Редакция таңдауы
Жеке куәлік алу процесі автоматтандырылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин және Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мобильді кеңес барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ны аралап, қызметтерді цифрландыру процесімен танысты.
21 Сәуір, 2022
Полиция кадрларын даярлау: Жетістік пен жаңашылдық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндеттерінің бірі екені, әділ әрі мықты мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асыру қажет екені айтылған болатын. «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауында осы міндеттерді дер кезінде жүзеге асыру бағыттары айқындалды.
21 Сәуір, 2022
Сенгеніміз «Астанаэнергосбыт» болса...
Елордалық үйлердің жылуы мен жарығын есептейтін «Астанаэнергосбыт» ЖШС үстінен тұрғындар жиі шағымданып жатады. Жақында астаналық тұтынушылардың өтініштері негізінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп, кәсіпорынға тексеру жүргізіп, біраз заңсыздықтың бетін ашты.
21 Сәуір, 2022
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау және қарыз алушының несие тарихын жақсарту мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекеттік несие бюросы және Бірінші несие бюросымен біріге отырып, қашықтан басқару процесін іске қосты. Несие тарихындағы ақпаратқа қатысты күмән келтіру процесін fingramota.kz медиапорталында іске асыруға болады.
21 Сәуір, 2022
Бірер күннен соң ерінбегенге берері мол берекелі далада молшылық үшін жанталасқан мылтықсыз майданның ұлы дүбірі басталмақ. Ел еңсесін биіктетіп, ырысын молайтуға бағытталған еселі еңбек дүбірі, дала ерлерінің атын әйгілейтін еңбек жорығы. Былтырғы қуаңшылықтан ептеп есесі кеткен ақмолалық диқандар биыл қарымта қайтармақ.
21 Сәуір, 2022
Кеңесшілер қызметінен бас тартты
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясында мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 12 мәселе қаралып, шешім қабылданды. Сессияда облыс әкімдігінің дербес құрамын келісу, облыстық қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту, экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия есебі мен басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
20 Сәуір, 2022
Кейінгі жылдары түсірілген отандық көркем фильмдер арасынан «Оралман» туындысын ерекше айтуға болады. Мұнда жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары кеңес саясатының зұлымдығынан Ауғанстанға көшуге мәжбүр болған қазақ отбасы туралы баяндайды. Кинодағы бас кейіпкер Базарбай қарияның бір қызы мен ұлы сол жақта өмірге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті ұлттан келіншек алса, қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Арада қанша жылдар өтсе де, Базарбай қарт атамекенін аңсап, соған қайта оралуды ойлап жүреді. Ақыры, Қазақ елі егемендігін алып, ақ түйенің қарны жарылған күн туды. Базарбай ақсақал атажұртқа көшуге рұқсат беретін квота алып, жолға шығады. Таулы қышлақтан шыққан отбасын ұзақ жол күтеді.
20 Сәуір, 2022
Мына жалғанда жүзбе-жүз кездеспеген, тек өлеңі арқылы танысып, жаныма жақын болып кеткен Аман ақын Кәлетаевтың да өлеңге, өмірге ғашық жүрегінің тоқтағанына жыл толды.
20 Сәуір, 2022
Жергілікті өзін-өзі басқару: Өзгеріс неден басталады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі саяси өзгерістердің бастауы азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару ісіне тікелей қатысты екенін атап көрсетті. Яғни азаматтық қоғам өңірдегі сұрақтардан бастап жалпыұлттық сипаттағы мәселелерге дейін, яғни барлық деңгейде шешім қабылдауға дайын екенін көрсетулері қажет. Жаңа Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институтын қолға алу және дамыту өте маңызды екені түсінікті.
20 Сәуір, 2022
Елімізде автожолдар сапасы ең нашар өңір – Батыс Қазақстан облысы. Бірнеше аудан мен облыс орталығы арасында әлі күнге дейін асфальт жол жоқ. Көктем мен күзде, боранды қыста жол ми батпаққа айналып, жолаушылар тәуліктеп азап тартады.
20 Сәуір, 2022
Гүлназ Балпейісова: Классикада шекара жоқ. Шексіздік бар
Ол – қаршадайынан білім қуып барып, алып Мәскеуді мойындатқан талантты қазақ қызы. Мінезіндегі өткірлік пен бойындағы өр намыс оны әлемдік режиссураның алыбы, реформатор Римас Туминастың төл шәкірті етті. Бүгінде Мәскеудің Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі ретінде табысты қызмет етіп жүрген талантты ару жақында Қарағандының С.Сейфуллин атындағы мемлекетттік академиялық драма театрында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын қойды. Премьерадан соң аядай ғана Шыңғырлау ауылынан түлеп ұшып, күллі Ресейді мойындатқан қаршадай қазақ қызы режиссер Гүлназ Балпейісовамен аз-кем тілдесудің сәті түскен еді.
20 Сәуір, 2022
Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің Алматыдағы өзі 17 жыл (1968-1985) тұрған үйі 1991 жылы музей-пәтер болып ашылған еді. Алғашында Орталық Мемлекеттік музейдің бір бөлімшесі болса, кейіннен «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені» болып құрылды (1999). Ал 2015 жылдан бастап, Алматы қаласының музейлер бірлестігіне қарайды. «Мүсіреповтің музейдегі мұрасы» деген алғашқы мақаламды 1992 жылы жазған екенмін («Халық Кеңесі», 08.08.1992). 2002 жылы жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО Шешімімен, Үкімет қаулысымен кең көлемде аталып өтілетін қарсаңда музейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, экспозициясы жаңадан жасақталған еді. Одан бері де 20 жыл өте шығыпты. Биыл Алматы қаласы әкімдігінің, Мәдениет басқармасының қолдауымен Ғ.Мүсірепов музейі әдеби бөлімінің экспозициясы қайта жаңартылып, заманауи технологиямен жабдықталып, жаңаша тыныс ала бастады.
20 Сәуір, 2022
Бабалар жайлы бірауыз сөз айту үшін аңызға сүйенетініміз анық. Сондай бір әдемі әпсананың бірі «кентаврлар» жайында сыр тартады. Үдере көш түзеген көшпелі жауынгерлерді алғаш көрген жат халықтар «кентавр» деп атапты. Бертінде оның аңыз да, әпсана да емес, таза ақиқат екенін әлем халқы мойындап, көштен туған мобильділікті ғасырлар бойы пайдаланды.
20 Сәуір, 2022
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2022
Базалық мөлшерлеме деңгейі қайта қаралады
Базалық мөлшерлеме деңгейін қайтадан қарау керек. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2022
Қазақстанда прокуратураның жұмысы қайта қаралуы мүмкін
Бас прокуратура «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2022
Мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңгеге дейін көтеріледі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына басқа өңірлерден баратын мұғалімдер екі есе жоғары жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2022
Ахметов ауылдарға неліктен интернет тарта алмағанын айтты
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2022
Республикалық бюджеттің кірісі 2022 жылы 10,2 трлн теңге көлемінде бағаланады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджетті талқылау кезінде Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2022
Белгілі қазақстандық археолог Виктор Зайберт өмірден өтті
Тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Германия археологиялық институтының, Қоғамдық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, әлемге әйгілі ғалым Виктор Федорович Зайберт 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2022