Редакция таңдауы
Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясының Саяси кеңесінен шығарылды
Дәл қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Жиында партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Наурыз, 2022
Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға әсер ете ме?
ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Наурыз, 2022
Мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар жалақыны өсіруге міндетті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Наурыз, 2022
Наурыз айының басында АҚШ-тың Пенсельвания штатындағы «Хершипарк-аренада» өткен ойынды тамашалау үшін әдеттегіден әлдеқайда аз адам жиналды. Себебі, қалада таң ата себелеп жаңбыр жауып, күн күрт суытып кеткен еді. Десек те сол 4 124 көрерменге тарихи сәттің куәсі болу бақыты бұйырды. Дамылсыз әрі қарқынды шабуылмен өткен матч 169:147 есебімен алаң иелерінің пайдасынан шешілді. Яғни, екі команданың нәтижелерін қоса алғанда, олар 316 ұпайға иелік кетті. Одан бөлек, «Филадельфия Уорриорздың» ең белді ойыншысы Уилт Чемберлен бұл бәсекеде ҰБҚ-ның бес бірдей рекордын жаңартты. Сол көрсеткіштердің төртеуінің күні бүгінге дейін мұрты бұзылмай тұр. Уилттың табыстарының ішіндегі ең кереметі – «Нью-Йорк Никске» қарсы кездесуде 100 ұпай жинауы. Оған дейін де рекордтық нәтиже дәл сол баскетболшыға тиесілі еді. 1961 жылдың 8 желтоқсанында «Лос-Анджелес Лейкерспен» шеберлік байқасқан кезде Чемберлен 78 ұпай еншіледі. Арада үш ай өтпей жатып, америкалық жұлдыз 100 ұпайлық межеге жетті. Бір ғажабы, бойы көк тіреген баскетболшы осы ойында 63 рет допты шығыршыққа лақтырып, соның 36-сы нысанаға дөп түсті. 32 айып добының 28-ін мүлтіксіз орындады. Осылайша, оның есімі баскетболдың даңқ залында алтын әріптермен жазылды. Уилт Чемберлен 1936 жылдың 21 тамызында АҚШ-тың Филадельфия қаласында дүниеге келді. Оның бойы – 216 сантиметр, салмағы – 125 кило. 1959-1968 жылдар аралығында Уилт өзінің туған жерінде жасақталған команданың намысын қорғады. 1968-1973 жылдары «Лос-Анджелес Лейкерстің» жейдесін киді. Екі рет ҰБҚ чемпионы атанып, төрт рет ең құнды ойыншы деп танылды. «Жұлдыздар матчында» 13 мәрте өнер көрсетті. Одан да басқа көптеген толағай табыстарға қол жеткізді. Әр кездесу барысында орта есеппен 40-50 ұпайды қоржынға салып отырды. ҰБҚ тариыхындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде Чемберлен жетінші орында тұр. Уилттың алдын тек Леброн Джеймс, Карим-Абдул Джаббар, Карл Мэлоун, Коби Брайант, Майкл Джордан және Дирк Новицки сынды аттары аңызға айналған ойыншылар ғана орай алды. ҰБҚ жарыстарында кейіпкеріміз барлығы 31 419 ұпайды еншіледі. Чемберленнің көрсеткіші таяу арада жаңаруы екіталай. Өйткені одан кейінгі уақытта ойын алаңында жасындай жарқылдаған талай танымал тұлғалардың бірде-біреуі оның рекордына маңайлай да алған жоқ. Уилттан кейінгі ең жақсы нәтиже Коби Брайантқа тиесілі. 2006 жылдың 22 қаңтарында «Торонто Рэпторсқа» қарсы матчта «Лос-Анджелес Лейкерстің» серкесі өте тамаша ойын өрнегін көрсетіп, мол олжаға кенелді. Бірақ атағы жер жарған Брайанттың өзі 81 ұпайлық межеден аса алмады. Уилт Чемберлен 1999 жылдың 12 қазанында 64 жасқа қараған шағында ұзақ уақытқа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.
