Редакция таңдауы
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Соңғы екі жыл отандық банк секторына оңай тиіп жатқан жоқ. Бәлкім, дәл осылай сұрыпталу қажет те шығар. Бәсекенің артуы ғана сапаға жол ашпай ма?! Қазіргі уақытта біздегі 22 екінші деңгейлі банктің ахуалы қалай? Жалпы, тенденция оң ба, әлде теріс пе? Секторда кімнің сұсы басым? Банктер экономиканы кредиттеуге қаншалықты құлықты?
08 Тамыз, 2022
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазір әлеуметтік желіні аша қалсаңыз, онлайн-петицияға қол қойыңыз деген жазбалардан көз сүрінеді. Әйтеуір, қоғамды шулатқан оқиғаларға қатысты осындай электронды өтініштердің саны басым. Әрине, дамыған демократиялық қоғам құруда онлайн-петиция да үлес қосатыны белгілі. Бірақ қаптаған петициядан қайран бар ма? Бұл туралы сарапшылар не дейді?
08 Тамыз, 2022
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Жыл басында саяси-әлеуметтік дүмпуге басты себеп болған газ мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Мемлекеттің қатаң қадағалауына байланысты қазір тауарлық газды тұтыну бағасы төмен, ал бұл өндірушілерге тиімсіз. Олар әрі қарай өндіруге құлықсыз. Алтын аралықты табу мемлекетке оңай тимей тұр.
08 Тамыз, 2022
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Біраз уақыт тынышталғандай көрінген КТК қаупі қайта бас көтерді. КТК деп отырғанымыз – мұнай экспорттаудағы біздің басты маршрутымыз болып саналатын Каспий құбыр консорциумы. Бұл құбыр жыл басынан бері бірнеше рет істен шықты. Бірінде – дауыл, бірінде – мина іздеу, ал бірінде жөндеу жұмыстары себеп болғанымен, сарапшылар соның бәрінде саяси мүдде басым екенін айтады. Консорциумның мұнай тиеу мүмкіндігі тағы төмендеді.
08 Тамыз, 2022
Қазақстан нарықтық экономикалы ел дегенімен, мемлекет бәрібір баға саясатына араласуға мәжбүр. Жақында мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларын бақылауды енгізді. Оның мақсаты – әділ және болжамды баға белгілеуді қамтамасыз ету.
08 Тамыз, 2022
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Өмірдегі ең күрделі қатынастардың қатарына балалар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты жатқызуға болады. Өйткені бұл қарым-қатынас адамның достарымен, әріптестерімен, жұбайларымен қарым-қатынасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Осы қатынастар барысында туындайтын барлық проблеманың тамыры ата-аналармен, олардың өзара қарым-қатынастарымен тікелей байланысты.
08 Тамыз, 2022
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «СҚ-Фармация» Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев мемлекет кепілдік берген тегін көлем (ТМККК) шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.
08 Тамыз, 2022
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Құқық қорғау қызметкерлері елімізде жекелеген құқықбұзушылық, қылмыс санының азая бастағанын айтады. Алайда Ішкі істер министрлігінің апталық есебіне қарасақ, елдегі криминогендік жағдай әлі де алаңдатарлық жағдайда. Бір апта ішінде 3 400-ге жуық қылмыс жасалған.
08 Тамыз, 2022
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, ел өңірлерін, соның ішінде шалғай елді мекендерді байланыспен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Енді байланыс спутниктері арқылы олардың қамту аймағы кеңейтіліп, сапасы жақсартылмақ. Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша да әлем елдері рейтингінде 6 саты көтерілгені белгілі болды.
08 Тамыз, 2022
Қолына қылқалам ұстағанда алдымен суретші не ойлайды екен? Ал ақын ше? Шабыттың пырағына мініп, аспан әлеміне ес-түссіз еніп кетердей, жерден жырақ, ай құшағында аласұра ма? Әлде кеңістіктен ауадағы жазуларды қағазға қондырып, қиялымен қол ұстаса ма? Қалай ойлайсыз? Біздіңше, өлеңнің жұмбағы – өмірдің жұмбағы, ал кенептегі көрініс – тағдыр бояуы секілді…
08 Тамыз, 2022
СҚО-да 19 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Солтүстік Қазақстан облысында игерілмей қалған 18,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бос жатқан шабындықтар мен жайылымдар енді ауыл тұрғындарының қолданысына беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2022
Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарған жігітті марапаттады
Алматы әкімі Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады
Қазақстанда бір жылда үй бағасы шамамен 25 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2022
Ағылшын жазушысының Қазақстан туралы кітабы
Британдық балалар жазушысы Луиза Пулдың «Жарық жұлдыз» атты кітабы кішкентай қыз бен понидың жақын әрі шынайы достығын сөз етеді.
08 Тамыз, 2022
Азаматтардың мүдделерін қорғау қажет
Amanat Төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен жиын өткізді. Жиынды ашқан ол бүгінде еліміз бойынша аманаттықтар азаматтардың мүдделерін қорғауға қатысты жұмысқа баса назар аударуы керек екенін атап өтті.
08 Тамыз, 2022
Аудан әкімдерін сайлау: Ашық қоғам құруға айқын қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын. Осы саяси реформа аясында былтыр ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Бір жыл ішінде «тоғызыншы территорияның» көптеген елді мекенінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Алдағы уақытта бұл демократиялық үрдіс қисынды жалғасын таппақ. Ендігі қадам – аудан әкімдерін сайлау болмақ. Ол Президенттің былтырғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес пилоттық жүйеде 2024 жылы басталуға тиіс.
08 Тамыз, 2022
Осы аптада Кенияда президенттік сайлау өтеді. Кандидаттар саяси науқанға сақадай сай. Алайда елдің қозғаушы күші жастар дауыс беруге қатыспайтынын айтады. Бүгінде олардың 40 пайызға жуығы ғана дауыс беруге тіркелген.
07 Тамыз, 2022
Электронды шылымға шырмалғандар
«Әкел, бір тартып көрейінші. Уау, қаншаға сатып алдың?». Әдетте, жастар арасындағы электронды темекіге деген құмарлық осылай басталады. Қатарластарына қызығады. Өкініштісі сол, жастық шақта жұққан жаман әдет кәріліктің ауылына қадам басқанға дейін қалмайды. Жөн сұрасаң, жөтеліп отырғаны...
07 Тамыз, 2022
Әзербайжанның Таулы Қарабақ аймағында жағдай тұрақталмай тұр. Өткен аптада тараптар арасында тағы да қақтығыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған ақпаратқа сүйенсек, шиеленіс салдарынан кемінде үш сарбаз қаза тапқан. Халықаралық қоғамдастық мәселені ушықтырмауды сұрап отыр.
07 Тамыз, 2022