан, мүдделер түйіскен.
07 Қыркүйек, 2022
Күрделі жөндеу неге кеш басталды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» деді.
07 Қыркүйек, 2022
Кемел ойлы, кең жүректі алып адам
Биыл туғанына 110 жыл толып отырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ұзақ уақыт бойы Қазақстанды байыпты басқарған, дархан даламызда бой көтерген көптеген қала мен небір сәулеті, сәні келіскен, көз тартып, көңіл сүйсіндіретін әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық нысандардың авторы деген атты алған, татулықты ту еткен көпэтносты халқыменен мақталған заманымыздың заңғар биік тұлғасы екендігі анық.
07 Қыркүйек, 2022
Мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өседі
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектеп және колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25 пайызға өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысындағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөлінді
«Халық» қайырымдылық қоры Қостанай облысындағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қыркүйек, 2022
Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріледі
Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қыркүйек, 2022
Конституциялық сот туралы заң жобасы мақұлданды
Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қыркүйек, 2022
Жұмысқа атүсті қарау жалғасса, кадрлық шешімдер қабылдаймыз - Әлихан Смайылов
Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен және көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
07 Қыркүйек, 2022
Кімдердің ипотекалық қарызы кешіріледі?
Елдегі ипотекалық қарыз портфелінің көлемі 4 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 45 пайызға жоғары көрсеткіш. Жыл басынан бері маусымға дейінгі аралықта 899,8 млрд теңгеге тұрғын үй несиесі беріліпті. Бұл да былтырғы деректен 20 пайызға жоғары.
07 Қыркүйек, 2022