28 Ақпан, 2022
Елімізде әр жылғы көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күнімен басталады. Бұл күн – тыныштық пен берекенің, өзара қарым-қатынастың, сенім мен татулықтың мерекесі. Кезінде туыстарымен бірге Польша елінен Қазақстанға қоныс аударған Наталия Богданович өзін бағып-қаққан Дүрия атты әжеге алғысхатын жолдап, үшбу сәлем жолдаған құнды дерек Алматы қалалық Мемлекеттік архивінде ұзақ жылдар бойы сақталып келеді. Біз осы орталықтың бас сарапшысы Ләйла Қасымқызы ұсынған архив материалын оқырманға ұсынып отырмыз.
28 Ақпан, 2022
Халқымызды біріктіретін – алғыс
Осы жылы Алғыс айту күні біздің қоғам үшін ерекше мәнге ие болмақ. Бұл патриотизм, азаматтық парыз және жауапкершілік сезімдеріне толы айрықша күн.
28 Ақпан, 2022
Ресей қырыққа жуық елдің әуе кемелеріне шектеу қойды
Ресей авиациясы 36 елдің ұшақтарына өз әуе кеңістігінде рұқсатсыз ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Ақпан, 2022
KASE: Доллар бағамы 495 теңге болды
Теңгеге шаққандағы доллар бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының KASE деректеріне сілтеме жасап.
28 Ақпан, 2022
«Ұмай» ипотекасының талаптары өзгерді
Әйелдерге арналған бағдарламаның талаптары өзгерді. Енді «Ұмай» табысы жоғары қыз-келіншектерге де қолжетімді. Іскер әйелдер үшін ортақ отбасылық табыс шегі 320 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2022
«Болашақ» бағдарламасының ауқымы кеңейтілді
Білім және ғылым министрлігі жаңа бұйрық жобасын дайындады, онда қазақстандықтарды «Болашақ» стипендиясы бойынша оқытатын шетелдік жоғары оқу орындарының кеңейтілген тізімі белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2022
Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады
Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2022
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халықтың өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, тарихымен тығыз байланыста дамып келеді.
27 Ақпан, 2022
SWIFT: Санкциялар қаржы нарығына қалай әсер етеді?
Ресей Федерациясының Украинаны басып алу әрекетінің салдары тым ауыр соғатын түрі бар. Қазірдің өзінде Батыс тарапынан санкция қарша борап тұр. Соның ішінде бізге қатысы болуы мүмкін екі фактор бар, бірі – ресейлік банктерге салынған сакциялар салқыны, екіншісі – Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы.
27 Ақпан, 2022
Дүңгендердің Қазақстандағы тарихы
Қазақстан мен ортаазиялық дүңгендер аталған аймақтарға қоныс аудару оқиғасы XIX ғасырдың соңынан бастап орын алды. Олар бұл аймаққа қоныс аударудан бұрын Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі провинцияларды мекендеген қытайтілді жалпылама «хуэйхуэй» (Huihui) деп аталып келген мұсылмандар болатын.
27 Ақпан, 2022
Өкінішке қарай, Украинадағы қанды қырғын жалғасуда. Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар Ресейдің «арнайы әскери операциясына» тойтарыс беру үшін бірқатар батыл қадам жасап, экономикалық салдары ауыр санкциялар легін жаудырды. Қарулы қақтығыстар ел астанасы Киевті қоса алғанда, бірнеше өңірде жүріп жатыр.
27 Ақпан, 2022
Ауғанстан: Мемлекеттік университеттер жұмысын қайта бастады
Ауғанстанның мемлекеттік университеттері «Талибан» билікке келгеннен кейін алты ай өткен соң өз жұмыстарын қайтадан бастады.
27 Ақпан, 2022
Странджа кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы додасында қазақ қызы алтын жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Ақпан, 2022
Тараздағы атыстан кейін екі адам ауруханаға түсті
25 ақпанға қараған түні белгісіз адамдар арасында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Ақпан, 2022
АҚШ Путин мен Лавровқа санкциялар салады
АҚШ Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа және ресейлік қауіпсіздік қызметкерлеріне санкция салады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
26 Ақпан, 2022
Ұлттық банк қаржы нарығындағы ахуалды түсіндірді
Ұлттық банк 2022 жылғы қаңтардағы қаржы нарығындағы ахуал туралы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Ақпан, 2022