Редакция таңдауы
Біз қазіргі уақытта бірлік туралы көп айтумен келеміз. Өйткені кешегі қаңтар оқиғасы кезінде бір Қазақстанды бөлшектемек болған теріс пиғылды күштер бар екеніне көзіміз жетті. Егер де бізде тастай бірлік болса қасіретті қаңтар кезінде аяулы Алматымыз қирамауға тиіс еді. Алматы қазақтың тәуелсіздігі қалыптасқан киелі қала емес пе! Ал осы ғажайып шаһарды есі дұрыс қазақ қалай талқандайды?
29 Сәуір, 2022
Бейбіт күннің бағасы артқан кез
Соңғы айлары Еуразия аймағындағы геосаяси ахуал күрделеніп, тарихы терең елдердің ынтымағына сызат түсті. Украинада соғыс өрті тұтанып, қақтығыс тоқтаған жоқ.
29 Сәуір, 2022
Скандинавия түбегіндегі Жерұйық
БҰҰ-ның әлем елдеріндегі тұрғындардың бақыт деңгейін анықтайтын World Happiness Report деген баяндамасы бар. Аталған құжат шартараптың түкпір-түкпірін мекендеген халықтардың өз елін қаншалықты Жерұйық деп есептейтінін зерделеп отырады. Биылғы зерттеуде тағы да Финляндия бақытты халықтар мекені саналды. Осылайша, Скандинавия түбегіндегі алақандай ел қатарынан бесінші мәрте бірлігі жарасқан, бақыты мен дәулеті тасыған миллет атанды.
29 Сәуір, 2022
Жаңартылған жабдықтар – сенімді энергия кепілі
Энергетиктер үшін қысқы маусым – нағыз сыни кезең. Себебі нақ осы кезде энергия нысандарының экстремалды жағдайда жұмыс істеуге дайындығының сапасы, сондай-ақ персоналдың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жан-жақты тексеріледі. Энергетиктердің өткен күзгі-қысқы кезеңдегі қиындықтарды қалай еңсергені жөнінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақытхан ЖАЗЫҚБАЕВ әңгімелеп берді.
29 Сәуір, 2022
Жаңа Қазақстанды құрудың жаңа белесі
Amanat партиясының құрылтайында ел күткен мәселелер айтылды. Президенттің партия төрағалығынан бас тартып қана қоймай, партия қатарынан шығуы халқымыздың жалпы сайлау жүйесіне деген сенімін нығайта түседі.
29 Сәуір, 2022
Баянды бастамалар бауырлас елде талқыланды
Түркиядағы Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығында (ANKASAM) танымал ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылардың қатысуымен алқалы жиын өтті. Басқосу барысында айтылған әңгіме «30 жылдық ынтымақтастық аясындағы Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы» тақырыбында өрбіді.
29 Сәуір, 2022
Биологиялық қауіпсіздік саласын дамыту қажет
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыста депутаттар еліміздің биологиялық қауіпсіздігі туралы заң жобаларын қабылдады.
29 Сәуір, 2022
Елордада Нұртілеу Иманғалиұлына арналған көрме ашылды
Дүниеде уақыттан асқан жүйрік бар ма?! Кеше ғана экраннан есті дүние іздеп телмірген көрерменнің көзайымы болған белгілі журналист, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының өмірден өткеніне де жыл толыпты. Жылтыр сөз, жеңіл күлкіден ада салмақты ой, салиқалы пікірлерімен елдің жүрегін жаулаған тұлғаның орны уақыт озған сайын ойсырап тұр.
28 Сәуір, 2022
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылады
Қазақстан Үкіметі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Сәуір, 2022
Елордада көпқабатты үйдің терезесіне кран құлады
Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Сәуір, 2022
Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жетекшілері аталды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Сәуір, 2022
Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген автокөлік иелеріне 258 млн теңге төленді
Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртенген және бүлінген автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Сәуір, 2022
Президент Майя Бекбаеваны қызметінен босатты
Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
28 Сәуір, 2022
Ұлттық құрамаға қандай бапкер керек?
Осы аптада Қазақстан футбол федерациясының УЕФА құрамына кіргеніне 20 жыл толды. Тәуелсіздік жылдарынан бергі футболдағы ең ірі жетістігіміз қандай деп сұрасаңыз, көбі УЕФА-ға қосылғанымызды айтатыны белгілі. Бірақ кейінгі екі-үш жылда жанкүйерлер де, футбол мамандары да Азия конфедерациясына қайта оралу керек деген мәселені жиі көтеріп жүр. Қазақстан құрамасы осы жылдар ішінде УЕФА-да ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетпесе де, бапкер ауыстыру жағынан Еуропа құрамаларын шаң қаптырып келеді.
28 Сәуір, 2022
Бұл түрімізбен қалай жаңарамыз, қалай жаңғырамыз?
«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 11 сәуірдегі нөмірінен белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның: «Жүрегім ауырады менің» деген мақаласын оқыдым.
28 Сәуір, 2022
Қазақ халқының дүниетанымында үкі қасиетті құс деп саналған. Үлпілдек жүнін әсемдік үшін ғана кәдеге жаратпай, онда бір қасиет бар деп есептеген. Құстың қауырсынындағы бедер Құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Әттеген-айы сол, соңғы уақытта бұл ырым ұмыт болып, тіпті «Құдайға серік қосу» деп қарсылық білдіргендер қаптап барады. Сонда әулие Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тақиясына тағылған үкінің қасиетсіз болғаны ма?
28 Сәуір, 2022
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», демей ме ұлы Абай. Ендеше, өнегелі ісіңмен, өмірде қалдырған ізіңмен ғұмырың жалғасады екен. Мұны айтып отырған себебім, 1929 жылы өмірден озған Қашаған жыраудың шығармаларын оқып, зерделеп отырып, Маңғыстау халқының жүрегінде орнаған сүйіспеншілік сезімге қайран қалдым. Міне, мәңгілік жасайтын адам осындай болмақ деген ой еріксіз өзіне тартады.
28 Сәуір, 2022
Цифрлы трансформация – дамудың жаңа кезеңі
Шетелдік IT-компаниялардың Қазақстанға релокациясы, отандық ғарыш технологияларын дамыту, «Сбер» компаниялар тобымен арадағы меморандум, мемлекеттік басқаруды платформалық модельге көшіру, сондай-ақ мемлекеттік аппараттағы бюрократия мен экономикадағы монополия. Осы және басқа да мәселелердің түйінін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИН тарқатып айтып берді.
28 Сәуір, 2022
Көңілді алаң етіп, көп күмәнді ойға жетелеген «Каспий құбыр желісі консорциумының» зақым тиген айлақтары қайта іске қосылды. N3 айлақтық құрылғысы танкерлерге мұнай тиеуге дайын.
28 Сәуір, 2022
Ойыншық сапасымен ойнауға болмайды
Бұрын ата-аналар қонақ барса да, қонақ келсе де балаларын бөлек бөлмеге кіргізіп, ым-жымын білдірмей тыныштандыратын. Есігін құлыптамаса да ешбірі сыртқа шығам деп жыламайды, шулаған дауысын да естімейсің. Барған үйдің баласымен бауыр басып, ойынға кірісіп кететін. Қазір балдырғандар сұраса да, жыласа да, тіпті бір жерден құласа да телефон беріп уатады. Ұядан ұялы телефонмен қанаттанған ұрпақты ойыншықпен алдау қиынға соғып тұрғаны жасырын емес. Ойыншық алып бергеннің өзінде сол ойыншықтар қаншалықты сапалы? Оның бағасына ғана емес, сапасына мән беретін ата-аналар бар ма?
28 Сәуір, 2022